О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Кызылординской области от 15 декабря 2014 года № 782 «Об утверждении перечня рыбохозяйственных водоемов и (или) участков местного начения»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Кызылординской области от 15 декабря 2014 года № 782 «Об утверждении перечня рыбохозяйственных водоемов и (или) участков местного начения»
- Атауы (қаз.)
- «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 782 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1006
- Қабылданған күні
- 29.12.2017
- Көрсетілген редакция
- 05.02.2019 118272_389494.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.02.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17L0006127
- ЭКБ идентификаторы
- 118272
- Редакция идентификаторы
- 118272_389494
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 02:13
0 «Жергілікті маңызы бар
балық шаруашылығы су
айдындарының және (немесе)
учаскелерінің тізбесін бекіту
туралы» Қызылорда облысы
әкімдігінің 2014 жылғы
15 желтоқсандағы № 782
қаулысына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 782 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4842 нөмірімен тіркелген, «Кызылординские вести» және «Сыр бойы» газеттерінде 2015 жылғы 22 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесінде:
4 «4. Жалағаш ауданы» бөлімінде реттік нөмірлері жиырма төртінші, жиырма алтыншы жолдары алынып тасталсын;
6 «6. Қызылорда қаласы» бөлімінде реттік нөмірі төртінші жолы алынып тасталсын;
7 «7. Шиелі ауданы» бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы, қырықыншы, қырық бірінші, қырық екінші, қырық үшінші, қырық төртінші жолдармен толықтырылсын:
35)
Сарыкөл
36)
Сарыкөл 2
37)
Әсеткөл
38)
Қалғандария
39)
Жанаткөл
40)
Ортақкөл
41)
Ақтайкөл
42)
Иіркөл
43)
Құмкөл
44)
Соркөл