О внесении изменения в постановление акимата Енбекшильдерского района от 15 марта 2011 года № А-3/69 "Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2011 года"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Енбекшильдерского района от 15 марта 2011 года № А-3/69 "Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2011 года"
- Атауы (қаз.)
- Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 15 наурыздағы № А-3/69 "2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- А-7/197
- Қабылданған күні
- 26.07.2011
- Көрсетілген редакция
- 30.10.2014 59997_194881.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.10.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11BJ000144
- ЭКБ идентификаторы
- 59997
- Редакция идентификаторы
- 59997_194881
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:53
0 Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 15 наурыздағы № А-3/69 "2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Еңбекшілдер ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің «2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» 2011 жылғы 15 наурыздағы № А-3/69 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-10-137 тіркелген, 2011 жылғы 7 сәуірде аудандық «Жаңа дәуір» - «Сельская новь» газетінде жарияланған)қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмінiң орынбасары Б.Ш.Қалиевқа жүктелсін.
3 3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Ақмола облысы денсаулық
сақтау басқармасы жанындағы
«Еңбекшілдер орталық аудандық
ауруханасы» мемлекеттік
коммуналдық қазыналық
кәсіпорнының бас дәрігері З.Б.Шаубаев
4 Еңбекшілдер ауданы
әкімдігінің 2011 жылғы
26 шілдедегі № А-7/197
қаулысына қосымша
Еңбекшілдер ауданы
әкімдігінің 2011 жылғы
15 наурыздағы № А-3/69
қаулысына 1 қосымша
Аудандық шақыру комиссиясының құрамы
Есімов Бауыржан Неғметұлы
«Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, шақыру комиссиясының төрағасы
Оразалин Әнуар Серікбайұлы
«Еңбекшілдер ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің маманы, шақыру комиссиясы төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері:
Ережепов Азамат Турабайұлы
«Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының ішкі істер департаменті Еңбекшілдер ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша)
Зейнотуллина Нағима Зейнотуллинқызы
«Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы Еңбекшілдер орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жасөспірімдер дәрігері, медициналық комиссияның төрағасы (келісім бойынша)
Гудименко Оксана Геннадьевна
«Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы Еңбекшілдер орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны стоматологиялық кабинетінің медициналық бикесі, шақыру комиссиясының хатшысы (келісім бойынша)