Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 15 октября 2014 года № 346 «Об утверждении Правил внутреннего распорядка следственных изоляторов органов национальной безопасности Республики Казахстан»

Бұйрық · № 14 қе · қабылданған 27.03.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-2014-no-346-ekb-112092/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 15 октября 2014 года № 346 «Об утверждении Правил внутреннего распорядка следственных изоляторов органов национальной безопасности Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 14 қе ·27.03.2017
27.03.2017 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.03.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 15 октября 2014 года № 346 «Об утверждении Правил внутреннего распорядка следственных изоляторов органов национальной безопасности Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 14 қе · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 15 октября 2014 года № 346 «Об утверждении Правил внутреннего распорядка следственных изоляторов органов национальной безопасности Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары тергеу изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 15 қазандағы № 346 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
14 қе
Қабылданған күні
27.03.2017
Көрсетілген редакция
27.03.2017 112092_184742.kaz
Соңғы өзгеріс
27.03.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700015073
ЭКБ идентификаторы
112092
Редакция идентификаторы
112092_184742
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 05:37

0 «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары тергеу изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 15 қазандағы № 346 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары тергеу изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 15 қазандағы № 346 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 9887 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 тамызда «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде және 2015 жылғы 24 қыркүйекте № 183 «Егеменді Қазақстан» газетінде ресми жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары тергеу изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидаларында:
110-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«110. Күдіктілер мен айыпталушыларды медициналық-санитарлық қамтамасыз ету осы тарауда көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, «Бас бостандығы шектеулі азаматтарға, сондай-ақ сот үкімі бойынша жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, арнайы мекемелерге орналастырылған адамдарға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 314 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 11206 болып тіркелген) регламенттеледі».

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Тергеу изоляторы заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялауға жіберуді;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы