О внесении изменения в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 15 октября 2014 года № 346 «Об утверждении Правил внутреннего распорядка следственных изоляторов органов национальной безопасности Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 15 октября 2014 года № 346 «Об утверждении Правил внутреннего распорядка следственных изоляторов органов национальной безопасности Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары тергеу изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 15 қазандағы № 346 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 15 нс
- Қабылданған күні
- 19.03.2018
- Көрсетілген редакция
- 19.03.2018 120607_312303.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.03.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1800016730
- ЭКБ идентификаторы
- 120607
- Редакция идентификаторы
- 120607_312303
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:15
0 «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары тергеу изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 15 қазандағы № 346 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары тергеу изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 15 қазандағы № 346 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 9887 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 тамызда «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесінде ресми жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары тергеу изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидаларында:
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Жүкті әйелдерді және өзімен бірге үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдерді орналастыру үшін «Күдіктілерді, айыпталушыларды, сотталғандарды және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі балалар үйлеріндегі балаларды тамақтандырудың және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормаларын және сотталғандардың киім нысандары үлгілерін, сондай-ақ Қамауға алу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден босатылатын адамдардың тұрғылықты жеріне немесе жұмысына жету үшін ақысыз жол жүрумен, тамақпен немесе ақшамен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 1255 қаулысында (бұдан әрі – Қаулы) белгіленген жетілдірілген материалдық тұрмыстық жағдай жасалады, мамандандырылған медициналық қызмет көрсету ұйымдастырылады және тамақтану мен заттай қамтамасыз етудің жоғарғы нормалары белгіленеді. Жүкті әйелдер мен өзімен бірге балалары бар әйелдерге күніне үш сағатқа созылатын серуендеулер ұсынылады. Карцерге жабу түріндегі жазалау шаралары оларға қолданылмайды.».
2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Тергеу изоляторы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;