О внесении изменений в решение Щербактинского районного маслихата от 15 января 2014 года № 106/37 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Щербактинского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Щербактинского районного маслихата от 15 января 2014 года № 106/37 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Щербактинского района»
- Атауы (қаз.)
- Шарбақты аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 қаңтардағы № 106/37 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 6/2
- Қабылданған күні
- 04.04.2016
- Көрсетілген редакция
- 29.09.2020 101426_484533.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.09.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16PM005081
- ЭКБ идентификаторы
- 101426
- Редакция идентификаторы
- 101426_484533
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:46
0 Шарбақты аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 қаңтардағы № 106/37 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6–бабы 2–3 – тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қаулысына сәйкес Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1
1. Шарбақты аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 қаңтардағы № 106/37 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3696 тіркелген, 2014 жылғы 27 ақпандағы ауданның «Маралды» газетінде, 2014 жылғы 27 ақпандағы ауданның «Трибуна» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
осы аталған шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
7–тармақта 9) тармақшасында он бірінші абзацында «күнкөріс деңгейінен 1,5 еселі ара қатынасынан» сандары мен сөздері «төменгі күнкөріс деңгейі белгіленген мөлшері» сөздерімен алмастырылсын;
8–тармақта:
2) тармақшасында:
сегізінші абзац алып тасталсын;
он екінші абзацтағы «туберкулездік» сөзі «туберкулезге қарсы» сөзімен алмастырылсын;
он үшінші, он төртінші және он бесінші абзацтар алып тасталсын;
4) тармақшасында алтыншы абзацындағы «туберкулездік» сөзі «туберкулезге қарсы» сөзімен алмастырылсын.