О внесении изменения в решение акима от 15 ноября 2011 года № 5 «Об образовании избирательных участков»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение акима от 15 ноября 2011 года № 5 «Об образовании избирательных участков»
- Атауы (қаз.)
- Әкімнің 2011 жылғы 15 қарашадағы № 5 «Сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 06.03.2020
- Көрсетілген редакция
- 06.03.2020 140173_447623.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.03.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20ND009016
- ЭКБ идентификаторы
- 140173
- Редакция идентификаторы
- 140173_447623
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 15:46
0 Әкімнің 2011 жылғы 15 қарашадағы № 5 «Сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 23-бабына сәйкес, Лисаков қалалық сайлау комиссиясының келісімі бойынша әкім ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Әкімнің «Сайлау учаскелерін құру туралы» 2011 жылғы 15 қарашадағы № 5 шешіміне (2011 жылғы 21 қарашадағы «Лисаковская новь» газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-192 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. «Лисаков қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Лисаков қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау «Лисаков қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Лисаков қаласының аумағындағы сайлау учаскелері
Әкімнің
2020 жылғы 6 наурыздағы
№ 1 шешіміне
қосымша
Әкімнің
2011 жылғы 15 қарашадағы
№ 5 шешіміне
қосымша
Лисаков қаласының аумағындағы сайлау учаскелері
№ 111 сайлау учаскесi
Лисаков қаласының шекараларында: 6-шағын аудан, үйлер: 39, 40, 41, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 50, 51, 52, 7-шағын аудан, үйлер: 4, 7, 8, 9, 12, 17, 48, 11-шағын аудан, үйлер: 17, 18, 19.
Орналасқан жері: Лисаков қаласы, 6-шағын аудан, 56-үй, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Лисаков техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ғимараты.
№ 112 сайлау учаскесi
Лисаков қаласының шекараларында: 6-шағын аудан, үйлер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 10, 11, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 53, 11-шағын аудан, үйлер: 5, 6, 7, 8, 9, 12, 13, 14, 29.
Орналасқан жері: Лисаков қаласы, 6-шағын аудан, 53-үй, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Лисаков техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жатақханасының ғимараты.
№ 113 сайлау учаскесi
Лисаков қаласының шекараларында: 6-шағын аудан, үйлер: 12, 13, 15, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 6а шағын аудан, үйлер: 3, 5, 6, 8.
Орналасқан жері: Лисаков қаласы, 6-шағын аудан, 38-үй, Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің «№ 6 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
№ 114 сайлау учаскесi
Октябрь кентiнiң шекараларында: Абай, Алматы, Буденный, Горький 26-99, Набережный, Степной, Тобольский, Уральский, Целинный көшелерi.
Орналасқан жері: Октябрь кенті, Горький көшесі, 28-үй, «Лисаков қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Россия» мәдениет үйі» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.
№ 115 сайлау учаскесi
Красногор ауылының шекараларында.
Орналасқан жері: Красногор ауылы, Парковый көшесі, 3-үй, Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің «Красногор бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
№ 116 сайлау учаскесi.
Лисаков қаласының шекараларында: 1-шағын аудан, үйлер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 9, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 26, өнеркәсiп аймағы, үйлер: 1, 2, 3.
Орналасқан жері: Лисаков қаласы, 1-шағын аудан, 41-үй, Лисаков қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Лисаков орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
№ 117 сайлау учаскесi
Лисаков қаласының шекараларында: 1-шағын аудан, үйлер: 8, 16а, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 47, 48, 49, 50, 52, 53, 54, 56, 57, 58, 59, 60, 61, 62, 63, 64, 67, 69, 70, 71, 6а шағын аудан, үйлер: 1, 2.
Орналасқан жері: Лисаков қаласы, 1-шағын аудан, 27-үй, Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің «№ 1 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
№ 118 сайлау учаскесi
Лисаков қаласының шекараларында: 2-шағын аудан, үйлер: 14, 15, 17, 18, 21, 22, 26, 27.
Орналасқан жері: Лисаков қаласы, 2-шағын аудан, 28-үй, Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің «Мектеп - гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
№ 119 сайлау учаскесi
Лисаков қаласының шекараларында: 2-шағын аудан, үйлер: 2, 3, 4, 5, 6, 7, 9, 10.
Орналасқан жері: Лисаков қаласы, 2-шағын аудан, 8-үй, Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің «Мектепаралық оқу-өндірістік комбинаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
№ 120 сайлау учаскесi
Лисаков қаласының шекараларында: 3-шағын аудан, үйлер: 15, 16, 17, 18, 19, 20, 4-шағын аудан, үйлер: 9, 12, 13, 24, 34, 37.
Орналасқан жері: Лисаков қаласы, Мир көшесі, 32, «Лисаков қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жанындағы «Қалалық мәдениет және спорт орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.
№ 121 сайлау учаскесi
Лисаков қаласының шекараларында: 3-шағын аудан, үйлер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 21, 22.
Орналасқан жері: Лисаков қаласы, 3-шағын аудан, 23-үй, Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің «№ 3 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
№ 122 сайлау учаскесi
Лисаков қаласының шекараларында: 4-шағын аудан, үйлер: 1, 2, 4, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 30, шағын аудандар: 12, 13, 13а, 14, 15, 23, 24.
Орналасқан жері: Лисаков қаласы, 4-шағын аудан, 23-үй, Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің «№ 4 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
№ 123 сайлау учаскесi
Лисаков қаласының шекараларында: 5-шағын аудан, үйлер: 4, 6, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 28, 28а.
Орналасқан жері: Лисаков қаласы, 5-шағын аудан, 11-үй, Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің «Мектеп - лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
№ 124 сайлау учаскесі
Лисаков қаласының шекараларында: 5-шағын аудан, үйлер: 1, 2, 3, 5, 7, 8, 9, 4-шағын аудан, үйлер: 5, 6, 7, 8.
Орналасқан жері: Лисаков қаласы, 5-шағын аудан, 11-үй, Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің «Мектеп - лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты («Орфей» аула клубы).
№ 125 сайлау учаскесi
Лисаков қаласының шекараларында: 4-шағын аудан, үйлер: 10, 11, 14, 35, 36.
Орналасқан жері: Лисаков қаласы, Мир көшесі, 31-үй, «Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
№ 126 сайлау учаскесi
Лисаков қаласының шекараларында: «Больничный городок» шағын ауданы.
Орналасқан жері: Лисаков қаласы, Больничный көшесі, Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Лисаков қалалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының ғимараты.
№ 127 сайлау учаскесi
Октябрь кентiнiң шекараларында: Горный, Горький 1-25, Жастар, Омаров көшелерi, Майлин, Спортивный, Дудин тұйық көшелері.
Орналасқан жері: Октябрь кенті, Горький көшесі, 10-үй, Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің «Октябрь орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.