Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Айыртауского района Северо-Казахстанской области от 15 декабря 2014 года № 574 «О некоторых вопросах поощрений граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка на территории Айыртауского района»

Қаулы · № 61 · қабылданған 11.03.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-2014-no-574/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Айыртауского района Северо-Казахстанской области от 15 декабря 2014 года № 574 «О некоторых вопросах поощрений граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка на территории Айыртауского района» Күшін жойған 20.04.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в постановление акимата Айыртауского района Северо-Казахстанской области от 15 декабря 2014 года № 574 «О некоторых вопросах поощрений граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка на территории Айыртауского района»

Күшін жойған Қаулы № 61 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Айыртауского района Северо-Казахстанской области от 15 декабря 2014 года № 574 «О некоторых вопросах поощрений граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка на территории Айыртауского района»
Атауы (қаз.)
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 574 «Айыртау ауданы аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
61
Қабылданған күні
11.03.2020
Көрсетілген редакция
20.04.2026 140225_830356.kaz
Соңғы өзгеріс
20.04.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20SC006088
ЭКБ идентификаторы
140225
Редакция идентификаторы
140225_830356
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 15:44
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 574 «Айыртау ауданы аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 - бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Заңының 3 - бабы 2 – тармағының 3) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің «Айыртау ауданы аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы» 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 574 (2015 жылғы 9 ақпанда  «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3078 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қазақ тіліндегі қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

1 «1. Қоса берілген Айыртау ауданы аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидалары бекітілсін.»;

Айыртау ауданы аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Айыртау ауданы аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидалары

Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 11 наурызы
№ 61 қаулысына
қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 574 қаулысымен
бекітілген
Айыртау ауданы аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидалары
Осы Қағидалар Айыртау ауданы аумағында қоғамдық тәртіпті қорғауға қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу тәртібін анықтайды.

1. Қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарайды.

2. Қоғамдық тәртіпті сақтауға белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынысты (қолдау хат) Комиссияның қарауына «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті Айыртау ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-СҚО ПД Айыртау ауданының ПБ) енгізеді.

3. Комиссия қабылдайтын шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.

4. Көтермелеу түрін, оның ішінде ақшалай сыйақы мөлшерін көтермеленушінің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесін ескере отыра, Комиссия белгілейді.

5. Ақшалай сыйақыны төлеу және құнды сыйлықты алу үшін Комиссия қабылдаған шешімге сәйкес СҚО ПД Айыртау ауданының ПБ бастығының қосымша бұйрығы шығарылады.

6. СҚО ПД Айыртау ауданының ПБ ақшалай сыйақыны төлеуді және бағалы сыйлықты алуды облыстық бюджет қаражаты есебінен Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің 252 003 «Қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу» бюджеттік бағдарламасымен жүргізеді.

7. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін азаматтарға Айыртау ауданы әкімінің Құрмет грамотасын, Айыртау ауданы әкімінің Алғыс хаттарын, ақшалай сыйақы, бағалы сыйлықты беруді СҚО ПД Айыртау ауданының ПБ салтанатты жағдайда жүзеге асырады.