Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 15 декабря 2011 года № 636 "Об утверждении Единой методики и формата ввода данных объектов учета в реестр государственного имущества, а также проведение инвентаризации, паспортизации и переоценки государственного имущества в единые сроки"

Бұйрық · № 9 · қабылданған 14.01.2014
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-2011-no-636-ekb-77512/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 15 декабря 2011 года № 636 "Об утверждении Единой методики и формата ввода данных объектов учета в реестр государственного имущества, а также проведение инвентаризации, паспортизации и переоценки государственного имущества в единые сроки" Қолданыста Бұйрық ·№ 9 ·14.01.2014
14.01.2014 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.01.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 15 декабря 2011 года № 636 "Об утверждении Единой методики и формата ввода данных объектов учета в реестр государственного имущества, а также проведение инвентаризации, паспортизации и переоценки государственного имущества в единые сроки"

Қолданыста Бұйрық ·№ 9 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 15 декабря 2011 года № 636 "Об утверждении Единой методики и формата ввода данных объектов учета в реестр государственного имущества, а также проведение инвентаризации, паспортизации и переоценки государственного имущества в единые сроки"
Атауы (қаз.)
"Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке алу объектiлерi деректерiн енгiзу пішімін, сондай-ақ бірдей мерзімдерде мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 636 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
9
Қабылданған күні
14.01.2014
Көрсетілген редакция
14.01.2014 AI77512_0.kaz
Соңғы өзгеріс
14.01.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1400009140
ЭКБ идентификаторы
77512
Редакция идентификаторы
AI77512_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:08

0

"Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке алу объектiлерi деректерiн енгiзу пішімін, сондай-ақ бірдей мерзімдерде мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 636 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке алу объектiлерi деректерiн енгiзу пішімін, сондай-ақ бірдей мерзімдерде мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 636 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 12 қаңтарда № 7375 тіркелді, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілердің бюллетенінде 2012 ж., № 3 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 200-бабының 6-тармағын және Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы «Мемлекеттік статистика туралы» Заңның 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасын іске асыру үшін БҰЙЫРАМЫН:»;
Жоғары көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке алу объектiлерi деректерiн енгiзу пішімі, сондай-ақ бірдей мерзімдерде мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесінде:
11-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6443 болып тіркелді) бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесіне және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 444 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6505 болып тіркелді) бекітілген Есеп саясатына сәйкес қайта бағалау моделін немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес жүргізілетін активтерді бағалау жағдайында мүлікті қайта бағалауды жүргізеді.»;
қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Республикалық мемлекеттік мүлікті басқару және оңалту мен банкроттық әдіснамасы департаменті (Д.О. Темірбеков) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіпте ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігінің
төрағасы
__________ Ә. Смайылов
2014 ж. 10 қаңтар

0 Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2014 жылғы «14» қаңтардағы
№ 9 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2011 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 636 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке
алу объектiлерi деректерiн енгiзу
пішіміне, сондай-ақ бірдей
мерзімдерде мемлекеттiк мүлiкке
түгендеу, паспорттау және қайта
бағалау жүргiзудің бірыңғай
әдістемесіне қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
31.12.20 ___ ж. жағдай бойынша мүлікті түгендеу, паспорттау және қайта бағалау нәтижелері бойынша жиынтық ақпарат Есепті кезең _____ 20___ ж.
Индекс: 1-ЖА
Кезеңділігі: жыл сайын
Тапсырады: мемлекеттік заңды тұлғалар
Алушы: мемлекеттік мүлік тізілімі
Тапсыру мерзімі: жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей
нысан
Ұйымның атауы: _______________________________________________
Ұйымның БСН: _________________________________________________
Ұйымның заңды мекенжайы: _____________________________________
31.12.20 ___ ж. жағдай бойынша мүлікті түгендеу, паспорттау және қайта бағалау нәтижелері бойынша жиынтық ақпарат
мың теңге
Мү­лік тү­рі
Са­ны
Ал­ғаш­қы құн
Жи­нақ­тал­ған амор­ти­за­ция
Құн­сызда­ну­дан шы­ғын­дар
Тең­ге­рім құ­ны (3-ба­ған - 4-ба­ған - 5-ба­ған)
Қай­та ба­ға­лау со­ма­сы (+/-)
Қай­та ба­ға­ла­удан кей­ін­гі тең­ге­рім құ­ны (6-ба­ған + 7-ба­ған)
Тех­ни­ка­лық пас­порт­та­ры бар объ­ек­ті­лер са­ны
Есеп­ті жыл­да пас­порт­тау жүр­гі­зі­л­ген объ­ек­ті­лер са­ны
Пас­порт­тау жүр­гі­зі­луі қа­жет объ­ек­ті­лер са­ны
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
1. Ғи­ма­рат­тар, жер­лер**
Тұр­ғын емес ғи­ма­рат­тар
Тұр­ғын ғи­ма­рат­тар
2. Құ­ры­лы­стар** (су тарт­қы­штар, ста­ди­он­дар, бас­сейн­дер, жол­дар, кө­пір­лер, ес­керт­кіш­тер, са­ябақ­тар, сквер­лер, қо­ғам­дық бақ­тар қор­ша­у­ла­ры, бұр­ғы сква­жи­на­ла­ры, штоль­ня­лар және бас­қа­лар)
х
3. Бе­ру қон­дыр­ғы­ла­ры
Электр бе­ру және бай­ла­ныс қон­дыр­ғы­ла­ры
Транс­мис­си­я­лар және құ­быр өт­кіз­гіш­те­рі
4. Кө­лік құ­рал­да­ры
Те­мір­жол кө­лі­гі­нің жы­л­жы­ма­лы құ­ра­мы
Су кө­лі­гі
Ав­то­мо­биль кө­лі­гі
Әуе кө­лі­гі
Ат кө­лі­гі
Өн­ді­рі­стік кө­лік
Спорт­тық кө­лік
5. Ма­ши­на­лар және жаб­дық
Күш ма­ши­на­ла­ры және
Жұ­мыс ма­ши­на­ла­ры және жаб­дық
Өл­шеу ас­пап­та­ры
Рет­те­у­ші ас­пап­тар және қон­дыр­ғы­лар
Ла­бо­ра­то­ри­я­лық жаб­дық
Ком­пью­тер­лік жаб­дық
Ме­ди­ци­на­лық жаб­дық
Кең­се жабды­ғы
Өзге де ма­ши­на­лар және жаб­дық
6. Құ­рал­дар, өн­ді­рі­стік және ша­ру­а­шы­лық мүк­әм­мал*
Құ­рал­дар
Өн­ді­рі­стік мүк­әм­мал және ке­рек-жа­рақ­тар
Ша­ру­а­шы­лық мүк­әм­мал
Өзге де өн­ді­рі­стік және ша­ру­а­шы­лық мүк­әм­мал
7. Өзге де негіз­гі құ­рал­дар
Кө­гал­дан­ды­ра­тын, сән­дік отыр­ғы­зу­лар және бас­қа да жа­сан­ды көп жыл­дық отыр­ғы­зу­лар
Жер­лер­ді жақ­сар­ту бой­ын­ша күр­де­лі шы­ғын­дар
Өзге де мүк­әм­мал
Жұ­мыс орын­дай­тын мал
Өзге де негіз­гі құ­рал­дар
8. Ин­ве­сти­ци­я­лық жы­л­жы­май­тын мү­лік**
Тұр­ғын емес ғи­ма­рат­тар
Тұр­ғын ғи­ма­рат­тар
Х
Жер
9. Био­ло­ги­я­лық ак­тив­тер
х
Жа­ну­ар­лар
Көп жыл­дық отыр­ғы­зу­лар
10. Ма­те­ри­ал­дық емес ак­тив­тер
Бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету
Ав­тор­лық құқық­тар
Ли­цен­зи­я­лық ке­лі­сім
Па­тент­тер
Өзге де ма­те­ри­ал­дық емес ак­тив­тер
11. Са­ту­ға ар­нал­ған ұзақ мер­зім­ді ак­тив­тер
Ескертпе: * осы тармақты мемлекеттік кәсіпорындардың толтыруы
міндетті емес
** жүргізілген паспорттау бойынша ақпаратты көрсете отырып
Бірінші басшы ____________________________ __________________
(тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
Бас бухгалтер ____________________________ __________________
(тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
Мөр орны
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме «31.12.20 ___ ж. жағдай бойынша мүлікті түгендеу, паспорттау және қайта бағалау нәтижелері бойынша жиынтық ақпарат»

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы түсіндірме 31.12.20 ___ ж. жағдай бойынша мүлікті түгендеу, паспорттау және қайта бағалау нәтижелері бойынша жиынтық ақпараттың нысанын (бұдан әрі - Нысан) толтыру бойынша біріңғай талаптарды анықтайды.

2 2. Нысанға мемлекеттік заңды тұлғаның бірінші басшысы, ал оның жоқ болған жағдайында оның қызметін атқаратын тұлға қол қояды.

2 2. Есеп нысанын толтыру бойынша түсіндірме

3 3. Нысанның 1-бағанында мүлік түрі көрсетілген.

4 4. Нысанның 2-бағанында мүліктің саны көрсетіледі.

5 5. Нысанның 3-бағанында мүліктің алғашқы құны, теңгерімге қойған кездегі алғашқы қабылданғаны көрсетіледі.

6 6. Нысанның 4-бағанында қолдану кезеңінде жинақталған мүліктің тозуы көрсетіледі.

7 7. Нысанның 5-бағанында мүліктің баланстық құны оның қайтару құнынан артық болған құны көрсетіледі.

8 8. Нысанның 6-бағанында жинақталған амортизация мен құнсызданудың шығындарын алғаннан кейін мүлік есепке алынатын құны көрсетіледі. (3-баған – 4-баған – 5-баған).

9 9. Нысанның 7-бағанында қайта бағалау сомасы көрсетіледі.

10 10. Нысанның 8-бағанында қайта бағалаудан кейінгі теңгерімдік құны көрсетіледі (6-баған + 7-баған).

11 11. Нысанның 9-бағанында техникалық паспорттары бар объектілер саны көрсетіледі.

12 12. Нысанның 10-бағанында есепті жылда паспорттау жүргізілген объектілер саны көрсетіледі.

13 13. Нысанның 11-бағанында паспорттау жүргізілуі қажет объектілер саны көрсетіледі.

Қолданыстағы