Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в решение Урджарского районного маслихата от 15 апреля 2014 года № 24-253/V «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»

Ереже · № 51-624/VI · қабылданған 16.04.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-2014-no-24-253v-ekb-142248/on/2026-09-16/
Басып шығарылды 2026-09-16 · adilet.kz
О внесении изменения в решение Урджарского районного маслихата от 15 апреля 2014 года № 24-253/V «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» Күшін жойған Ереже ·№ 51-624/VI ·16.04.2020
20.09.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в решение Урджарского районного маслихата от 15 апреля 2014 года № 24-253/V «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»

Күшін жойған Ереже ·№ 51-624/VI · 16.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в решение Урджарского районного маслихата от 15 апреля 2014 года № 24-253/V «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Атауы (қаз.)
Үржар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 24-253/V «Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
51-624/VI
Қабылданған күні
16.04.2020
Көрсетілген редакция
20.09.2023 142248_669089.kaz
Соңғы өзгеріс
20.09.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20VR006964
ЭКБ идентификаторы
142248
Редакция идентификаторы
142248_669089
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:58

0 Үржар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 сәуірдегі

№ 24-253/V «Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін
белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын
бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасының «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Үржар аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ :

1. Үржар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 24-253/V «Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3325 нөмірімен тіркелген, 2014 жылдың 3 маусымында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, «Пульс времени/Уақыт тынысы» газетінде 2014 жылдың 5 маусымында жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
10 тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«10. Атаулы күндер мен мереке күндеріне бірреттік әлеуметтік көмек азаматтардың мынадай санаттарына көрсетіледі:
3) Халықаралық радиациалық авариялар мен апаттар құрбандарын еске алу күні - 26 сәуір:
- 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттын, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ, ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдарға – 33,400 айлық есептік көрсеткіш;
- 1988 - 1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-дағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушылардың, қоныс аудару күнінде құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймағынан қоныс аударылғандардың (өз еркімен кеткендердің) және Қазақстан Республикасына қоныстанғандардың қатарындағы адамдарға – 33,400 айлық есептік көрсеткіш;
- Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуы себебiнен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балалары – 23,857 айлық есептік көрсеткіш;»;
10 тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«10. Атаулы күндер мен мереке күндеріне бірреттік әлеуметтік көмек азаматтардың мынадай санаттарына көрсетіледі:
4) Қазақстан халқының бірлігі мерекесі - 1 мамыр:
- 16 жасқа дейінгі мүгедек бала асыраушы адамдарға - 4,771 айлық есептік көрсеткіш;»;
10 тармақтың 5) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«10. Атаулы күндер мен мереке күндеріне бірреттік әлеуметтік көмек азаматтардың мынадай санаттарына көрсетіледі:
5) Жеңіс күні - 9 мамыр:
- Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына – 215,983 айлық есептік көрсеткіш;
- қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдеріне (күйеулеріне) – 35,998 айлық есептік көрсеткіш;
- Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдарға – 35,998 айлық есептік көрсеткіш;
- 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға – 15,299 айлық есептік көрсеткіш;»;
10 тармақтың 6) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«10. Атаулы күндер мен мереке күндеріне бірреттік әлеуметтік көмек азаматтардың мынадай санаттарына көрсетіледі:
6) Саяси құғын-сүргін құрбандарын еске алу күні - 31 мамыр:
- саяси құғын - сүргін құрбандары болған азаматтарға - 4,294 айлық есептік көрсеткіш.».

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кеиін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы