Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 15 декабря 2014 года № 209 «Об утверждении Правил определения предельных цен оптовой реализации товарного и сжиженного нефтяного газа на внутреннем рынке»

Бұйрық · № 84 · қабылданған 07.03.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-2014-no-209-ekb-110489/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 15 декабря 2014 года № 209 «Об утверждении Правил определения предельных цен оптовой реализации товарного и сжиженного нефтяного газа на внутреннем рынке» Қолданыста Бұйрық ·№ 84 ·07.03.2017
07.03.2017 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.03.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 15 декабря 2014 года № 209 «Об утверждении Правил определения предельных цен оптовой реализации товарного и сжиженного нефтяного газа на внутреннем рынке»

Қолданыста Бұйрық ·№ 84 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 15 декабря 2014 года № 209 «Об утверждении Правил определения предельных цен оптовой реализации товарного и сжиженного нефтяного газа на внутреннем рынке»
Атауы (қаз.)
«Тауарлық және сұйытылған мұнай газын ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 209 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
84
Қабылданған күні
07.03.2017
Көрсетілген редакция
07.03.2017 110489_167024.kaz
Соңғы өзгеріс
07.03.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700014921
ЭКБ идентификаторы
110489
Редакция идентификаторы
110489_167024
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 05:51

0 «Тауарлық және сұйытылған мұнай газын ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 209 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1.«Тауарлық және сұйытылған мұнай газын ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 209 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10120 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарлық және сұйытылған мұнай газын ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын айқындау қағидаларында:
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес әзірленген сұйытылған мұнай газының жоспарланған кезеңге арналған шекті бағасының деңгейі жөніндегі ұсыныстар 2017 жылғы 1 тоқсанға бекітілген сұйытылған мұнай газын ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағасынан төмен болмауы және 2014 жылға бекітілген ішкі нарықта сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің ең максималды шекті бағасынан артық болмауы тиіс.».

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

4

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_______________ Т. Сүлейменов
9 наурыздағы 2017 жыл

Қолданыстағы