О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 15 декабря 2011 года № 636 "Об утверждении Единой методики и формата ввода данных объектов учета в реестр государственного имущества, а также проведение инвентаризации, паспортизации и переоценки государственного имущества в единые сроки"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 15 декабря 2011 года № 636 "Об утверждении Единой методики и формата ввода данных объектов учета в реестр государственного имущества, а также проведение инвентаризации, паспортизации и переоценки государственного имущества в единые сроки"
- Атауы (қаз.)
- "Мемлекеттік мүлік тізіліміне есепке алу объектілері деректерін енгізу пішімін, сондай-ақ бірдей мерзімдерде мемлекеттік мүлікке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргізудің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 636 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 391
- Қабылданған күні
- 08.09.2014
- Көрсетілген редакция
- 08.09.2014 AI84148_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.09.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14E0009782
- ЭКБ идентификаторы
- 84148
- Редакция идентификаторы
- AI84148_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:39
0
"Мемлекеттік мүлік тізіліміне есепке алу объектілері деректерін енгізу пішімін, сондай-ақ бірдей мерзімдерде мемлекеттік мүлікке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргізудің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 636 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Мемлекеттік мүлік тізіліміне есепке алу объектілері деректерін енгізу пішімін, сондай-ақ бірдей мерзімдерде мемлекеттік мүлікке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргізудің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 636 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 12 қаңтарда № 7375 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілердің бюллетенінде 2012 ж., № 3 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Жоғары көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлік тізіліміне есепке алу объектілері деректерін енгізу пішімін, сондай-ақ бірдей мерзімдерде мемлекеттік мүлікке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргізудің бірыңғай әдістемесінде:
5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) электрондық есеп Интернет желісінде www.gosreestr.kz мекенжайы бойынша Тізілімнің веб-порталында орналасқан бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы жасалады. Бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс істеу нәтижесінде оған ұлттық куәландыру орталығы берген мемлекеттік заңды тұлғаның электрондық сандық қол таңбасы қойылған осы Әдістеменің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша мүлікке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргізу нәтижелері жөніндегі ақпараты бар бір мұрағаттық файл қалыптастырылады;»;
қосымшаның жоғарғы оң бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік мүлік тізіліміне
есепке алу объектілері деректерін
енгізу пішіміне, сондай-ақ бірдей
мерзімдерде мемлекеттік мүлікке
түгендеу, паспорттау және қайта
бағалау жүргізудің бірыңғай
әдістемесіне 1-қосымша»;
осы бұйрықтың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес 2 және 3-қосымшалармен толықтырылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Республикалық мемлекеттік мүлікті басқару және оңалту мен банкроттық әдіснамасы департаменті (Д.Б. Әділханов):
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден кейінгі он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімдік баспа басылымдарында ресми жариялануын және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберілуін;
3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
________________ Е.Досаев
2014 ж. 4 қыркүйек
7 Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2014 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 391 бұйрығына 1-қосымша
Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке
алу объектiлерi деректерiн енгiзу
пішіміне, сондай-ақ бірдей
мерзімдерде мемлекеттiк мүлiкке
түгендеу, паспорттау және қайта
бағалау жүргiзудің бірыңғай
әдістемесіне 2-қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Мемлекеттік заңды тұлғалардың үй-жай алаңдарына қажеттігі туралы ақпарат Есепті кезең _____ 20___ ж.
Индекс: 1- АҚ
Кезеңділігі: жыл сайын
Тапсырады: мемлекеттік заңды тұлғалар
Алушы: мемлекеттік мүлік тізілімі
Тапсыру мерзімі: жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей
Нысан
Мемлекеттік заңды тұлғалардың үй-жай алаңдарына қажеттігі туралы ақпарат
Р/с №
Үй-жайдың атауы
Мемлекеттік заңды тұлғалар қызметшілерінің саны
Бекітілген нормативтерге сәйкес үй-жайдың алаңы (ш.м.)
Үй-жайдың нақты алып отырған алаңы (ш.м.)
Мемлекеттік заңды тұлғаны бекітілген нормативке сәйкес орналастыруға арналған қажетті алаң (ш.м.)
1
2
3
4
5
6
Бірінші басшы ______________________________ __________________
(тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
Бас бухгалтер ____________________________ __________________
(тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
Мөр орны
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
«Мемлекеттік заңды тұлғалардың үй-жай алаңдарына қажеттігі туралы ақпарат»
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Осы түсіндірме «Мемлекеттік заңды тұлғалардың үй-жай алаңдарына қажеттігі туралы ақпарат» нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды анықтайды.
2 2. Нысанға мемлекеттік заңды тұлғаның бірінші басшысы, ал ол жоқ болған жағдайда оның қызметін атқаратын тұлға қол қояды.
2 2. Есеп нысанын толтыру бойынша түсіндірме
3 3. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.
4 4. Нысанның 2-бағанында үй-жайдың атауы көрсетіледі, атап айтқанда мемлекеттік заңды тұлғалары орналасқан әрбір жеке үй-жай толтырылады.
5 5. Нысанның 3-бағанында мемлекеттік заңды тұлғалардың қызметшілері саны, атап айтқанда осы үй-жайға орналасқан мемлекеттік заңды тұлғалардың саны көрсетіледі.
6 6. Нысанның 4-бағанында бекітілген нормативтеріне сәйкес үй-жайдың алаңы көрсетіледі.
7 7. Нысанның 5-бағанында мемлекеттік заңды тұлғаның нақты алып отырған алаңы көрсетіледі.
8 8. Нысанның 6-бағанында бекітілген нормативтерге сәйкес орналастыруға арналған мемлекеттік заңды тұлғаларға қажетті алаң көрсетіледі (6-баған, егер 5-бағанда көрсетілген мән 4-бағанында көрсетілген мәннен аз болса толтырылады).
18 Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2014 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 391 бұйрығына 2-қосымша
Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке
алу объектiлерi деректерiн енгiзу
пішіміне, сондай-ақ бірдей
мерзімдерде мемлекеттiк мүлiкке
түгендеу, паспорттау және қайта
бағалау жүргiзудің бірыңғай
әдістемесіне 3-қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Мемлекеттік заңды тұлғалар орналасып отырған ғимараттардың немесе үй-жайлардың алаңдары бойынша ақпарат Есепті кезең _____ 20___ ж.
Индекс: 1- АА
Кезеңділігі: жыл сайын
Тапсырады: мемлекеттік заңды тұлғалар
Алушы: мемлекеттік мүлік тізілімі
Тапсыру мерзімі: жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей
Нысан
Мемлекеттік заңды тұлғалар орналасып отырған ғимараттардың немесе үй-жайлардың алаңдары бойынша ақпарат
Р/с №
Ғимараттың немесе үй-жайдың атауы
Ғимараттың немесе үй-жайдың орналасқан жері
Ғимараттың кадастрлік нөмері
Ғимарат немесе үй-жай туралы мәліметтер (жеке тұрған ғимарат, ғимараттың немесе ғимараттағы үй-жайдың бөлігі және т.б.)
Мемлекеттік заңды тұлғаларды орналастыру туралы мәліметтер
Мемлекеттік заңды тұлғалардың алып отырған ғимараттың немесе үй-жайдың алаңы (ш.м.)
Ғимарат немесе үй-жай жедел жүргізу немесе шаруашылық басқару құқығында бекітілген
Басқа мемлекеттік заңды тұлғалардан жалға алынған
Мемлекеттік емес заңды және/немесе жеке тұлғалардан жалға алынған
Жалпы алаңы
Пайдалы алаңы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
Бірінші басшы ______________________________ __________________
(тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
Бас бухгалтер ____________________________ __________________
(тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
Мөр орны
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
«Мемлекеттік заңды тұлғалар орналасып отырған ғимараттардың немесе үй-жайлардың алаңдары бойынша ақпарат»