Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 15 декабря 2014 года № 209 "Об утверждении Правил определения предельных цен оптовой реализации товарного и сжиженного нефтяного газа на внутреннем рынке"

Бұйрық · № 593 · қабылданған 07.10.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-2014-no-209-ekb-95877/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 15 декабря 2014 года № 209 "Об утверждении Правил определения предельных цен оптовой реализации товарного и сжиженного нефтяного газа на внутреннем рынке" Қолданыста Бұйрық ·№ 593 ·07.10.2015
07.10.2015 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.10.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 15 декабря 2014 года № 209 "Об утверждении Правил определения предельных цен оптовой реализации товарного и сжиженного нефтяного газа на внутреннем рынке"

Қолданыста Бұйрық ·№ 593 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 15 декабря 2014 года № 209 "Об утверждении Правил определения предельных цен оптовой реализации товарного и сжиженного нефтяного газа на внутреннем рынке"
Атауы (қаз.)
"Тауарлық және сұйытылған мұнай газын ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 209 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
593
Қабылданған күні
07.10.2015
Көрсетілген редакция
07.10.2015 95877_Some(41729).kaz
Соңғы өзгеріс
07.10.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500012307
ЭКБ идентификаторы
95877
Редакция идентификаторы
95877_Some(41729)
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 13:06

0 «Тауарлық және сұйытылған мұнай

газын ішкі нарықта көтерме
саудада өткізудің шекті бағаларын
айқындау қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы
Энергетика Министрінің 2014 жылғы
15 желтоқсандағы № 209 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Тауарлық және сұйытылған мұнай газын ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 209 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 10120 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 74 (28552) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарлық және сұйытылған мұнай газын ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын айқындау қағидаларында:
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес әзірленген жоспарланған кезеңге арналған сұйытылған мұнай газының шекті бағасының деңгейі жөніндегі ұсыныстары 2015 жылғы 1 қаңтарға бекітілген тауарлық газдың шекті көтерме бағасының орташа арифметикалық мәнінен төмен болмауы және 2014 жылғы бекітілген ішкі нарықта сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің ең максималды мәнінен артық болмауы қажет.»;
көрсетілген Қағидаларға қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жана редакцияда жазылсын.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

2 2.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

3 3.Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
______________ Е. Досаев
2015 жылғы 22 қазан

4 Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің
2015 жылғы 7 қазандағы
№ 593 бұйрығына
қосымша
Тауарлық және сұйытылған
мұнай газын
ішкі нарықта көтерме саудада
өткізудің шекті бағаларын
айқындау қағидаларына
қосымша
Ішкі нарықта сұйытылған мұнай газын көтерме саудада
өткізудің шекті бағасын анықтау
P = (Pw – TRexp) x К
мұнда,
P – ішкі нарықта сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағасы, бір тоннасы үшін теңге;
Pw – бірінші айының ағымдағы тоқсан үшін күндегі баға белгілеудің орташа арифметикалық мәні ретінде айқындалатын сұйытылған мұнай газына әлемдік баға, бір тоннасы үшін теңге. Осы тармақтың мақсаттары үшін баға кесу «Argus Media (Russia) Ltd. (Petroleumargus)» компаниясының «Аргус сұйытылған газ және конденсат» ақпарат көзінде жарияланатын ақпараттың негізінде шетел валютасында белорусь-поляк шекарасындағы (СПБТ daf Брест), ал жоғарыда көрсетілген ақпарат көзінде сұйытылған мұнай газына арналған баға туралы ақпарат болмаған кезде – Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында айқындалатын басқа көздердің деректері бойынша сұйытылған мұнай газының бағасын белгілеуді білдіреді;
TRexp – Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерге сұйытылған мұнай газын өткізу жөніндегі мәмілелердің мониторингі негізінде уәкілетті орган айқындайтын бірінші айының ағымдағы тоқсан үшін Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан сұйытылған мұнай газын өндіру жөніндегі объектілерден белорусь-поляк шекарасына дейін сұйытылған мұнай газын тасымалдау жөніндегі орташа арифметикалық шығыстар, бір тоннасы үшін теңге;
К – осы коэффициентті есептеу барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті мен жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері негізінде алдыңғы өткен күнтізбелік жылда Қазақстан Республикасында жалпы халық саны деңгейіне Қазақстан Республикасында газбен жабдықталған халық саны деңгейінің қатынасын көрсететін түзету коэффициенті.

Қолданыстағы