О внесении изменений в постановление акимата Уилского района от 15 августа 2014 года № 165 «Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов для всех кандидатов на территории Уилского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Уилского района от 15 августа 2014 года № 165 «Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов для всех кандидатов на территории Уилского района»
- Атауы (қаз.)
- Ойыл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 165 «Ойыл ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 93
- Қабылданған күні
- 20.05.2019
- Көрсетілген редакция
- 20.05.2019 131874_408419.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.05.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19CK006174
- ЭКБ идентификаторы
- 131874
- Редакция идентификаторы
- 131874_408419
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:52
0 Ойыл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 165 «Ойыл ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабына сәйкес, Ойыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Ойыл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 165 «Ойыл ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4008 болып тіркелген, 2014 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулыға келесідей өзгерістер енгізілсін:
қаулының қазақ тіліндегі деректемелерінде «шешімі» сөзі «қаулы» сөзімен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді;
қазақ тіліндегі қаулыға қосымшасының тақырыбы келесі жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«Ойыл ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар».
2 2. «Ойыл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Қазыбаевқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Ойыл аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы:
____________ Б. Бисекенов
« » _________ 2019 жыл