О внесении изменений и дополнений в решение Щербактинского районного маслихата от 15 января 2014 года № 106/37 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Щербактинского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в решение Щербактинского районного маслихата от 15 января 2014 года № 106/37 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Щербактинского района»
- Атауы (қаз.)
- Шарбақты аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 қаңтардағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» №106/37 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 191/56
- Қабылданған күні
- 17.05.2019
- Көрсетілген редакция
- 29.09.2020 131766_484541.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.09.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19PM006379
- ЭКБ идентификаторы
- 131766
- Редакция идентификаторы
- 131766_484541
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:54
0 Шарбақты аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 қаңтардағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» № 106/37 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылға 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 504 Қаулысына сәйкес, Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Шарбақты аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 қаңтардағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» №106/37 шешіміне (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3696 болып тіркелген, 2014 жылғы 26 ақпандағы «Әділет» нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
осы аталған шешіммен бекітілгенәлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
1 тармағының 9) тармақшасы жаңа басылымда жазылсын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
7 тармағының 6) тармақшасы келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«гемодиализге мұқтаж 1 топ мүгедектері;»;
8 тармағының:
2) тармақшасында:
екінші абзацтағы «Шарбақты ауылында тұратындарға 10000 (он мың) теңге мөлшерінде және ауылдық округтерде тұратындарға 14000 (он төрт мың) теңге мөлшерінде» сөздерімен сандары «15000 (он бес мың) теңге мөлшерінде» сөздерімен сандарына өзгертілсін;
үшінші абзацтағы «15000 (он бес мың) теңгеге дейін» сөздерімен сандары «10 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК)» сөздерімен сандарына өзгертілсін;
бесінші абзацтағы «айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК)» сөздері «АЕК» қысқартылған сөзіне өзгертілсін;
тоғызыншы абзацтағы «30» саны «60» санына өзгертілсін;
4) тармақшасында:
алтыншы абзацтағы «5» саны «10» санына өзгертілсін;
келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«осы Қағидалардың 7-тармағының 6) тармақшасының алтыншы абзацында көрсетілген санаттарға 10 (он) АЕК мөлшерінде (жол жүру үшін) – шаруашылық жүргізу құқығындағы «Шарбақты орталық аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнынан ұсынылған тізім негізінде».»;
9 тармағының:
1) тармақшасында:
екінші абзацтағы «Шарбақты ауылында тұратындарға 10000 (он мың) теңге мөлшерінде және ауылдық округтерде тұратындарға 14000 (он төрт мың) теңге мөлшерінде» сандарымен сөздері «Шарбақты ауылында тұратындарға 15000 (он бес мың) теңге мөлшерінде және ауылдық округтерде тұратындарға 20000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде» сандарымен сөздеріне өзгертілсін;
алтыншы абзацтағы «10000 (он мың)» саны «15000 (он бес мың)» санына өзгертілсін;
2) тармақшасында:
үшінші абзацтағы «2» саны «4» санына өзгертілсін;
келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«осы Қағидалардың 7-тармағының 9) тармақшасының төртінші, он бірінші абзацында көрсетілген санаттарға мектепке дейінгі ұйымдарға баратын балалар үшін ата-аналық өтемақыға 3 (үш) АЕК мөлшерінде – екінші деңгейдегі банктердегі, сондай-ақ жеке банк опреацияларына лицензиясы бар ұйымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, жеке басын куәландыратын құжат, тұрақты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат, баланың туу туралы куәлігі, өткен тоқсанда отбасының алған табысы туралы мәліметі, мектепке дейінгі ұйымдардан қатысу табелінұсынуменанықтаманың негізінде.».