О внесении изменений в решение акима Бостандыкского района города Алматы от 15 апреля 2014 года № 05 "Об образовании избирательных участков по Бостандыкскому району города Алматы"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение акима Бостандыкского района города Алматы от 15 апреля 2014 года № 05 "Об образовании избирательных участков по Бостандыкскому району города Алматы"
- Атауы (қаз.)
- Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 05 "Алматы қаласы Бостандық ауданында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгертулер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 05
- Қабылданған күні
- 10.08.2017
- Көрсетілген редакция
- 11.04.2019 114192_398555.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.04.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17RB001400
- ЭКБ идентификаторы
- 114192
- Редакция идентификаторы
- 114192_398555
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 04:12
0 Алматы қаласы Бостандық ауданы
әкімінің 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 05
"Алматы қаласы Бостандық ауданында
сайлау учаскелерін құру туралы"
шешіміне өзгертулер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 23 бабының 1, 2 тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабын басшылыққа ала отырып, Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі ШЕШТІ:
1
1. Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің 2014 жылғы 15 сәуірдегі "Алматы қаласы Бостандық ауданында сайлау учаскелерін құру туралы" № 05 шешіміне (нормативтік құқықтық акті 2014 жылғы 23 сәуірде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 1027 болып тіркелген, "Алматы ақшамы" газетінің 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 49-51 санында және "Вечерний Алматы" газетінің 2014 жылдың 29 сәуіріндегі № 49-50 санында жарияланған) келесі өзгертулер енгізілсін:
аталған шешімнің қосымшасындағы № 228, 238, 240, 241 сайлау учаскелерінің шекаралары осы шешімнің қосымшасына сәйкес өзгертілсін.
2
2. Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, тіркелгеннен кейін ресми мерзімді басылымдарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және Бостандық ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бостандық ауданы әкімінің аппарат басшысы Б.Ж. Алияроваға жүктелсін.
4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
Алматы қаласының аумақтық сайлау
комиссиясының төрайымы Ж. Асанова
2017 жылғы «10» тамызы
5 № 228 сайлау учаскесі
Алматы қаласы
Бостандық ауданы әкімінің
2017 жылғы «10» тамызындағы
№ 05 шешіміне қосымша
№ 228 сайлау учаскесі
Орталығы: Алматы қаласы, Орбита-1 ықшам ауданы, 41 үй, № 60 гимназиясы, телефон 265-48-87
Шекаралары: Навои көшесінен бастап Торайғыров көшесінің бойымен (оңтүстік жағы) шығысқа қарай, Орбита-1 ықшам ауданындағы 1, 2, 3, 4, 5 үйлерді және Навои көшесіндегі (солтүстік жағы) 208/2, 208/4, 208/7, 208/8, 210/3 үйлерді қоса есептегенде Үлкен Алматы өзеніне дейін, Үлкен Алматы өзенінің бойымен (батыс жағы) оңтүстікке қарай Навои көшесіндегі 310 үйдің бұрышына дейін, Навои көшесіндегі 314 үйді қоса есептегенде, Навои көшесіндегі 310 үйдің бұрышынан (шығыс жағы) солтүстікке қарай Торайғыров көшесіне дейін.
№ 238 Сайлау учаскесі
Орталығы: Алматы қаласы, Орбита-3 ықшам ауданы, 55 үй, № 45 жалпы білім беру мектебі, телефон 229-33-64
Шекаралары: Орбита-3 ықшам ауданы үйлерінің шекарасымен 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 7А, 8, 13, 16, 19, 20, 21, 22, 24, 25 үйлер.
№ 240 сайлау учаскесі
Орталығы: Алматы қаласы, Рысқұлбеков көшесі, 28 үй, «Халықаралық білім беру корпорациясы» акционерлік қоғамы (Қазақ бас
сәулет құрылыс академиясының оқу корпусы), телефон 309-63-06
Шекаралары: Саин көшесінен бастап Рысқұлбеков көшесінің бойымен шығысқа қарай Рысқұлбеков көшесіндегі 34 үйге дейін, 34 үйден бастап оңтүстікке қарай Торайғыров көшесіне дейін, Торайғыров көшесіндегі 25, 27, 29, 39, 41, 43, 45, 45А, 47, 49, 51, 53 үйлерді қоса есептегенде және Орбита-3 ықшам ауданындағы 16, 20, 21, 22 үйлерді есепке алмағанда, Торайғыров көшесінің бойымен (солтүстік жағы) батысқа қарай Саин көшесіне дейін, Саин көшесінің бойымен (шығыс жағы) солтүстікке қарай Рысқұлбеков көшесіне дейін.
№ 241 сайлау учаскесі
Орталығы: Алматы қаласы, Рысқұлбеков көшесі, 20 үй, № 37 жалпы білім беру мектебі, телефон 265-19-91
Шекаралары: Щепкин көшесінен бастап Торайғыров көшесінің бойымен (оңтүстік жағы) шығысқа қарай Навои көшесіне дейін, Навои көшесінің бойымен (шығыс жағы) солтүстікке қарай Тоқтабаев көшесіне дейін, Тоқтабаев көшесінің бойымен (оңтүстік жағы) шығысқа қарай Үлкен Алматы өзеніне дейін, Үлкен Алматы өзенінің бойымен (батыс жағы) оңтүстікке қарай Торайғыров көшесіне дейін, Навои көшесіндегі 208/2, 208/4, 208/7, 208/8, 210/3 үйлерді есепке алмағанда, Торайғыров көшесінің бойымен (солтүстік жағы) батысқа қарай Щепкин көшесіне дейін, Щепкин көшесінің бойымен (шығыс жағы) солтүстікке қарай Рысқұлбеков көшесіне дейін.