О внесении изменения в решение Урджарского районного маслихата от 15 апреля 2014 года № 24-253/V «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Урджарского районного маслихата от 15 апреля 2014 года № 24-253/V «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
- Атауы (қаз.)
- «Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж заматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Үржар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 24-253/V шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 31-325/VI
- Қабылданған күні
- 05.09.2018
- Көрсетілген редакция
- 20.09.2023 124929_669075.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.09.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18VR000166
- ЭКБ идентификаторы
- 124929
- Редакция идентификаторы
- 124929_669075
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 23:19
0 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және
мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін
айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Үржар аудандық
мәслихатының 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 24-253/V шешіміне
өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ :
1. Үржар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 24-253/V «Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3325 нөмірімен тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 3 маусымында және «Пульс времени/Уақыт тынысы» газетінің 2014 жылғы 5 маусымында жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасында:
20 тармақтағы абзац келесі редакцияда жазылсын:
«Осы Қағидалардың 16 және 17 тармақтарында көрсетiлген жағдайларда уәкiлеттi орган өтiнiш берушiден немесе ауылдық округтiң әкiмiнен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.».