Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 15 октября 2014 года № 346 «Об утверждении Правил внутреннего распорядка следственных изоляторов органов национальной безопасности Республики Казахстан»

Бұйрық · № 84/қе · қабылданған 05.10.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-2014-no-346-ekb-186987/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 15 октября 2014 года № 346 «Об утверждении Правил внутреннего распорядка следственных изоляторов органов национальной безопасности Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 84/қе ·05.10.2023
05.10.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 15 октября 2014 года № 346 «Об утверждении Правил внутреннего распорядка следственных изоляторов органов национальной безопасности Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 84/қе · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 15 октября 2014 года № 346 «Об утверждении Правил внутреннего распорядка следственных изоляторов органов национальной безопасности Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары тергеу изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 15 қазандағы № 346 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
84/қе
Қабылданған күні
05.10.2023
Көрсетілген редакция
05.10.2023 186987_659638.kaz
Соңғы өзгеріс
05.10.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300033527
ЭКБ идентификаторы
186987
Редакция идентификаторы
186987_659638
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 16:28

0 «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары тергеу изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 15 қазандағы № 346 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары тергеу изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 15 қазандағы № 346 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9887 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары тергеу изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидаларында:
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Жүкті әйелдерді және өзімен бірге үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдерді орналастыру үшін «Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды тамақтандыру және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 5 маусымдағы № 448 бұйрығы (бұдан әрі - Бұйрық) белгіленген жетілдірілген материалдық тұрмыстық жағдай жасалады, мамандандырылған медициналық қызмет көрсету ұйымдастырылады және тамақтану мен заттай қамтамасыз етудің жоғарғы нормалары белгіленеді. Жүкті әйелдер мен өзімен бірге балалары бар әйелдерге күніне үш сағатқа созылатын серуендеулер ұсынылады. Карцерге жабу түріндегі жазалау шаралары оларға қолданылмайды.»;
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«37. Бұйрыққа сәйкес камераларда жалпы пайдалану үшін және онда ұсталатын адамдардың санына қарай есептеліп мыналар беріледі:
1) шаруашылық және иіс сабыны;
2) үстел ойындары: дойбылар, шахматтар, домино, нардалар;
3) камераны жинауға арналған заттар;
4) тігін инелері, қайшы, тамақ өнімдерін турайтын пышақ (күдіктілер мен айыпталушыларға тергеу изоляторы әкімшілігінің бақылауымен қысқа мерзімге пайдалануға беріледі);
5) гигиеналық мақсаттарға арналған қағаз;
6) газеттер;
7) тіс пастасы және тіс щеткасы.
Балалы әйелдер қосымша бала күтіміне қажет құралдарды алады.»;
66-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«66. Күзетте ұсталатын күдіктілер мен айыпталушылар туыстары мен өзге де адамдарға айына екіден көп емес хат немесе жеделхат жөнелтеді, сондай-ақ олардан айына екіден көп емес хат немесе жеделхат алады.»;
110-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«110. Күдіктілер мен айыпталушыларды медициналық-санитарлық қамтамасыз ету осы тарауда көзделген ерекшеліктерді ескере отырып «Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министірінің 2022 жылғы 30 маусымдағы № ҚР ДСМ-61 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 1 шілдеде №28669 болып тіркелді) регламенттеледі.»;
160-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«160. Қамаудан босатылған күдіктіге және айыпталушыға жеке құжаттары, заттары, оның жеке шотында сақтаулы ақшалары, сондай-ақ оны күзетте ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы кіммен санкцияланған; бұлтартпау шарасын таңдау және ұстау негіздемесі, орны және уақыты; босатылуының негіздемесі және уақыты көрсетілген анықтама беріледі.».

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Тергеу изоляторы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері оларға қатысты бөлігінде таныстырылсын.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы