Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 15 декабря 2011 года № 636 «Об утверждении Единой методики ввода данных объектов учета в реестр государственного имущества, а также проведения инвентаризации, паспортизации и переоценки государственного имущества»

Бұйрық · № 623 · қабылданған 29.11.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-2011-no-636-ekb-108618/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 15 декабря 2011 года № 636 «Об утверждении Единой методики ввода данных объектов учета в реестр государственного имущества, а также проведения инвентаризации, паспортизации и переоценки государственного имущества» Қолданыста Бұйрық ·№ 623 ·29.11.2016
29.11.2016 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.11.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 15 декабря 2011 года № 636 «Об утверждении Единой методики ввода данных объектов учета в реестр государственного имущества, а также проведения инвентаризации, паспортизации и переоценки государственного имущества»

Қолданыста Бұйрық ·№ 623 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 15 декабря 2011 года № 636 «Об утверждении Единой методики ввода данных объектов учета в реестр государственного имущества, а также проведения инвентаризации, паспортизации и переоценки государственного имущества»
Атауы (қаз.)
«Мемлекеттік мүлік тізіліміне есепке алу объектілері деректерін енгізудің, сондай-ақ мемлекеттік мүлікке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргізудің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 636 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
623
Қабылданған күні
29.11.2016
Көрсетілген редакция
29.11.2016 108618_134318.kaz
Соңғы өзгеріс
29.11.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600014621
ЭКБ идентификаторы
108618
Редакция идентификаторы
108618_134318
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:07

0

«Мемлекеттік мүлік тізіліміне есепке алу объектілері деректерін енгізудің, сондай-ақ мемлекеттік мүлікке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргізудің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы  № 636  бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Мемлекеттік мүлік тізіліміне есепке алу объектілері деректерін енгізудің, сондай-ақ мемлекеттік мүлікке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргізудің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 636 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7375 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2012 жылғы наурыз, № 3, 443-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлік тізіліміне есепке алу объектілері деректерін енгізудің, сондай-ақ мемлекеттік мүлікке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргізудің бірыңғай әдістемесінде:
5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) электрондық есеп Интернет желісінде www.gosreestr.kz мекенжайы бойынша Тізілімнің веб-порталында орналасқан бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы жасалады. Бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс істеу нәтижесінде оған ұлттық куәландыру орталығы берген мемлекеттік заңды тұлғаның электрондық сандық қолтаңбасы қойылатын осы Әдістеменің 1, 2, 3 және 4-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша мүлікке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргізу нәтижелері жөніндегі ақпараты және № 325 бұйрығымен бекітілген Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларының 1-6 қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша мемлекеттік мекемелердің жылдық қаржылық есептілігі бар файлдар қалыптастырылады;»;
1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
3-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (Э.К. Өтепов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күннің ішінде оны мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген күннен бастап он күнтізбелік күннің ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

4 4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика Министрлігі
Статистика комитетінің төрағасы
__________Н. Айдапкелов
2016 жылғы «___»_________

1 «31.12.20 ___ ж. жағдай бойынша мүлікті түгендеу, паспорттау және қайта бағалау нәтижелері бойынша жиынтық ақпарат»

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2016 жылғы «29» қарашадағы
№ 636 бұйрығына 1-қосымша
Мемлекеттiк мүлiк
тiзiлiмiне есепке алу
объектiлерi деректерiн енгiзудің,
сондай-ақ мемлекеттiк мүлiкке түгендеу,
паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің
бірыңғай әдістемесіне 1-қосымша
«31.12.20 ___ ж. жағдай бойынша мүлікті түгендеу, паспорттау
және қайта бағалау нәтижелері бойынша жиынтық ақпарат»
Есепті кезең _____ 20___ ж.
Индекс: 1-ЖА
Кезеңділігі: жыл сайын
Тапсырады: мемлекеттік заңды тұлғалар
Алушы: мемлекеттік мүлік тізілімі
Тапсыру мерзімі: жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей
Нысан
Ұйымның атауы: _______________________________________________
Ұйымның БСН: _________________________________________________
Ұйымның заңды мекенжайы: _____________________________________
мың. теңге
Мү­лік тү­рі
Са­ны
Ал­ғаш­қы құн
Жи­нақ­тал­ған амор­ти­за­ция
Құн­сызда­ну­дан шы­ғын­дар
Тең­ге­рім құ­ны (3-ба­ған - 4-ба­ған - 5-ба­ған)
Қай­та ба­ға­лау со­ма­сы (+/-)
Қай­та ба­ға­ла­удан кей­ін­гі тең­ге­рім құ­ны (6-ба­ған + 7-ба­ған)
Тех­ни­ка­лық пас­порт­та­ры бар объ­ек­ті­лер са­ны
Есеп­ті жыл­да пас­порт­тау жүр­гі­зі­л­ген объ­ек­ті­лер са­ны
Пас­порт­тау жүр­гі­зі­луі қа­жет объ­ек­ті­лер са­ны
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
1. Ғи­ма­рат­тар, жер­лер**
Тұр­ғын емес ғи­ма­рат­тар
Тұр­ғын ғи­ма­рат­тар
Жер
x
2. Құ­ры­лы­стар** (су тарт­қы­штар, ста­ди­он­дар, бас­сейн­дер, жол­дар, кө­пір­лер, ес­керт­кіш­тер, са­ябақ­тар, сквер­лер, қо­ғам­дық бақ­тар қор­ша­у­ла­ры, бұр­ғы сква­жи­на­ла­ры, штоль­ня­лар және бас­қа­лар)
3. Бе­ру қон­дыр­ғы­ла­ры
Электр бе­ру және бай­ла­ныс қон­дыр­ғы­ла­ры
Транс­мис­си­я­лар және құ­быр өт­кіз­гіш­те­рі
4. Кө­лік құ­рал­да­ры
Те­мір­жол кө­лі­гі­нің жы­л­жы­ма­лы құ­ра­мы
Су кө­лі­гі
Ав­то­мо­биль кө­лі­гі
Әуе кө­лі­гі
Ат кө­лі­гі
Өн­ді­рі­стік кө­лік
Спорт­тық кө­лік
5. Ма­ши­на­лар және жаб­дық
Күш ма­ши­на­ла­ры және жаб­дық
Жұ­мыс ма­ши­на­ла­ры және жаб­дық
Өл­шеу ас­пап­та­ры
Рет­те­у­ші ас­пап­тар және қон­дыр­ғы­лар
Ла­бо­ра­то­ри­я­лық жаб­дық
Ком­пью­тер­лік жаб­дық
Ме­ди­ци­на­лық жаб­дық
Кең­се жабды­ғы
Өзге де ма­ши­на­лар және жаб­дық
6. Құ­рал­дар, өн­ді­рі­стік және ша­ру­а­шы­лық мүк­әм­мал*
Құ­рал­дар
Өн­ді­рі­стік мүк­әм­мал және ке­рек-жа­рақ­тар
Ша­ру­а­шы­лық мүк­әм­мал
Өзге де өн­ді­рі­стік және ша­ру­а­шы­лық мүк­әм­мал
7. Өзге де негіз­гі құ­рал­дар
Кө­гал­дан­ды­ра­тын, сән­дік отыр­ғы­зу­лар және бас­қа да жа­сан­ды көп жыл­дық отыр­ғы­зу­лар
Жер­лер­ді жақ­сар­ту бой­ын­ша күр­де­лі шы­ғын­дар
Өзге де мүк­әм­мал
Жұ­мыс орын­дай­тын мал
Өзге де негіз­гі құ­рал­дар
8. Ин­ве­сти­ци­я­лық жы­л­жы­май­тын мү­лік**
Тұр­ғын емес ғи­ма­рат­тар
Тұр­ғын ғи­ма­рат­тар
Жер
x
9. Био­ло­ги­я­лық ак­тив­тер
Жа­ну­ар­лар
Көп жыл­дық отыр­ғы­зу­лар
10. Ма­те­ри­ал­дық емес ак­тив­тер
Бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету
Ав­тор­лық құқық­тар
Ли­цен­зи­я­лық ке­лі­сім
Па­тент­тер
Өзге де ма­те­ри­ал­дық емес ак­тив­тер
11. Са­ту­ға ар­нал­ған ұзақ мер­зім­ді ак­тив­тер
Ескертпе: * осы тармақты мемлекеттік кәсіпорындардың толтыруы міндетті емес
** жүргізілген паспорттау бойынша ақпаратты көрсете отырып
x бұл жайғасым толтыруға жатпайды
Бірінші басшы ____________________________ __________________
(тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
Бас бухгалтер ____________________________ __________________
(тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
Мөр орны
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтырубойынша түсіндірме
«31.12.20 ___ ж. жағдай бойынша мүлікті түгендеу, паспорттаужәне қайта бағалау нәтижелері бойынша жиынтық ақпарат»

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы түсіндірме 31.12.20 ___ жылғы жағдай бойынша мүлікті түгендеу, паспорттау және қайта бағалау нәтижелері бойынша жиынтық ақпараттың нысанын (бұдан әрі - Нысан) толтыру бойынша біріңғай талаптарды анықтайды.

2 2. Нысанға мемлекеттік заңды тұлғаның бірінші басшысы, ал оның жоқ болған жағдайында оның қызметін атқаратын тұлға қол қояды.

2 2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

3 3. Нысанның 1-бағанында мүлік түрі көрсетілген.

4 4. Нысанның 2-бағанында мүліктің саны көрсетіледі.

5 5. Нысанның 3-бағанында мүліктің алғашқы құны, теңгерімге қойған кездегі алғашқы қабылданғаны көрсетіледі.

6 6. Нысанның 4-бағанында қолдану кезеңінде жинақталған мүліктің тозуы көрсетіледі.

7 7. Нысанның 5-бағанында мүліктің баланстық құны оның қайтару құнынан артық болған құны көрсетіледі.

8 8. Нысанның 6-бағанында жинақталған амортизация мен құнсызданудың шығындарын алғаннан кейін мүлік есепке алынатын құны көрсетіледі. (3-баған – 4-баған – 5-баған).

9 9. Нысанның 7-бағанында қайта бағалау сомасы көрсетіледі.

10 10. Нысанның 8-бағанында қайта бағалаудан кейінгі теңгерімдік құны көрсетіледі (6-баған + 7-баған).

11 11. Нысанның 9-бағанында техникалық паспорттары бар объектілер саны көрсетіледі.

12 12. Нысанның 10-бағанында есепті жылда паспорттау жүргізілген объектілер саны көрсетіледі.

13 13. Нысанның 11-бағанында паспорттау жүргізілуі қажет объектілер саны көрсетіледі.

2 «Мемлекеттік заңды тұлғалардың үй-жай алаңдарына қажеттігі туралы ақпарат»

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2016 жылғы «29» қарашадағы
№ 636 бұйрығына 2-қосымша
Мемлекеттiк мүлiк
тiзiлiмiне есепке алу
объектiлерi деректерiн енгiзудің,
сондай-ақ мемлекеттiк мүлiкке түгендеу,
паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің
бірыңғай әдістемесіне 2-қосымша
«Мемлекеттік заңды тұлғалардың үй-жай алаңдарына қажеттігі туралы ақпарат»
Есепті кезең _____ 20___ ж.
Индекс: 1- АҚ
Кезеңділігі: жыл сайын
Тапсырады: мемлекеттік заңды тұлғалар
Алушы: мемлекеттік мүлік тізілімі
Тапсыру мерзімі: жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей
Нысан
Р/с №
Үй-жай­дың ата­уы
Мем­ле­кет­тік заң­ды тұ­лға­лар қыз­мет­ші­ле­рі­нің са­ны
Бе­кі­ті­л­ген нор­ма­тив­тер­ге сәй­кес үй-жай­дың ала­ңы, ш.м.
Үй-жай­дың нақ­ты алып отыр­ған ала­ңы, ш.м.
Мем­ле­кет­тік заң­ды тұл­ға­ны бе­кі­ті­л­ген нор­ма­тив­ке сәй­кес ор­на­ла­сты­ру­ға ар­нал­ған қа­жет­ті алаң, ш.м.
1
2
3
4
5
6
Бірінші басшы ______________________________ __________________
(тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
Бас бухгалтер ____________________________ __________________
(тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
Мөр орны
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандытолтыру бойынша түсіндірме
«Мемлекеттік заңды тұлғалардың үй-жай алаңдарына қажеттігі туралы ақпарат»

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы түсіндірме «Мемлекеттік заңды тұлғалардың үй-жай алаңдарына қажеттігі туралы ақпарат» нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды анықтайды.

2 2. Нысанға мемлекеттік заңды тұлғаның бірінші басшысы, ал ол жоқ болған жағдайда оның қызметін атқаратын тұлға қол қояды.

2 2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

3 3. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.

4 4. Нысанның 2-бағанында үй-жайдың атауы көрсетіледі, атап айтқанда мемлекеттік заңды тұлғалары орналасқан әрбір жеке үй-жай толтырылады.

5 5. Нысанның 3-бағанында мемлекеттік заңды тұлғалардың қызметшілері саны, атап айтқанда осы үй-жайға орналасқан мемлекеттік заңды тұлғалардың саны көрсетіледі.

6 6. Нысанның 4-бағанында бекітілген нормативтеріне сәйкес үй-жайдың алаңы көрсетіледі.

7 7. Нысанның 5-бағанында мемлекеттік заңды тұлғаның нақты алып отырған алаңы көрсетіледі.

8 8. Нысанның 6-бағанында бекітілген нормативтерге сәйкес орналастыруға арналған мемлекеттік заңды тұлғаларға қажетті алаң көрсетіледі (6-баған, егер 5-бағанда көрсетілген мән 4-бағанында көрсетілген мәннен аз болса толтырылады).

3 «Мемлекеттік заңды тұлғалар орналасып отырған ғимараттардың немесе үй-жайлардың» алаңдары

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2016 жылғы «29» қарашадағы
№ 636 бұйрығына
3-қосымша
Мемлекеттік мүлік
тізіліміне есепке алу
объектілері деректерін енгізудің,
сондай-ақ мемлекеттік мүлікке түгендеу,
паспорттау және қайта бағалау жүргізудің
бірыңғай әдістемесіне 3-қосымша
«Мемлекеттік заңды тұлғалар орналасып отырған ғимараттардың немесе үй-жайлардың» алаңдары
Есепті кезең _____ 20___ ж.
Индекс: 1- АА
Кезеңділігі: жыл сайын
Тапсырады: мемлекеттік заңды тұлғалар
Алушы: мемлекеттік мүлік тізілімі
Тапсыру мерзімі: жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей
Нысан
Р/с №
Ғи­ма­рат­тың неме­се үй-жай­дың ата­уы
Ғи­ма­рат­тың неме­се үй-жай­дың ор­на­лас­қан же­рі
Ғи­ма­рат­тың ка­дастр­лік нө­ме­рі
Ғи­ма­рат неме­се үй-жай ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (же­ке тұр­ған ғи­ма­рат, ғи­ма­рат­тың неме­се ғи­ма­рат­та­ғы үй-жай­дың бө­лі­гі және т.б.)
Мем­ле­кет­тік заң­ды тұ­лға­лар­ды ор­на­ла­сты­ру ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
Мем­ле­кет­тік заң­ды тұ­лға­лар­дың алып отыр­ған ғи­ма­рат­тың неме­се үй-жай­дың ала­ңы, ш.м.
Жал­ға алын­ған алаң­ның 1 ш.м. үшін құ­ны, тең­ге*
Ғи­ма­рат­ты неме­се үй-жай­ды жал­ға алу бой­ын­ша бір ай­дың шы­ғы­ны, тең­ге*
Ғи­ма­рат­ты неме­се үй-жай­ды жал­ға алу бой­ын­ша есеп­тік жыл­дың шы­ғы­ны, тең­ге*
Ғи­ма­рат неме­се үй-жай же­дел жүр­гі­зу неме­се ша­ру­а­шы­лық бас­қа­ру құқы­ғын­да бе­кі­ті­л­ген
Бас­қа мем­ле­кет­тік заң­ды тұ­лға­лар­дың үй-жай­ла­рын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған
Мем­ле­кет­тік емес заң­ды және/неме­се же­ке тұ­лға­лар­дан жал­ға алын­ған
Жал­пы ала­ңы
Пай­да­лы ала­ңы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
Ескертпе : * 11-13-бағандарды жалға алынатын үй-жайы бар болған жағдайда мемлекеттік
мекемелер ғана толтырады
Бірінші басшы ______________________________ __________________
(тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
Бас бухгалтер ____________________________ __________________
(тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
Мөр орны
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандытолтыру бойынша түсіндірме
«Мемлекеттік заңды тұлғалар орналасып отырған ғимараттардың немесе үй-жайлардың алаңдары бойынша ақпарат»

1 1. Жалпы ережелер

1. Осы түсіндірме «Мемлекеттік заңды тұлғалар орналасып отырған ғимараттардың немесе үй-жайлардың алаңдары бойынша ақпарат» нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды анықтайды.
2. Нысанға мемлекеттік заңды тұлғаның бірінші басшысы, ал ол жоқ болған жағдайда оның қызметін атқаратын тұлға қол қояды.

2 2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

3 3. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.

4 4. Нысанның 2-бағанында ғимараттың немесе үй-жайдың атауы көрсетіледі.

5 5. Нысанның 3-бағанында ғимараттың немесе үй-жайдың орналасқан жері (мекенжайы) көрсетіледі.

6 6. Нысанның 4-бағанында ғимараттың немесе үй-жайдың кадастрлық нөмірі көрсетіледі.

7 7. Нысанның 5-бағанында ғимарат немесе үй-жай туралы мәліметтер (жеке тұрған ғимарат, ғимараттың немесе ғимараттағы үй-жайдың бөлігі және т.б.) көрсетіледі.

8 8. Нысанның 6, 7, 8 - бағандарында мемлекеттік заңды тұлғаның орналастырылуы туралы мәліметтер көрсетіледі.

9 9. Нысанның 9, 10 - бағандарында мемлекеттік заңды тұлға алып отырған ғимараттың немесе үй-жайдың жалпы және пайдалы алаңы көрсетіледі.

10 10. Нысанның 11-бағанында жалға алынған алаңның 1 шаршы метрі үшін құны көрсетіледі.

11 11. 12-бағанда ғимаратты немесе үй-жайды жалға алу бойынша бір айдың шығыны, теңгеде көрсетіледі.

12 12. 13-бағанда ғимаратты немесе үй-жайды жалға алу бойынша есептік жылдың шығыны, теңгеде көрсетіледі.

4 «Мемлекеттік заңды тұлғаларды автомобильдермен жабдықтау бойынша ақпарат»

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2016 жылғы «29» қарашадағы
№ 636 бұйрығына 4 – қосымша
Мемлекеттік мүлік
тізіліміне есепке алу
объектілері деректерін
енгізудің, сондай-ақ мемлекеттік
мүлікке түгендеу, паспорттау және қайта
бағалау жүргізудің бірыңғай әдістемесіне
4-қосымша
«Мемлекеттік заңды тұлғаларды автомобильдермен жабдықтау бойынша ақпарат»
Есепті кезең _____ 20___ ж.
Индекс: 1- АЖ
Кезеңділігі: жыл сайын
Тапсырады: мемлекеттік заңды тұлғалар
Алушы: мемлекеттік мүлік тізілімі
Тапсыру мерзімі: жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей
Нысан
р/с№
Мем­ле­кет­тік заң­ды тұл­ға­ның ата­уы
Қыз­мет­тік неме­се ке­зек­ші
(оның ішін­де ав­то­бу­стар)
Мар­ка, мо­дель, мо­ди­фи­ка­ция
Мем­ле­кет­тік нө­мір
Қоз­ғалт­қы­штың кө­ле­мі, тек­ше см
1
2
3
4
5
6
Кестенің жалғасы
Ав­то­мо­биль­дің жаб­дық­та­ры ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
Ав­то­мо­бил­ді жал­ға алу бой­ын­ша бір ай­дың шы­ғы­ны, тең­ге
Ав­то­мо­бил­ді жал­ға алу бой­ын­ша есеп­тік жыл­дың шы­ғы­ны, тең­ге
Же­дел неме­се ша­ру­а­шы­лық бас­қа­ру құқы­ғын­да бе­кі­ті­ліп бе­рі­л­ген ав­то­мо­биль
Бас­қа мем­ле­кет­тік заң­ды тұ­лға­лар­дың пай­да­ла­нуы­на бе­рі­л­ген
Мем­ле­кет­тік емес заң­ды тұ­лға­лар­дан және (неме­се) же­ке тұ­лға­лар­дан жал­ға алын­ған
7
8
9
10
11
Бірінші басшы ______________________________ __________________
(тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
Бас бухгалтер ____________________________ __________________
(тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
Мөр орны
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандытолтыру бойынша түсіндірме
«Мемлекеттік заңды тұлғаларды автомобильдермен жабдықтау бойынша ақпарат»

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы түсіндірме «Мемлекеттік заңды тұлғаларды автомобильдермен жабдықтау бойынша ақпарат» нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды анықтайды.

2 2. Нысанға мемлекеттік заңды тұлғаның бірінші басшысы, ал ол жоқ болған жағдайда оның қызметін атқаратын тұлға қол қояды.

2 2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

3 3. Нысанның 1 - бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.

4 4. Нысанның 2 - бағанында мемлекеттік заңды тұлғаның атауы көрсетіледі.

5 5. Нысанның 3 - бағанында қызметтік немесе кезекші автомобиль (оның ішінде автобустар) көрсетіледі.

6 6. Нысанның 4 - бағанында автомобильдің маркасы, моделі, модификациясы көрсетіледі.

7 7. Нысанның 5 - бағанында автомобильдің мемлекеттік нөмірі көрсетіледі.

8 8. Нысанның 6-бағанында автомобиль қозғалтқышының көлемі текше см көрсетіледі.

9 9. Нысанның 7, 8, 9 - бағандарында автомобильдің жабдықтары туралы мәліметтер көрсетіледі.

10 10. 10 - бағанда автомобильді жалға алу бойынша бір айдың шығыны, теңгеде көрсетіледі.

11 11. 11 - бағанда автомобильді жалға алу бойынша есептік жылдың шығыны, теңгеде көрсетіледі.

Қолданыстағы