О ратификации Протокола о присоединении Республики Армения к Соглашению о введении единых форм паспорта транспортного средства (паспорта шасси транспортного средства) и паспорта самоходной машины и других видов техники и организации систем электронных паспортов от 15 августа 2014 года
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О ратификации Протокола о присоединении Республики Армения к Соглашению о введении единых форм паспорта транспортного средства (паспорта шасси транспортного средства) и паспорта самоходной машины и других видов техники и организации систем электронных паспортов от 15 августа 2014 года
- Атауы (қаз.)
- 2014 жылғы 15 тамыздағы Көлік құралы паспортының (көлік құралының шассиі паспортының) және өздігінен жүретін машина және техниканың басқа да түрлері паспортының бірыңғай нысандарын енгізу және электрондық паспорттар жүйелерін ұйымдастыру туралы келісімге Армения Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы
- Акт түрі
- Заң
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 313-VI
- Қабылданған күні
- 02.04.2020
- Көрсетілген редакция
- 02.04.2020 141205_487084.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.04.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- Z2000000313
- ЭКБ идентификаторы
- 141205
- Редакция идентификаторы
- 141205_487084
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 15:16
0 2014 жылғы 15 тамыздағы Көлік құралы паспортының (көлік құралының шассиі паспортының) және өздігінен жүретін машина және техниканың басқа да түрлері паспортының бірыңғай нысандарын енгізу және электрондық паспорттар жүйелерін ұйымдастыру туралы келісімге Армения Республикасының қосылуы
туралы хаттаманы ратификациялау туралы
2014 жылғы 15 тамыздағы Көлік құралы паспортының (көлік құралының шассиі паспортының) және өздігінен жүретін машина және техниканың басқа да түрлері паспортының бірыңғай нысандарын енгізу және электрондық паспорттар жүйелерін ұйымдастыру туралы келісімге Армения Республикасының қосылуы туралы 2018 жылғы 23 маусымда Мәскеуде жасалған хаттама ратификациялансын.
📌 Ескерту. Нормативтік
құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық Хаттаманың мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР
халықаралық Хаттамасының
жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық Хаттамаларын тіркеуге,
есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
Бейресми аударма
2014 жылғы 15 тамыздағы Көлік құралы паспортының (көлік құралының шассиі паспортының) және өздігінен жүретін машина және техниканың басқа да түрлері паспортының бірыңғай нысандарын енгізу және электрондық паспорттар жүйелерін ұйымдастыру туралы келісімге Армения Республикасының қосылуы туралы хаттама
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше - мемлекеттер үкіметтері атынан,
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 10 қазанда қол қойылған шарттың 1-бабы төртінші абзацының ережелерін басшылыққа ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1 1-бап
Осы Хаттамамен Армения Республикасы 2014 жылғы 15 тамыздағы Көлік құралы паспортының (көлік құралының шассиі паспортының) және өздігінен жүретін машина және техниканың басқа да түрлері паспортының бірыңғай нысандарын енгізу және электрондық паспорттар жүйелерін ұйымдастыру туралы келісімге қосылады.
2 2-бап
Осы Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше - мемлекеттердің орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап, бірақ 2014 жылғы 15 тамыздағы Көлік құралы паспортының (көлік құралының шассиі паспортының) және өздігінен жүретін машина және техниканың басқа да түрлері паспортының бірыңғай нысандарын енгізу және электрондық паспорттар жүйелерін ұйымдастыру туралы келісім күшіне енген күнінен кейін осы Хаттама күшіне енеді.
2018 жылғы 23 маусымда Мәскеу қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды.
Осы Хаттаманың төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады, ол осы Хаттаманың депозитарийі бола отырып, оның куәландырылған көшірмесін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше - әрбір мемлекетке жібереді.
Осымен осы мәтіннің 2018 жылғы 23 шілдедегі Мәскеу қаласында қол қойылған 2014 жылғы 15 тамыздағы Көлік құралы паспортының (көлік құралының шассиі паспортының) және өздігінен жүретін машина және техниканың басқа да түрлері паспортының бірыңғай нысандарын енгізу және электрондық паспорттар жүйелерін ұйымдастыру туралы келісімге Армения Республикасының қосылуы туралы хаттаманың толық және төлнұсқа көшірмесі екенін куәландырамын:
Армения Республикасы үшін - Армения Республикасы Вице-Премьер-Министрі, Халықаралық экономикалық интеграция және реформа министрі В.В. Габриелян;
Беларус Республикасы үшін - Беларусь Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары В.С. Матюшевский;
Қазақстан Республикасы үшін - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А.Ұ. Мамин;
Қырғыз Республикасы үшін - Қырғыз Республикасының Вице-премьер-министрі О.М. Панкратов;
Ресей Федерациясы үшін - Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары И.И. Шувалов.
Төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссиясында сақталады.
2018 жылғы 23 шілдеде Мәскеу қаласында қол қойылған 2014 жылғы 15 тамыздағы Көлік құралы паспортының (көлік құралының шассиі паспортының) және өздігінен жүретін машина және техниканың басқа да түрлері паспортының бірыңғай нысандарын енгізу және электрондық паспорттар жүйелерін ұйымдастыру туралы келісімге Армения Республикасының қосылуы туралы хаттаманың орыс тіліндегі мәтініне дәлме-дәл екенін растаймын.