О внесении изменений в совместные постановление акимата Павлодарской области от 15 июня 2012 года № 4 и решение Павлодарского областного маслихата от 15 июня 2012 года № 58/5 «Об установлении минимальных размеров земельных участков сельскохозяйственного назначения, предоставляемых в собственность или землепользование в Павлодарской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в совместные постановление акимата Павлодарской области от 15 июня 2012 года № 4 и решение Павлодарского областного маслихата от 15 июня 2012 года № 58/5 «Об установлении минимальных размеров земельных участков сельскохозяйственного назначения, предоставляемых в собственность или землепользование в Павлодарской области»
- Атауы (қаз.)
- Павлодар облысы әкімдігінің 2012 жылғы 15 маусымдағы № 4 және Павлодар облыстық мәслихатының 2012 жылғы 15 маусымдағы № 58/5 «Павлодар облысында меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерін белгілеу туралы» бірлескен қаулысы мен шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 2
- Қабылданған күні
- 20.03.2020
- Көрсетілген редакция
- 20.03.2020 140816_450965.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.03.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20P0006780
- ЭКБ идентификаторы
- 140816
- Редакция идентификаторы
- 140816_450965
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 15:31
0 Павлодар облысы әкімдігінің 2012 жылғы 15 маусымдағы № 4 және Павлодар облыстық мәслихатының 2012 жылғы 15 маусымдағы № 58/5 «Павлодар облысында меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерін белгілеу туралы» бірлескен қаулысы мен шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 50-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына және 27-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 4 тамыздағы «Павлодар облысының Качир, Лебяжі аудандарын қайта атау туралы» № 724 Жарлығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2012 жылғы 15 маусымдағы № 4 және Павлодар облыстық мәслихатының 2012 жылғы 15 маусымдағы № 58/5 «Павлодар облысында меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерін белгілеу туралы» бірлескен қаулысы мен шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3212 болып тіркелген, 2012 жылы 26 шілдеде «Сарыарка Самалы», «Звезда Прииртышья» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бірлескен қаулы мен шешімнің қосымшасындағы «Качир» сөзі «Тереңкөл» сөзімен ауыстырылсын, «Лебяжі» сөзі «Аққулы» сөзімен ауыстырылсын.