Құжат мәтініне өту

О внесении дополнении в решение районного маслихата от 15 ноября 2013 года № 165-V «Об утверждений перечня категорий получателей и предельных размеров социальной помощи»

Өзге акт · № 289-VI · қабылданған 28.06.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-2013-no-165-v/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении дополнении в решение районного маслихата от 15 ноября 2013 года № 165-V «Об утверждений перечня категорий получателей и предельных размеров социальной помощи» Күшін жойған Өзге акт ·№ 289-VI ·28.06.2019
11.11.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.11.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнении в решение районного маслихата от 15 ноября 2013 года № 165-V «Об утверждений перечня категорий получателей и предельных размеров социальной помощи»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 289-VI · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнении в решение районного маслихата от 15 ноября 2013 года № 165-V «Об утверждений перечня категорий получателей и предельных размеров социальной помощи»
Атауы (қаз.)
Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 15 қарашадағы № 165-V «Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
289-VI
Қабылданған күні
28.06.2019
Көрсетілген редакция
11.11.2021 133585_550015.kaz
Соңғы өзгеріс
11.11.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19TG004455
ЭКБ идентификаторы
133585
Редакция идентификаторы
133585_550015
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:18

0 Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 15 қарашадағы № 165-V «Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы қаулысына сәйкес және аудандық әкімдігінің қаулысын қарап, Мақат аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Мақат аудандық мәслихатының 2013 жылғы 15 қарашадағы № 165-V «Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 2797 тіркелген, аудандық «Мақат тынысы» газетінде 2013 жылғы 19 желтоқсанда жарияланған) шешіміне келесідей толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген шешімнің 2 қосымшасы 6), 7), 8) тармақшаларымен толықтырылсын:
«6) 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдарға;
7) 1988-1989 жылдардағы Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркімен көшкен) адамдар қоныс аудартқан күні анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда;
8) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы обьектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуы себебінен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балаларына».

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мақат аудандық мәслихатының экономика мен бюджет, өнеркәсіп, кәсіпкерлікті дамыту және заңдылықты сақтау жөніндегі тұрақты комиссиясына (А. Қабдолов) жүктелсін.

3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

Қолданыстағы