Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 15 декабря 2011 года № 636 «Об утверждении Единой методики ввода данных объектов учета в реестр государственного имущества, а также проведения инвентаризации, паспортизации и переоценки государственного имущества»

Бұйрық · № 277 · қабылданған 31.03.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-2011-no-636-ekb-154016/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 15 декабря 2011 года № 636 «Об утверждении Единой методики ввода данных объектов учета в реестр государственного имущества, а также проведения инвентаризации, паспортизации и переоценки государственного имущества» Қолданыста Бұйрық ·№ 277 ·31.03.2021
31.03.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 15 декабря 2011 года № 636 «Об утверждении Единой методики ввода данных объектов учета в реестр государственного имущества, а также проведения инвентаризации, паспортизации и переоценки государственного имущества»

Қолданыста Бұйрық ·№ 277 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 15 декабря 2011 года № 636 «Об утверждении Единой методики ввода данных объектов учета в реестр государственного имущества, а также проведения инвентаризации, паспортизации и переоценки государственного имущества»
Атауы (қаз.)
Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке алу объектiлерi деректерiн енгiзудің, сондай-ақ мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 636 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
277
Қабылданған күні
31.03.2021
Көрсетілген редакция
31.03.2021 154016_517915.kaz
Соңғы өзгеріс
31.03.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100022450
ЭКБ идентификаторы
154016
Редакция идентификаторы
154016_517915
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 08:53

0 Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке алу объектiлерi деректерiн енгiзудің, сондай-ақ мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 636 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке алу объектiлерi деректерiн енгiзудің, сондай-ақ мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 636 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7375 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде 2012 ж., № 3, 443 бетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлік тізіліміне есепке алу объектілері деректерін енгізудің, сондай-ақ мемлекеттік мүлікке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргізудің бірыңғай әдістемесінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Әдістеме пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) жылжымайтын мүлік – жер учаскелері, ғимараттар, құрылыстар және жермен тығыз байланысты өзге де мүлiк, яғни мақсатына шамадан тыс зиян келтiрiлмей көшiрiлуi мүмкiн болмайтын объектiлер;
2) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі – Бірыңғай оператор) - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен айқындалған, өзiне мемлекеттiк мүлiктi ұйымдастыру мен есепке алу саласында бiрыңғай техникалық саясатты iске асыру бойынша мiндеттер жүктелген заңды тұлға;
3) мүлік – сатуға арналған өзіне негізгі құралдарды, инвестициялық жылжымайтын мүлікті, биологиялық активтерді, материалдық емес активтерді, аяқталмаған құрылысты және ұзақ мерзімді активтерді қамтитын ұзақ мерзімді активтер;
4) паспорттау – жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық тексеруді өткізу және оған техникалық паспорт жасау;
5) сәйкестендіргіш – электрондық есептің бірегей нөмірі.»;
4 және 5 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік мекемелердің мүлікті түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жөнінде ақпараты және жылдық қаржылық есептілігі электрондық форматта (бұдан әрі – электрондық есеп) ұсынылады. Электрондық есеп Тізілімнің веб-порталында орналасқан «Есептілікті тапсырудың бірыңғай жүйесі» электрондық сервисті (бұдан әрі – Сервис) қолдану арқылы тапсыруға қалыптастырылады.
5. Мемлекеттік заңды тұлғалар Тізілімге электрондық есепті мынадай тәртіпте ұсынады:
1) электрондық есеп Сервис арқылы жасалады. Сервиспен жұмыс істеу нәтижесінде оған ұлттық куәландыру орталығы берген мемлекеттік заңды тұлғаның электрондық сандық қолтаңбасы қойылатын осы Әдістеменің 1, 2, 3 және 4-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша мүлікке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргізу нәтижелері жөніндегі ақпараты және 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрықпен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15594 болып тіркелген, «Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі» АЖ-де электрондық түрде 2017 жылы 8 қыркүйекте жарияланған) бекітілген Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларының 1, 2, 3, 4, 5 және 6 қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша мемлекеттік мекемелердің жылдық қаржылық есептілігі бар файлдар қалыптастырылады ;
2) сәйкестендіргіші бар электрондық есепті түгендеуді, паспорттауды және қайта бағалауды өткізу туралы мемлекеттік заңды тұлғаның сканирленген шешімін бекітіп, Сервисте бар функционалды пайдалана отырып, Тізілімнің құрылымына есепті жөнелту және енгізу үшін жібереді.»;
1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

0 Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан «20 ___ жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша мүлікті түгендеу, паспорттау және қайта бағалау нәтижелері бойынша жиынтық ақпарат» Есепті кезең _____ 20___ жыл

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 31 наурыздағы
№ 277 Бұйрыққа
қосымша
Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне
есепке алу объектiлерi
деректерiн енгiзудің, сондай-ақ
мемлекеттiк мүлiкке түгендеу,
паспорттау және қайта бағалау
жүргiзудің бірыңғай әдістемесіне
1-қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
«20 ___ жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша мүлікті түгендеу, паспорттау және қайта бағалау нәтижелері бойынша жиынтық ақпарат»
Есепті кезең _____ 20___ жыл
Индекс: 1-ЖА
Кезеңділігі: жыл сайын
Тапсырады: мемлекеттік заңды тұлғалар
Алушы: мемлекеттік мүлік тізілімі
Тапсыру мерзімі: жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей
Нысан
Ұйымның атауы: _______________________________________________
Ұйымның БСН: _________________________________________________
Ұйымның заңды мекенжайы: _____________________________________
мың. теңге
Мү­лік тү­рі
Са­ны
Ал­ғаш­қы құн
Жи­нақ­тал­ған амор­ти­за­ция
Құн­сызда­ну­дан шы­ғын­дар
Тең­ге­рім құ­ны (3-ба­ған - 4-ба­ған - 5-ба­ған)
Қай­та ба­ға­лау со­ма­сы (+/-)
Қай­та ба­ға­ла­удан кей­ін­гі тең­ге­рім құ­ны (6-ба­ған + 7-ба­ған)
Тех­ни­ка­лық пас­порт­та­ры бар объ­ек­ті­лер са­ны
Есеп­ті жыл­да пас­порт­тау жүр­гі­зі­л­ген объ­ек­ті­лер са­ны
Пас­порт­тау жүр­гі­зі­луі қа­жет объ­ек­ті­лер са­ны
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
1. Ғи­ма­рат­тар, жер­лер**
Тұр­ғын емес ғи­ма­рат­тар
Тұр­ғын ғи­ма­рат­тар
Жер
x
***
2. Құ­ры­лы­стар** (су тарт­қы­штар, ста­ди­он­дар, бас­сейн­дер, жол­дар, кө­пір­лер, ес­керт­кіш­тер, са­ябақ­тар, сквер­лер, қо­ғам­дық бақ­тар қор­ша­у­ла­ры, бұр­ғы сква­жи­на­ла­ры, штоль­ня­лар)
3. Бе­ру қон­дыр­ғы­ла­ры
Электр бе­ру және бай­ла­ныс қон­дыр­ғы­ла­ры
Транс­мис­си­я­лар және құ­быр өт­кіз­гіш­те­рі
4. Кө­лік құ­рал­да­ры
Те­мір­жол кө­лі­гі­нің жы­л­жы­ма­лы құ­ра­мы
Су кө­лі­гі
Ав­то­мо­биль кө­лі­гі
Әуе кө­лі­гі
Ат кө­лі­гі
Өн­ді­рі­стік кө­лік
Спорт­тық кө­лік
5. Ма­ши­на­лар және жаб­дық
Күш ма­ши­на­ла­ры және жаб­дық
Жұ­мыс ма­ши­на­ла­ры және жаб­дық
Өл­шеу ас­пап­та­ры
Рет­те­у­ші ас­пап­тар және қон­дыр­ғы­лар
Ла­бо­ра­то­ри­я­лық жаб­дық
Ком­пью­тер­лік жаб­дық
Ме­ди­ци­на­лық жаб­дық
Кең­се жабды­ғы
Өзге де ма­ши­на­лар және жаб­дық
6. Құ­рал­дар, өн­ді­рі­стік және ша­ру­а­шы­лық мүк­әм­мал*
Құ­рал­дар
Өн­ді­рі­стік мүк­әм­мал және ке­рек-жа­рақ­тар
Ша­ру­а­шы­лық мүк­әм­мал
Өзге де өн­ді­рі­стік және ша­ру­а­шы­лық мүк­әм­мал
7. Өзге де негіз­гі құ­рал­дар
Кө­гал­дан­ды­ра­тын, сән­дік отыр­ғы­зу­лар жа­сан­ды көп жыл­дық отыр­ғы­зу­лар
Жер­лер­ді жақ­сар­ту бой­ын­ша күр­де­лі шы­ғын­дар
Өзге де мүк­әм­мал
Жұ­мыс ма­лы
Өзге де негіз­гі құ­рал­дар
8. Ин­ве­сти­ци­я­лық жы­л­жы­май­тын мү­лік**
Тұр­ғын емес ғи­ма­рат­тар
Тұр­ғын ғи­ма­рат­тар
Жер
x
9. Био­ло­ги­я­лық ак­тив­тер
Жа­ну­ар­лар
Көп жыл­дық отыр­ғы­зу­лар
10. Ма­те­ри­ал­дық емес ак­тив­тер
Бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету
Ав­тор­лық құқық­тар
Ли­цен­зи­я­лық ке­лі­сім
Па­тент­тер
Өзге де ма­те­ри­ал­дық емес ак­тив­тер
11. Са­ту­ға ар­нал­ған ұзақ мер­зім­ді ак­тив­тер
Ескертпе: * осы тармақты мемлекеттік кәсіпорындардың толтыруы міндетті емес
** жүргізілген паспорттау бойынша ақпаратты көрсете отырып
*** «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – ААҮ) анықтаған немесе мемлекеттік мүлік тізілімінде ААҮ белгіленген тәртіппен автоматты түрде есептелген жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны көрсетіледі.
x бұл жайғасым толтыруға жатпайды
Бірінші басшы ____________________________ __________________
(тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
Бас бухгалтер ____________________________ __________________
(тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
Мөр орны
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме «20 ___ жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша мүлікті түгендеу, паспорттау және қайта бағалау нәтижелері бойынша жиынтық ақпарат»

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы түсіндірме 20 ___ жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша мүлікті түгендеу, паспорттау және қайта бағалау нәтижелері бойынша жиынтық ақпараттың нысанын (бұдан әрі - Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды анықтайды.

2 2. Нысанға мемлекеттік заңды тұлғаның бірінші басшысы, ал оның жоқ болған жағдайында оның қызметін атқаратын тұлға қол қояды.

2 2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

3 3. Нысанның 1-бағанында мүлік түрі көрсетілген.

4 4. Нысанның 2-бағанында мүліктің саны көрсетіледі.

5 5. Нысанның 3-бағанында мүліктің алғашқы құны, теңгерімге қойған кездегі алғашқы қабылданғаны көрсетіледі.

6 6. Нысанның 4-бағанында қолдану кезеңінде жинақталған мүліктің тозуы көрсетіледі.

7 7. Нысанның 5-бағанында мүліктің баланстық құны оның қайтару құнынан артық болған құны көрсетіледі.

8 8. Нысанның 6-бағанында жинақталған амортизация мен құнсызданудың шығындарын алғаннан кейін мүлік есепке алынатын құны көрсетіледі. (3-баған – 4-баған – 5-баған).

9 9. Нысанның 7-бағанында қайта бағалау сомасы көрсетіледі.

10 10. Нысанның 8-бағанында қайта бағалаудан кейінгі теңгерімдік құны көрсетіледі (6-баған + 7-баған).

11 11. Нысанның 9-бағанында техникалық паспорттары бар объектілер саны көрсетіледі.

12 12. Нысанның 10-бағанында есепті жылда паспорттау жүргізілген объектілер саны көрсетіледі.

13 13. Нысанның 11-бағанында паспорттау жүргізілуі қажет объектілер саны көрсетіледі.

Қолданыстағы