О внесении дополнения в решение Щербактинского районного маслихата от 15 января 2014 года № 106/37 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Щербактинского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в решение Щербактинского районного маслихата от 15 января 2014 года № 106/37 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Щербактинского района»
- Атауы (қаз.)
- Шарбақты аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 қаңтардағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» № 106/37 шешіміне толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 87/25
- Қабылданған күні
- 11.09.2017
- Көрсетілген редакция
- 29.09.2020 114755_484547.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.09.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17PM005627
- ЭКБ идентификаторы
- 114755
- Редакция идентификаторы
- 114755_484547
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:55
0 Шарбақты аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 қаңтардағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданындағы мұқтаж
азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін
айқындаудың Қағидаларын
бекіту туралы» № 106/37 шешіміне толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6–бабы 2–3–тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 504 Қаулысына сәйкес, Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Шарбақты аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 қаңтардағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің , оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» № 106/37 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3696 тіркелген, 2014 жылғы 27 ақпандағы аудандық «Маралды» газетінде, 2014 жылғы 27 ақпандағы аудандық «Трибуна» газетінде жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін:
осы аталған шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның
мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
8–тармағының 2) тармақшасында келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«осы Қағиданың 7–тармағының 1) тармақшасында көрсетілген санаттарға тұрғын-үйге жөндеу жүргізу үшін 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде – жеке есепшотының нөмірі екінші дәрежелі банктерде немесе жекелеген банктік операцияларды жүзеге асырушы қажетті лицензиясы бар ұйымдарда көрсетілген жеке өтініші, жеке басын куәландыратын құжат, үй иелігі құқығын растайтын құжат, тұрмыс-жағдайларын тексеру актісі негізінде;».