Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 15 августа 2014 года № 511 «Об утверждении Правил организации деятельности службы пробации»

Бұйрық · № 756 · қабылданған 16.11.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-2014-no-511-ekb-116510/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 15 августа 2014 года № 511 «Об утверждении Правил организации деятельности службы пробации» Қолданыста Бұйрық ·№ 756 ·16.11.2017
16.11.2017 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.11.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 15 августа 2014 года № 511 «Об утверждении Правил организации деятельности службы пробации»

Қолданыста Бұйрық ·№ 756 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 15 августа 2014 года № 511 «Об утверждении Правил организации деятельности службы пробации»
Атауы (қаз.)
«Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 511 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
756
Қабылданған күні
16.11.2017
Көрсетілген редакция
16.11.2017 116510_265054.kaz
Соңғы өзгеріс
16.11.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700016048
ЭКБ идентификаторы
116510
Редакция идентификаторы
116510_265054
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:15

0 «Пробация қызметінің жұмысын

ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрінің 2014 жылғы 15 тамыздағы
№ 511 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 16-бабы бірінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 511 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9738 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 ақпанда «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
атауы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«1. Қоса беріліп отырған Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидасында:
атауы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидалары»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«1. Осы Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, Қылмыстық-атқару кодекстеріне, «Пробация туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес әзірленді және пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру тәртібін белгілейді.»;
10-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«10. Сотталғанды есепке қойғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде Пробация қызметі Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 68 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15516 болып тіркелген) Қылмыстық жауаптылыққа тартылатын, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған адамдардың, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдардың арнайы есебін, ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдардың дактилоскопиялық есебін жүргізу және пайдалану қағидаларының (бұдан әрі – Адамдардың арнайы есебін жүргізу және пайдалану қағидалары) 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сотталған (күзетпен қамауға алынған) туралы хабарламаны толтырады, ал басқа облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың соты соттаған адамдарға Адамдардың арнайы есебін жүргізу және пайдалану қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша әліпбилік есепке алу карточкасының бір данасын және сотталған (күзетпен қамауға алынған) туралы хабарлама толтырады, олар үкім көшірмесін, жеке басын куәландыратын құжатты қоса отырып, ілеспе хатпен ҚСжАЕАК-нің аумақтық басқармасына жолданады, ілеспе хаттың екінші данасы істің бірінші бөліміне тігіледі.».

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның елтаңбалық мөрмен расталған қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3 3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолдауды;

4 4) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

5

5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Б.Б. Бисенқұловқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне (А.Х. Базылбеков) жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы