О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 мая 2012 года № 620 «Об утверждении Правил организации и проведения призыва граждан Республики Казахстан на воинскую службу»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 мая 2012 года № 620 «Об утверждении Правил организации и проведения призыва граждан Республики Казахстан на воинскую службу»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 620 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшіне енбеген
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 812
- Қабылданған күні
- 11.09.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 27.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 11.09.2026 I230015_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.09.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2600000812
- ЭКБ идентификаторы
- 230015
- Редакция идентификаторы
- I230015_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 17.09.2026 03:30
0 «Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 620 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 620 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларында:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) запастағы офицерлерді және запастағы сержанттарды әскери қызметке шақыруды;»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Запастағы офицерлерді және запастағы сержанттарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және оны жүргізу тәртібі»;
50, 51, 52, 53, 54, 55, 56, 57, 58, 59, 60 және 61-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«50. Запастағы офицерді және запастағы сержантты әскери қызметке тиісінше офицер және сержант құрамының лауазымдарына шақыру Заңның 32-бабына сәйкес жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары жанындағы әскери кафедраларда (әскери факультеттерде) запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери даярлықтан өткен, жиырма тоғыз жасқа дейінгі запастағы офицерлер және запастағы сержанттар және денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды және әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ отыз екі жасқа дейінгі медицина қызметінің запастағы офицерлері әскери қызметке шақырылады.
Запастағы офицерлердің және запастағы сержанттардың бейбіт уақытта әскери қызметті қай уәкілетті органның құрылымында өткеруі көзделген болса, олар сол органдардың (бұдан әрі – уәкілетті орган) өтінімдері бойынша тиісінше офицер және сержант құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес шақырылады.
51. Қорғаныс істері басқармалары (бөлімдері) осы Қағидалардың 50-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін запастағы офицерлер мен запастағы сержанттарды зерделеу және іріктеу жұмысын жүргізеді.
Запастағы офицерлер мен запастағы сержанттарды зерделеу және іріктеу рәсімі екі кезеңде жүргізіледі.
Бірінші кезеңде запастағы офицерлерді және запастағы сержанттарды әскерге шақыруға тапсырма алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде қорғаныс істері басқармаларында (бөлімдерінде) мынадай іс-шаралар жүргізіледі:
1) даярлау және зерделеу мен іріктеу жоспары жасалады;
2) зерделеу мен іріктеуді ұйымдастыру және жүргізу туралы бұйрық шығарылады;
3) зерделеуді және іріктеуді жүргізетін лауазымды адамдар бекітіліп, зерделенетін запастағы офицерлердің және запастағы сержанттардың тізімі жасалады;
4) зерделеу және іріктеу графигі жасалады;
5) Заңның 17-бабының 4-тармағында көрсетілген мәліметтер мемлекеттік органдардың мемлекеттік цифрлық жүйесінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету арқылы сұратылады.
Мемлекеттік цифрлық жүйе арасында өзара іс-қимыл болмаған жағдайда Заңның 17-бабының 4-тармағында көрсетілген мәліметтерді қорғаныс істері басқармалары (бөлімдері) үш жұмыс күні ішінде тиісті сұраным бойынша алады.
Зерделеудің екінші кезеңі шеңберінде:
1) запастағы офицерлер және запастағы сержанттар медициналық куәландыруға жіберіледі.
Медициналық куәландыру нәтижесі (жарамдылық дәрежесі) ҚР ҚМ ЦЖ-ның цифрлық есепке алу картасына енгізіледі;
2) ҚР ҚМ ЦЖ-да цифрлық есепке алу картасы жаңартылады;
3) запастағы офицермен және запастағы сержантпен әңгімелесу жүргізіледі, оның нәтижесі осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әңгімелесу парағына енгізіледі;
4) арнайы тексеру жүргізу үшін материалдар ресімделеді және жіберіледі.
Запастағы офицердің және запастағы сержанттың әскери қызметке шақырылуға сәйкестігі туралы шешім зерделеу, медициналық куәландыру және арнайы тексеру нәтижесі бойынша қабылданады.
52. Запастағы офицерлер мен запастағы сержанттарды әскери қызметке шақыру мынадай негіздер бойынша кейінге қалдырылады:
1) Заңның 35-бабы 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайда отбасы жағдайы бойынша;
2) білім алуды жалғастыру үшін;
3) денсаулық жағдайы бойынша;
4) басқа себептер бойынша.
Осы тармақтың 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Медициналық куәландыру кезінде жарамдылық дәрежесі «Әскери қызметке уақытша жарамсыз» деп айқындалған запастағы офицерлер мен запастағы сержанттарды әскери қызметке шақыру денсаулық жағдайы бойынша бір жылға дейінгі мерзімге кейінге қалдырылады.
Жарамдылық дәрежесі туралы қорытындысы бар медициналық куәландыру картасының сканерленген көшірмесі цифрлық есепке алу картасының «Құжаттар» деген бөліміне жүктеледі, сондай-ақ ҚР ҚМ ЦЖ-дағы «Жарамдылық дәрежесі» деген жолға тиісті өзгерістер енгізіледі.
53. Запастағы офицерлер және запастағы сержанттар Заңның 36-бабы 1-тармағының 3), 5) және 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес әскери қызметке шақырудан босатылады.
Запастағы офицерлер және запастағы сержанттар медициналық куәландыру кезінде жарамдылық дәрежесі:
1) «Бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында шектеулі жарамды» деп айқындалса, әскери қызметке шақырудан босатылады;
2) «Әскери есептен шығарумен әскери қызметке жарамсыз» деп айқындалса, әскери есептен шығарылады.
Жарамдылық дәрежесі туралы қорытындысы бар медициналық куәландырудың сканерленген көшірмесі цифрлық есепке алу картасының «Құжаттар» деген бөліміне жүктеледі, сондай-ақ ҚР ҚМ ЦЖ-дағы «Жарамдылық дәрежесі» деген жолға тиісті өзгерістер енгізіледі.
54. Запастағы офицерлер және запастағы сержанттар:
1) осы Қағидалардың 52-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тиісті қорғаныс істері басқармасы (бөлімі) бастығының атына жеке өтініш беру арқылы;
2) осы Қағидалардың 52-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіздер бойынша мүдделі адамдардан тиісті нотариат куәландырған құжатпен қоса тиісті қорғаныс істері басқармасы (бөлімі) бастығының атына жеке өтініш беру арқылы әскери қызметке шақыруды кейінге қалдырудан бас тартуға құқылы.
Мүдделі адамдар – Заңның 35-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген басқа адамның көмегіне және күтіміне мұқтаж отбасы мүшелері.
Денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылған адамдарды қоспағанда, әскери қызметке шақырудан босатылуға құқығы бар запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар тиісті қорғаныс істері басқармасы (бөлімі) бастығының атына өзі өтініш берсе, олар өз қалауы бойынша әскери қызметке шақырылуы мүмкін.
55. Қорғаныс істері басқармалары (бөлімдері) әскери қызметке шақыруға іріктелген запастағы офицерлер мен запастағы сержанттарға мынадай материалдарды:
1) қызметтік картасын;
2) медициналық картасын;
3) білімі туралы құжаттың (құжаттардың) көшірмесін;
4) сотталған-сотталмағаны туралы хабарламаны;
5) қорғаныс істері басқармасының (бөлімінің) бастығы куәландырған арнайы тексеру нәтижесінің көшірмесін кейіннен уәкілетті органға жіберу үшін қорғаныс істері департаментіне жібереді.
56. Әскери қызметке шақыру үшін іріктелген запастағы офицерлерге мен запастағы сержанттарға қорғаныс істері департаменті берген материалдар бойынша уәкілетті органның басшысы оларды әскерге шақыру туралы бұйрық шығарады.
Запастағы офицерлер мен запастағы сержанттарды әскери қызметке шақыру туралы бұйрықтан үзінді тиісті әскери бөлімге (мекемеге) және қорғаныс істері департаментіне жіберіледі.
57. Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы бұйрықтан үзіндіні алған сәттен бастап әскери бөлім (мекеме) командирі (бастығы) тиісті жергілікті әскери басқару органымен өзара іс-қимылды ұйымдастыру арқылы олардың келуін бақылауды жүзеге асырады.
58. Тиісті қорғаныс істері басқармасының (бөлімінің) бастығы запастағы офицерді және запастағы сержантты әскери қызметке шақыру туралы бұйрықтан көшірмесі үзінді алған кезден бастап 7 жұмыс күні ішінде соның негізінде әскери қызметке шақырылған офицердің әскери қызмет өткеретін жерге кетуі туралы бұйрық шығарады.
📌 Ескертпе.
Қорғаныс істері басқармасы (бөлімі) бастығының запастағы офицердің, запастағы сержанттың кетуі туралы бұйрығы шыққан сәттен бастап ол әскери қызметші мәртебесіне ие болады.
59. Қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімшенің) бастығы шақырылған офицерге, сержантқа нұсқаманы тапсырады және оның әскери бөлімге (мекемеге) кетуін бақылауды жүзеге асырады.
Нұсқамада көрсетілген әскери қызмет өткеретін жерге келетін күні жұмыс орнынан шығару және жолда жүру үшін қажетті уақыт ескеріліп айқындалады. Әскери қызмет өткеретін жерге келудің жалпы мерзімі нұсқама берілген күннен бастап есептелетін күнтізбелік он күннен аспауға тиіс.
Әскери қызметке шақырылған офицердің, сержанттың кетуі туралы ақпарат қорғаныс істері департаментіне және ол әскери қызмет өткеруге жіберілген әскери бөлімге (мекемеге) хабарланады.
Әскери қызметке шақырылған офицер, сержант кету туралы бұйрық шыққан сәттен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін нұсқама алу үшін келмегенде қорғаныс істері басқармасының (бөлімінің) бастығы әскери полиция органы мен қорғаныс істері департаментіне нұсқаманы уақтылы тапсыруға бағытталып қабылданған шаралардан нәтиже болмағаны туралы хабарлайды.
60. Кеткен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде әскери қызметке шақырылған офицердің, сержанттың жеке ісі тиісті әскери бөлімге (мекемеге) жіберіледі, онда мынадай материал:
1) қызметтік тізім;
2) қызметтік карта;
3) аттестаттау парағы;
4) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің офицер құрамының әскери атағын беру туралы бұйрығынан үзінді немесе жергілікті (астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың) әскери басқару органының басшысының сержанттар құрамының әскери атағын беру туралы бұйрығынан үзінді;
5) уәкілетті орган басшысының әскери қызметке шақыру туралы бұйрығынан үзінді;
6) қорғаныс істері басқармасы (бөлімі) бастығының әскери қызмет өткеретін жерге кетуі туралы бұйрығынан үзінді;
7) зертханалық және аспаптық зерттеу нәтижесін, сондай-ақ созылмалы ауруы бар пациентті динамикалық бақылау орталығынан берілген анықтамамен қоса медициналық куәландыру картасының көшірмесі;
8) ішкі істер органынан әкімшілік құқық бұзушылықтың бар-жоғы туралы мәліметтер;
9) сотталған-сотталмағаны туралы хабарлама;
10) мемлекеттік кіріс органының белгіленген нысанындағы салық есептілігін электрондық түрде, оның ішінде жұбайы (зайыбы) үшін де, қабылдағаны немесе қабылдамағаны туралы хабарлама;
11) білімі туралы құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;
12) өмірбаян (өз қолымен жазылған және терілген);
13) зерделеу парағы;
14) офицердің жеке нөмірі жазылған жетон болуға тиіс.
61. Әскери бөлімнің (мекеменің) кадр бөлімшесі әскери қызметке шақырылған офицер, сержант қызмет өткеретін жеріне келмегенде себебін нақтылау үшін тиісті жергілікті әскери басқару органына сұрау салу жібереді.»;
көрсетілген Қағидаларға 14-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Әңгімелесу парағы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2026 жылғы « »
№ қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының
азаматтарын әскери қызметке
шақыруды ұйымдастыру мен
жүргізу қағидаларына
14-қосымша
Нысан
Әңгімелесу парағы
ЖСН _________________________ әскери атағы ____________________
А.Ә.Т. ________________________________________________________
Туған жылы, күні, айы _____________________________
Р/с
№
Сұрақтар
Жауаптары
1.
Қандай оқу орнын бітірдіңіз? Қашан және қандай мамандық бойынша бітірдіңіз?
2.
Сіздің жұмыс орныңыз және атқаратын лауазымыңыз, еңбек өтіліңіз?
3.
Сіздің отбасы жағдайыңыз және балаларыңыз бар ма?
4.
Толық отбасыда тұрасыз ба және қанша бауырыңыз бен әпке-қарындасыңыз бар?
5.
Сіз немесе Сіздің жақын туысыңыз қылмыстық жауаптылыққа тартылды ма? Ондай болса, кім және қандай баппен?
6.
Сіз немесе Сіздің жақын туысыңыз суицид немесе суицидке әрекет жасады ма? Ондай болса, кім, қашан және қандай жағдайда?
7.
Сіз қандай курстан өттіңіз? Курсты аяқтағаныңыз туралы куәлігіңіз бар ма және қандай мамандық немесе санат бойынша аяқтадыңыз?(мысалы: жүргізуші, дәнекерлеуші, краншы, тракторшы-машинист, электрик және басқа)
8.
Сіз қандай әскери кафедраны бітірдіңіз және қай жылы?
9.
Қандай да бір әскери-патриоттық клубта тұрдыңыз ба?
10.
Сіз белгіленген тәртіппен тіркелмеген саяси немесе жастар ұйымының, қоғамдық бірлестіктердің және дәстүрлі емес діни ағымның мүшесі болып табыласыз ба?
11.
Сізде мемлекеттік награда немесе төсбелгі бар ма?
1
2
3
12.
Сізде қандай спорттық разряд бар және қандай спорт түрі бойынша?
13.
Сіз қандай шет тілін білесіз?
14.
Әскердің қай түрінде немесе тегінде әскери қызмет өткергіңіз келеді?
Артқы беті
15.
Болашақта келісімшарт бойынша әскери қызметті жалғастыруды жоспарлайсыз ба?
16.
Сіз әскери немесе арнайы оқу орнына оқуға түсуді жоспарлайсыз ба?
17.
Әскери қызметтен кейін құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органға орналасуды жоспарлайсыз ба?
18.
Сізде қазіргі уақытта кредит немесе ипотека бар ма?
19.
Әскери қызмет өткергеннен кейін азаматқа берілетін жеңілдік туралы білесіз бе?
Ескертпе:
Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген азаматтар:
1) қызметтен шығарылған күннен бастап екі жыл ішінде ұлттық бірыңғай тестілеу мен емтихан нәтижесін ескермей-ақ жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына ақылы негізде оқуға түсуге;
2) әскери қызметтен шығарылған кезеңмен сәйкес келетін академиялық кезең ішінде білім беру грантын жоғалтпай, жеке оқу жоспарлары бойынша оқуды жалғастыруға (білім алуды жалғастыру үшін кейінге қалдырудан бұрын бас тартқан және өз қалауы бойынша әскери қызметке шақырылған);
3) мемлекеттік білім беру тапсырысы немесе грант негізінде оқуына байланысты оны жұмыспен өтеу міндетін тоқтатуға;
4) қызмет өткеру кезеңінде жұмыс орнының (лауазымының) сақталуына құқылы.
20.
Әскерге шақыруды кейінге қалдырудан қандай себеппен бас тарттыңыз? (әскерге шақыруды кейінге қалдырудан бас тартқан запастағы офицерлерге (запастағы сержанттарға) сұрақ)
___________________________________________
(әңгімелескен адамның лауазымы)
____________________________________________
(әскери атағы, қолтаңбасы, инициалы, тегі)
Запастағы офицердің (запастағы сержанттың) әңгімелесу нәтижесімен
танысқаны туралы қолтаңбасы: ______________________________________
(қолтаңбасы, инициалы, тегі)
Әңгімелесу өткізілген жер ____________________________________
Әңгімелесу өткізілген күн 20___ жылғы «____» _________
_______________________