Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра финансов Республики Казахстан от 15 мая 2014 года № 224 "Об утверждении форм заключительного отчета реабилитационного и банкротного управляющих"

Бұйрық · № 636 · қабылданған 09.12.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-2014-no-224-ekb-97694/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра финансов Республики Казахстан от 15 мая 2014 года № 224 "Об утверждении форм заключительного отчета реабилитационного и банкротного управляющих" Қолданыста Бұйрық ·№ 636 ·09.12.2015
09.12.2015 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра финансов Республики Казахстан от 15 мая 2014 года № 224 "Об утверждении форм заключительного отчета реабилитационного и банкротного управляющих"

Қолданыста Бұйрық ·№ 636 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра финансов Республики Казахстан от 15 мая 2014 года № 224 "Об утверждении форм заключительного отчета реабилитационного и банкротного управляющих"
Атауы (қаз.)
Оңалтуды және банкроттықты басқарушыларының қорытынды есебінің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2014 жылғы 15 мамырдағы № 224 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
636
Қабылданған күні
09.12.2015
Көрсетілген редакция
09.12.2015 97694_63074.kaz
Соңғы өзгеріс
09.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500012552
ЭКБ идентификаторы
97694
Редакция идентификаторы
97694_63074
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 12:10

0 «Оңалтуды және банкроттықты басқарушыларының қорытынды есебінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 15 мамырдағы № 224 бұйрығына өзгерту мен толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Оңалтуды және банкроттықты басқарушыларының қорытынды есебінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 15 мамырдағы № 224 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9522 болып тіркелген, 2014 жылғы 11 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерту мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген оңалтуды басқарушының қорытынды есебінің нысанында:
2-бөлімде:
2.5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2.5 Оңалту жоспарын*, оңалту жоспарына өзгертулерді және толықтыруларды енгізіп* бекіту туралы сот ұйғарымы 20__ жылғы «___»________________________________________ шығарылды.
(соттың атауы)
Оңалту жоспарын, оңалту жоспарына өзгертулерді және толықтыруларды келісу туралы кредиторлар жиналысының 20___ жылғы «___»_____________ № _____хаттамасы.»;
мынадай мазмұндағы 2.6-тармақпен толықтырылсын:
«2.6 Банкроттық рәсімін тоқтату, оңалту рәсімін қолдану және оңалту жоспарын бекіту туралы сот шешімі 20__ жылғы «___»_________________________________________________ шығарылды;
(соттың атауы)
Борышкер «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 95-1-бабына сәйкес банкроттық рәсімнен оңалту рәсіміне көшкен жағдайда 2.6-тармақ толтыруға жатады.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген банкроттықты басқарушының қорытынды есебінің нысанында:
13-бөлім мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:
«Егер, банкроттық рәсімін өткізу кезеңінде банкрот кәсіпорын сатуды жүзеге асырған жағдайда 1, 2, 3, 4, 5, 7 және 13-бөлімдер толтырылуға жатады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдары мен «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сонымен қатар «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiсінде ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы