О внесении дополнений в решение Щербактинского районного маслихата от 15 января 2014 года № 106/37 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Щербактинского района"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в решение Щербактинского районного маслихата от 15 января 2014 года № 106/37 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Щербактинского района"
- Атауы (қаз.)
- Шарбақты аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 қаңтардағы № 106/37 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 127/43
- Қабылданған күні
- 18.04.2014
- Көрсетілген редакция
- 29.09.2020 79256_484543.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.09.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14PM003770
- ЭКБ идентификаторы
- 79256
- Редакция идентификаторы
- 79256_484543
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 20:00
0 Шарбақты аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 қаңтардағы № 106/37 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6–бабы 2–3–тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қаулысына сәйкес Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1
1. Шарбақты аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 қаңтардағы № 106/37 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3696 тіркелген, 2014 жылғы 27 ақпандағы ауданның "Маралды" газетінің № 9, 2014 жылдың 27 ақпандағы ауданның "Трибуна" газетінің № 9 жарияланған) шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін:
осы аталған шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
8 тармағының 2) тармақшасында келесі мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"осы Қағиданың 7 тармағы 6) тармақшасының екінші абзацында (тек қана 1 және 2 топтардың мүгедектері) көрсетілген санаттарға 17619 (он жеті мың алты жүз он тоғыз) теңге мөлшерінде – уәкілетті ұйыммен келісілген тізімі негізінде;
осы Қағиданың 7 тармағы 9) тармақшасының үшінші, төртінші абзацтарында көрсетілген санаттарға 17619 (он жеті мың алты жүз он тоғыз) теңге мөлшерінде – уәкілетті органмен келісілген тізімі негізінде;".