О внесении изменений и дополнений в решение Щербактинского районного маслихата от 15 января 2014 года № 106/37 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Щербактинского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в решение Щербактинского районного маслихата от 15 января 2014 года № 106/37 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Щербактинского района»
- Атауы (қаз.)
- Шарбақты аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 қаңтардағы № 106/37 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 18/6
- Қабылданған күні
- 22.06.2016
- Көрсетілген редакция
- 29.09.2020 104603_484545.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.09.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16PM005167
- ЭКБ идентификаторы
- 104603
- Редакция идентификаторы
- 104603_484545
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:40
0 Шарбақты аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 қаңтардағы № 106/37 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6–бабының 2–3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қаулысына сәйкес Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1
1. Шарбақты аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 қаңтардағы № 106/37 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» (2014 жылғы 27 ақпанда аудандық «Маралды» және «Трибуна» газеттерінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3696 тіркелген,) шешіміне келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
1-тармақта:
9) тармақша келесі редакцияда мазмұндалсын:
«9) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (одан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидасы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;»;
12), 13) тармақшалар алып тасталсын;
7-тармақта:
10) тармақшасы келесі мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын: «адамның иммундық тапшылық вирусын жұқтырған тұлғалар;»;
11) тармақша алып тасталсын;
8-тармақта 2) тармақшасы келесі мазмұндағы он бірінші абзацпен толықтырылсын:
«7-тармақтың 10) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санаты үшін 10 АЕК мөлшерінде – «Шарбақты аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны ұсынған «Жұқтырылған Иммун Тапшылығының Синдромының алдын алу және күресу бойынша Павлодар облыстық орталығы» Коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорынымен келісілген тізімі негізінде;»;
9-тармақта 2) тармақшасында төртінші абзац алып тасталсын;
23-тармақ алып тасталсын;
25-1-тармақ алып тасталсын;
3-1 тарауы алып тасталсын;
26-тармақта 5) тармақша алып тасталсын;
1, 2, 3, 4, 5 қосымшалар алып тасталсын.