О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 15 октября 2014 года № 346 «Об утверждении Правил внутреннего распорядка следственных изоляторов органов национальной безопасности Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 15 октября 2014 года № 346 «Об утверждении Правил внутреннего распорядка следственных изоляторов органов национальной безопасности Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары тергеу изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 15 қазандағы № 346 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 19/ке
- Қабылданған күні
- 05.05.2022
- Көрсетілген редакция
- 05.05.2022 167533_573122.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.05.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200027970
- ЭКБ идентификаторы
- 167533
- Редакция идентификаторы
- 167533_573122
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 02:03
0 «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары
тергеу изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының
2014 жылғы 15 қазандағы № 346 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары тергеу изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 15 қазандағы № 346 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9887 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: »
аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары тергеу изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидаларында:
1 мен 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары тергеу изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 15-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленген және қылмыстық құқықбұзушылық жасауға күдіктілер мен айыпталушыларға қатысты бұлтарпау шарасы ретінде Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторларында (бұдан әрі – тергеу изоляторлары) қамауға алу таңдалған күдіктілер мен айыпталушыларды қамауда ұстаудың ішкі тәртіптемесін регламенттейді.
2. Ішкі тәртіптеме күдіктілер мен айыпталушылардың құқықтарын сақтау, олардың өз міндеттерін атқаруы, оларды оқшаулау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде (бұдан әрі – ҚПК) қарастырылған міндеттерді шешу мақсатында белгіленеді.
Режимді қамтамасыз ету, ішкі тәртіпті ұстау тергеу изоляторының әкімшілігіне жүктеледі.»;
87-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«87. Күдіктілер мен айыпталушыларға әдет-ғұрып қажеттілігі жағдайында олардың немесе туыстарының өтініштері бойынша және қылмыстық істі жүргізуші адамның немесе органның рұқсатымен тергеу изоляторына «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тәртіпте тіркелген діни бірлестіктердің өкілдерін шақыруға болады.»;
93-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«93. Күзетте ұсталатын адаммен неке қиюды мемлекеттік тіркеуді (жұбайлық) (бұдан әрі – неке) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын жергілікті атқару органының өкілі (бұдан әрі – тіркеуші орган) тергеу изоляторының орын-жайында «Неке (жұбайлық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде қарастырылған неке қию шарттарын қадағалай отырып, жүргізеді. Көрсетілген адамдар тарапынан куәгерлердің жалпы саны – екі адам.»;
110-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«110. Күдіктілер мен айыпталушыларды медициналық-санитарлық қамтамасыз ету осы тарауда көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, «Сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан бас бостандығы шектелген адамдарға, сондай-ақ ұсталған, қамауға алынған және арнайы мекемелерге орналастырылған адамдарға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 28 қазандағы № 745 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21534 болып тіркелген) регламенттеледі».