О внесении изменений и дополнения в решение Щербактинского районного маслихата от 15 января 2014 года № 106/37 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Щербактинского района"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в решение Щербактинского районного маслихата от 15 января 2014 года № 106/37 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Щербактинского района"
- Атауы (қаз.)
- Шарбақты аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 қаңтардағы № 106/37 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 134/46
- Қабылданған күні
- 14.07.2014
- Көрсетілген редакция
- 29.09.2020 81590_484535.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.09.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14PM003892
- ЭКБ идентификаторы
- 81590
- Редакция идентификаторы
- 81590_484535
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:08
0 Шарбақты аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 қаңтардағы № 106/37 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6 – бабы 2–3–тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қаулысына сәйкес Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1
1. Шарбақты аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 қаңтардағы № 106/37 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3696 тіркелген, 2014 жылғы 27 ақпандағы ауданның "Маралды" газетінің № 9, 2014 жылдың 27 ақпандағы ауданның "Трибуна" газетінің № 9 жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
осы аталған шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
5 тармақ 3) тармақшасындағы "Халықаралық мүгедектер күні" сөздері
"Қазақстан Республикасының Мүгедектер күні" деген сөздерімен алмастырылсын;
8 тармақ 1) тармақшасындағы "Халықаралық мүгедектер күніне" сөздері "Қазақстан Республикасының Мүгедектер күніне" деген сөздерімен алмастырылсын;
8 тармағының 2) тармақшасы келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"осы Қағиданың 7 тармағы 1) тармақшасында көрсетілген санаттарға 150000 (жүз елу мың) теңгеге дейін мөлшерде – жеке есепшотының нөмірі екінші дәрежелі банктерде немесе жекелеген банктік операцияларды жүзеге асырушы қажетті лицензиясы бар ұйымдарда көрсетілген жеке өтініші, жеке басын куәландыратын құжат, үй иелігі құқығын растайтын құжат, тұрмыс-жағдайларын тексеру актісі негізінде;".