Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 15 августа 2014 года № 511 «Об утверждении Правил организации деятельности службы пробации»

Бұйрық · № 243 · қабылданған 28.04.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-2014-no-511-ekb-155449/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 15 августа 2014 года № 511 «Об утверждении Правил организации деятельности службы пробации» Қолданыста Бұйрық ·№ 243 ·28.04.2021
28.04.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 15 августа 2014 года № 511 «Об утверждении Правил организации деятельности службы пробации»

Қолданыста Бұйрық ·№ 243 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 15 августа 2014 года № 511 «Об утверждении Правил организации деятельности службы пробации»
Атауы (қаз.)
«Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 511 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
243
Қабылданған күні
28.04.2021
Көрсетілген редакция
28.04.2021 155449_522591.kaz
Соңғы өзгеріс
28.04.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100022656
ЭКБ идентификаторы
155449
Редакция идентификаторы
155449_522591
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 08:21

0 «Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 511 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 511 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9738 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
1. Осы Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Қылмыстық кодексіне, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 4 шілдедегі Қылмыстық-процестік кодексіне, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексіне (бұдан әрі - ҚАК), «Пробация туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзірленді және пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайды. »;
5-тармақтың 2) тармақшасына мынадай редакцияда жазылсын:
5. Аумақтық Пробация қызметтері:
2) ішкі істер органдарының (бұдан әрі - ІІО) қолданыстағы автоматтандырылған ақпараттық-іздеу жүйелері және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің (бұдан әрі - ҚСжАЕК) ақпараттық жүйелері, сондай-ақ интернет желісіне қосылған қолда бар телекоммуникация құралдары (байланыс құралдары) бойынша сотталған адамдарды тексеруді жүзеге асырады.»;
140- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«140. Пробация қызметінің бастығы немесе оны ауыстыратын адам сотталғанға ҚАК-пен және сот жүктеген шектеулерге сәйкес тиісті құралдарды орнатудың техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып, бас бостандығын шектеуге сотталғанға қатысты бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы жазбаша ескертуді бір жыл мерзімге, ал шартты сотталғанға қатысты сот қаулысымен ұзартылған пробациялық бақылау мерзіміне электрондық бақылау құралдарын қолдану туралы шешім қабылдайды;».

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы