О внесении изменений в приказ Министра Республики Казахстан от 15 декабря 2014 года № 208 "Об утверждении предельной цены оптовой реализации сжиженного нефтяного газа на внутреннем рынке"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра Республики Казахстан от 15 декабря 2014 года № 208 "Об утверждении предельной цены оптовой реализации сжиженного нефтяного газа на внутреннем рынке"
- Атауы (қаз.)
- "Ішкі нарықта сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Энергетика Министрінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 208 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 156
- Қабылданған күні
- 27.02.2015
- Көрсетілген редакция
- 27.02.2015 87283_39228.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.02.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500010358
- ЭКБ идентификаторы
- 87283
- Редакция идентификаторы
- 87283_39228
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:19
0 «Ішкі нарықта сұйытылған
мұнай газын көтерме саудада
өткізудің шекті бағасын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасының Энергетика
Министрінің 2014 жылғы
15 желтоқсандағы № 208 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Ішкі нарықта сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Энергетика Министрінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 208 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10121 тіркелген), мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Сұйытылған мұнай газын ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағасын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының iшкi нарығында сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткiзудiң 2015 жылғы 31 наурызға дейiнгi кезеңге арналған шектi бағасы қосылған құн салығын есепке алмағанда, тоннасына 11 033, 91 теңге (он бір мың отыз үш теңге тоқсан бір тиын) мөлшерiнде бекітілсін.».
2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2 2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
_______________ Е. Досаев
«____» _________2015 жыл