Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 15 апреля 2015 года № 204 «Об утверждении стандарта государственной услуги «Выдача лицензии на занятие образовательной деятельностью»

Бұйрық · № 36 · қабылданған 25.01.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-2015-no-204/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 15 апреля 2015 года № 204 «Об утверждении стандарта государственной услуги «Выдача лицензии на занятие образовательной деятельностью» Күшін жойған Бұйрық ·№ 36 ·25.01.2019
10.09.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.09.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 15 апреля 2015 года № 204 «Об утверждении стандарта государственной услуги «Выдача лицензии на занятие образовательной деятельностью»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 36 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 15 апреля 2015 года № 204 «Об утверждении стандарта государственной услуги «Выдача лицензии на занятие образовательной деятельностью»
Атауы (қаз.)
«Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 204 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
36
Қабылданған күні
25.01.2019
Көрсетілген редакция
10.09.2020 128871_479294.kaz
Соңғы өзгеріс
10.09.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900018245
ЭКБ идентификаторы
128871
Редакция идентификаторы
128871_479294
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 21:16

0 «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 204 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 204 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11120 болып тіркелген 2015 жылғы 16 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде және тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 554-бабына сәйкес бюджетке жекелеген қызмет түрімен айналысу құқығына лицензиялық алым төленеді:
1) лицензияны беру кезінде төленетін лицензиялық алым 10 (он) айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;
2) лицензияны қайта ресімдеу кезінде лицензиялық алым – төлеу күніне белгіленген 1 (бір) АЕК;
3) лицензияның телнұсқаларын беру үшін лицензиялық алым – төлеу күніне белгіленген 10 (он) АЕК.
Лицензиялық алым төлеу қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар немесе «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
Лицензияға қосымшаны, лицензияға қосымшалардың телнұсқаларын берген кезде, берілген лицензияда және/немесе лицензияға қосымшада қателер табылған және тиісті түзетулер енгізілген жағдайларда лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны берген кезде мемлекеттік қызмет көрсетілгені үшін ақы алынбайды.
9-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) іске асырылатын білім беру оқу бағдарламаларына байланысты қосымша мынадай құжаттар ұсынылады:
бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1, 3, 4, 5-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысандары;
үлгілік оқу жоспарларына сәйкес әзірленген білім беру ұйымының басшысы бекіткен оқу жұмыс жоспарларының электрондық көшірмелері;
ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
негізгі орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1, 3, 4, 5, 6-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысандары;
үлгілік оқу жоспарларына сәйкес әзірленген білім беру ұйымының басшысы бекіткен оқу жұмыс жоспарларының электрондық көшірмелері;
ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1, 2, 3, 4, 5, 6, 8-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысандары;
техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына және үлгілік оқу жоспарына сәйкес оқытудың толық кезеңін қамтитын мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленген, сұратылып отырған мамандықтың оқу жұмыс жоспарының электрондық көшірмелері;
сұратылып отырған мамандыққа немесе біліктілікке сәйкес оқытудың толық кезеңін қамтитын практикадан өткізу базалары ретінде айқындалған ұйымдармен жасалған шарттардың электрондық көшірмелері;
ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1, 2, 3, 4, 5, 6, 8-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысандары;
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына және үлгілік оқу жоспарына сәйкес оқытудың толық кезеңін қамтитын мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленген сұратылып отырған мамандықтың оқу жұмыс жоспарының электрондық көшірмелері;
сұратылып отырған мамандыққа немесе біліктілікке сәйкес оқытудың толық оқу кезеңін қамтитын практикадан өткізу базалары ретінде айқындалған ұйымдармен жасалған шарттардың электрондық көшірмелері;
ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
діни білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1, 2, 3, 4, 5, 6, 8-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысандары;
әзірленген және білім беру ұйымының басшысы бекіткен білім беру бағдарламаларының және оқу жоспарларының электрондық көшірмелері;
діни қызметі саласындағы уәкілетті органдарының оқу әдебиеті қорына берілген дінтану сараптамасының оң қорытындысының электрондық көшірмесі;
ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
діни қызметі саласындағы уәкілетті органдарының қорытынды хатының электрондық көшірмесі;
жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1, 2, 3, 4, 5, 6, 8, 10, 13-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысандары;
жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес оқытудың толық кезеңіне әзірленген сұратылып отырған кадрларды даярлау бағыты бойынша білім беру бағдарламасының, жұмыс жоспарының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық көшірмелері;
оқытудың толық кезеңін қамтитын сұратылып отырған кадрларды даярлау бағыты бойынша білім беру бағдарламаға сәйкес практикадан өткізу базалары ретінде айқындалған ұйымдармен және стратегиялық әріптестік туралы жасалған шарттардың электрондық көшірмелері;
ғимараттарға (оқу корпусына) және клиникаға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
«магистр» дәрежесін бере отырып жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының және ғылыми ұйымдардың қызметі үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1, 3, 4, 5, 6, 9, 13, 14-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысандары;
жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес оқытудың толық кезеңіне әзірленген сұратылып отырған кадрларды даярлау бағыты бойынша білім беру бағдарламасының, оқу жұмыс жоспарының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық көшірмелері;
білім беру немесе ғылыми немесе ғылыми-білім беру ұйымдарымен немесе ғылыми-өндірістік орталықтармен оқытудың толық кезеңін қамтитын ынтымақтастық туралы келісімдердің электрондық көшірмелері;
оқытудың толық кезеңін қамтитын Техникалық ерекшеліктер мен Жұмыстардың күнтізбелік жоспарымен қоса ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуге арналған ұйымдармен және кәсіпорындармен шарттардың электрондық көшірмелері;
ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
практикадан өткізу базалары ретінде айқындалған, оқытудың толық кезеңін қамтитын оның ішінде ғылыми тағылымдамадан өтетін ұйымдармен шарттардың электрондық көшірмелері;
жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білімнің білім беру бағдарламаларын (резидентура) іске асыратын білім беру ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың қызметі үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3, 4, 5, 6, 13, 14-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысандары;
жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес оқытудың толық кезеңіне әзірленген сұратылып отырған кадрларды даярлау бағыты бойынша білім беру бағдарламасының клиникалық мамандықтар бойынша оқу жұмыс жоспарының электрондық көшірмелері;
практика базасы ретінде айқындалған ұйымдармен және стратегиялық әріптестік туралы жасалған оқытудың кезеңін қамтитын шарттардың электрондық көшірмелері;
ғимараттарға және клиникаға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты философия докторы (PhD) және бейіні бойынша доктор дәрежесін бере отырып, жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1, 3, 4, 5, 6, 13, 14-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысандары;
жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес оқытудың толық кезеңіне әзірленген сұратылып отырған кадрларды даярлау бағыты бойынша білім беру бағдарламасының, оқу жұмыс жоспарының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық көшірмелері;
ғылыми алмасу мәселелерін регламенттейтін келісімдердің электрондық көшірмелері;
ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
философия докторы (PhD) және бейіні бойынша доктор дәрежесін бере отырып, жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1, 3, 4, 5, 6, 9, 13, 14-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысандары;
жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес оқытудың толық кезеңіне әзірленген сұратылып отырған кадрларды даярлау бағыты бойынша білім беру бағдарламасының, оқу жұмыс жоспарының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық көшірмелері;
оқытудың толық кезеңін қамтитын Техникалық ерекшеліктер мен Жұмыстардың күнтізбелік жоспарымен қоса ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуге арналған ұйымдармен және кәсіпорындармен шарттардың электрондық көшірмелері;
оқытудың толық кезеңін қамтитын аккредиттелген шетелдік жоғары оқу орындарымен ғылыми алмасу туралы шарттардың электрондық көшірмелері;
сұратылып отырған кадрларды даярлау бағытына сәйкес шетелдік жоғары оқу орнының бағдарламаларын аккредиттеу туралы куәліктің электрондық көшірмелері;
оқытудың толық кезеңін қамтитын сұратылып отырған кадрларды даярлау бағытына сәйкес практика базалары ретінде айқындалған ұйымдармен жасалған шарттардың және шетелдік тағылымдамадан өтуге арналған шарттардың электрондық көшірмелері;
зертханалардың аккредиттеу туралы куәліктерінің электрондық көшірмелері немесе осы зертханалармен жасалған шарттардың электрондық көшірмелері;
плагиатқа тексерудің компьютерлік бағдарламасының бар екенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
3) лицензияға қосымшаларды алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мәліметтер нысаны мен электрондық құжаттар.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын көрсетілетін қызметті алушылар өздері үшін жаңа біліктіліктер бойынша лицензияға қосымшаны алған кезде порталда құжаттарды беру Министрліктің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің аумақтық білім саласындағы бақылау департаменттерін көрсете отырып, сұратылатын әр біліктілік бойынша жеке жүргізіледі.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын көрсетілетін қызметті алушылар өздері үшін жаңа кадрларды даярлау бағыты бойынша лицензияға қосымшаны алған кезде порталда құжаттарды беру Министрліктің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетін көрсете отырып, сұратылатын әр мамандық бойынша жеке жүргізіледі.»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі»;
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық
нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын
өзге де талаптар»;
1, 2, 6, 8, 9, 13, 14-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын,
7, 11, 12, 15-қосымшалар алынып тасталсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электронды түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2019 жылғы 25 қаңтардағы
№ 36 бұйрығына
1-қосымша
«Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
Нысан
Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы
мәліметтер

Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (болған жағ­дай­да)
Ту­ған жы­лы мен же­рі
Жо­ға­ры және/неме­се тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік, ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лі­мі ту­ра­лы мә­лі­мет, ма­ман ды­ғы, ди­плом бой­ын­ша бі­лік­ті­лі­гі, бі­тір­ген жы­лы
Негіз­гі жұ­мыс ор­ны (ұй­ым ның ме­кен жайы)
Қо­сым­ша жұ­мыс ор­ны
(қо­са ат­қа­ру)
Сот­тал­ма­ғанды­ғы (сот­тал­ғанды­ғы) ту­ра­лы мә­лі­мет*
Са­на­ты, бе­рі­л­ген кү­ні, са­нат бе­рі­л­ге­ні ту­ра­лы бұй­рық­тың нө­мі­рі*
Дә­рі­гер­лік ба­қы­ла­удан өт­ке­ні ту­ра­лы мә­лі­мет (са­ни­тар­лық кі­тап­тың бо­луы)*
Ма­гистр дә­ре­же­сі ту­ра­лы мә­лі­мет (ма­манды­ғы, бе­рі­л­ген жы­лы)*
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
кестенің жалғасы
«Фи­ло­со­фия док­то­ры (РhD)» неме­се «бей­і­ні бой­ын­ша док­тор» ака­де­ми­я­лық дә­ре­же­сі ту­ра­лы мә­лі­мет, ма­манды­ғы, бе­рі­л­ген жы­лы
«Бей­і­ні бой­ын­ша док­тор» неме­се «фи­ло­со­фия док­то­ры (РhD)» дә­ре­же­ле­рі ту­ра­лы мә­лі­мет, ма­манды­ғы, бе­рі­л­ген жы­лы
«Ғы­лым кан­ди­да­ты» неме­се «ғы­лым док­то­ры» неме­се «фи­ло­со­фия док­то­ры (РhD)» неме­се «бей­і­ні бой­ын­ша док­тор» ғы­лы­ми дә­ре­же­ле­рі ту­ра­лы мә­лі­мет, ма­манды­ғы, бе­рі­л­ген жы­лы
«Қа­уым­да­сты­ры­л­ған про­фес­сор (до­цент)» неме­се «про­фес­сор» ғы­лы­ми атақ­та­ры ту­ра­лы мә­лі­мет, ма­манды­ғы, бе­рі­л­ген жы­лы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік ма­ра­пат­та­ры мен құр­мет­ті атақ­та­ры, «Ең­бек сiңiр­ген жат­тық­ты­ру­шы» спорт­тық атақ­та­ры неме­се жо­ға­ры мен бі­рін­ші дә­рі­гер­лік са­на­ты ту­ра­лы мә­лі­мет, бе­рі­л­ген жы­лы
Та­ну/ но­стри­фи­ка­ци­я­лау ту­ра­лы ку­ә­лік­тің бо­луы ту­ра­лы мә­лі­мет (бар болған жағ­дай­да)
Оқы­та­тын пәні
11
12
13
14
15
16
17
Білім беру ұйымының басшысы _________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Ескертпе* бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін

2 Оқу және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2019 жылғы 25 қаңтардағы
№ 36 бұйрығына
2-қосымша
«Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
Нысан
Оқу және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы
мәліметтер
Р/с №
Кә­сіп, кадр­лар­ды да­яр­лау ба­ғы­ты бой­ын­ша оқу пәні, қыз­мет тү­рі, оқы­ту және тәр­би­е­леу бағ­дар­ла­ма­сы­ның бө­лі­мі
Пән­ді оқи­тын бі­лім алушы­лар­дың са­ны (бо­лжам­ды жи­нақ­та­луы)
Оқу әде­би­е­ті (ата­уы, ба­сы­лып шық­қан жы­лы, ав­тор­ла­ры)
Оқу-әді­сте­ме­лік, ғы­лы­ми әде­би­ет­тер (ата­уы, ба­сы­лып шық­қан жы­лы, ав­тор­ла­ры)*
Са­ны ке­мін­де 1 да­на
1
2
3
4
5
6
Бар­лы­ғы:
Білім беру ұйымының басшысы _________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Ескертпе* техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін толтырылады

3 Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз етуі, оның ішінде компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің және техникалық оқу құралдарының болуы туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2019 жылғы 25 қаңтардағы
№ 36 бұйрығына
3-қосымша
«Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
6-қосымша
Нысан
Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз етуі, оның ішінде компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің және техникалық оқу құралдарының болуы туралы
мәліметтер
Жал­пы және пай­да­лы ала­ңы­ның ауда­ны (м2) көр­се­ті­л­ген ғи­ма­рат­тың (құ­ры­лы­стың) нақ­ты ме­кен­жайы
Жа­рақ­тан­ды­ры­луы ту­ра­лы мәле­мет­тер
Ата­уы мен ауда­ны көр­се­ті­л­ген ауди­то­ри­я­лар, пән ка­би­нет­те­рі*
Оқу-өн­ді­рі­стік ше­бер­ха­на­лар, оқу-тә­жі­ри­бе­лік учас­ке­лер, оқу ша­ру­а­шы­лык­та­ры, оқу по­ли­гон­да­ры*
Ата­уы көр­се­ті­л­ген оқу зерт­ха­на­ла­ры* (м2)
Тү­рі, са­ны, шы­ға­ры­лым кү­ні көр­се­ті­л­ген оқу және оқу-зерт­ха­на жаб­дық­та­ры­ның, тех­ни­ка­лық оқу құ­рал­да­ры­ның тіз­бе­сі
Мә­жі­ліс за­лы, спорт за­лы (м2)
Ком­пью­тер­лер­дің жал­пы са­ны көр­се­ті­л­ген ком­пью­тер­лік сы­нып­тар
Кі­та­п­ха­на
Кадр­лар­ды да­яр­ла­удың ме­ди­ци­на­лық ба­ғы­ты бой­ын­ша «Кли­ни­ка­ға дей­ін­гі си­му­ля­ци­я­лық ка­би­нет­тер»*
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Білім беру ұйымының басшысы _________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Ескертпе* техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін ақпарат сұратылып отырған кадрларды даярлау бағыты бойынша немесе біліктілік бөлінісінде беріледі

4 Цифрлық тасымалдағыштардағы оқу және ғылыми әдебиеттердің болуы туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2019 жылғы 25 қаңтардағы
№ 36 бұйрығына
4-қосымша
«Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
8-қосымша
Нысан
Цифрлық тасымалдағыштардағы оқу және ғылыми әдебиеттердің болуы туралы
мәліметтер
Р/с №
Кә­сіп, кадр­лар­ды да­яр­лау ба­ғы­ты бой­ын­ша оқу пәні
Ата­уы, жа­сал­ған жы­лы
Ав­тор­ла­ры
1
2
3
4
Білім беру ұйымының басшысы _________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

5 Лицензияланатын кадрларды даярлау бағытына сәйкес алдыңғы деңгей бойынша лицензияның болуы туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2019 жылғы 25 қаңтардағы
№ 36 бұйрығына
5-қосымша
«Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
9-қосымша
Нысан
Лицензияланатын кадрларды даярлау бағытына сәйкес алдыңғы деңгей бойынша лицензияның болуы туралы
мәліметтер
Р/ с №
Ба­ка­лаври­ат кадр­лар­ды да­яр­лау ба­ғы­ты­ның ата­уы
Ли­цен­зи­я­ның нө­мі­рі, бе­рі­л­ген кү­ні
Ма­ги­стра­ту­ра кадр­лар­ды да­яр­лау ба­ғы­ты­ның ата­уы*
Ли­цен­зи­я­ның нө­мі­рі, бе­рі­л­ген кү­ні
1
2
3
4
5
Білім беру ұйымының басшысы _________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдай (қолы)
Ескертпе* «Философия докторы (PhD)» және «бейіні бойынша доктор» дәрежесін бере отырып, жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін, ақпарат сұратылып отырған кадрларды даярлау бағытының бөлінісінде беріледі

6 Жұмыс өтілі, ғылыми жарияланымдары мен оқулығы немесе оқу құралы көрсетілген тиісті кадрларды даярлау бағыты бойынша ғылыми жетекшілікті жүзеге асыратын ғылыми жетекшілер туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2019 жылғы 25 қаңтардағы
№ 36 бұйрығына
6-қосымша
«Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
13-қосымша
Нысан
Жұмыс өтілі, ғылыми жарияланымдары мен оқулығы немесе оқу құралы көрсетілген тиісті кадрларды даярлау бағыты бойынша ғылыми жетекшілікті жүзеге асыратын ғылыми жетекшілер туралы
мәліметтер
Р/с №
Ғы­лы­ми же­тек­ші­нің те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са)
Бі­лі­мі ту­ра­лы ақ­па­рат («ғы­лым кан­ди­да­ты» және/неме­се «ғы­лым док­то­ры» ғы­лы­ми дә­ре­же­сі­нің және/неме­се «бей­і­ні бой­ын­ша док­тор» және/неме­се «фи­ло­со­фия док­то­ры (РhD)» дә­ре­же­сі­нің бо­луы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер, ре­зи­ден­ту­ра­ны бі­тір­ге­ні ту­ра­лы мә­лі­мет­тер)
Жұ­мыс өті­лі (ғы­лы­ми-пе­да­го­ги­ка­лық, кли­ни­ка­лық)
Жа­ри­я­ла­ным­дар тіз­бе­сі
Оқулық неме­се оқу құ­ра­лы­ның ата­уы
отан­дық мер­зім­ді ба­сы­лым­дар­да
ше­тел­дік мер­зім­ді ба­сы­лым­дар­да
ха­лы­қа­ра­лық кон­фе­рен­ция ең­бек­те­рін­де
1
2
3
4
5
6
7
8
Білім беру ұйымының басшысы _________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

7 Мамандандырылған ғылыми-техникалық, ғылыми-әдістемелік, клиникалық, эксперименталдық базалардың болуы туралы мәліметтер*

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2019 жылғы 25 қаңтардағы
№ 36 бұйрығына
7-қосымша
«Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
14-қосымша
Нысан
Мамандандырылған ғылыми-техникалық, ғылыми-әдістемелік, клиникалық, эксперименталдық базалардың болуы туралы
мәліметтер*
Ғы­лы­ми-зерт­теу ин­сти­ту­ты­ның, кли­ни­ка­лық ба­за­сы­ның, ғы­лы­ми зерт­ха­на­сы­ның, тех­ни­ка­лық пар­кі­нің, биз­нес-ин­ку­ба­то­ры­ның бо­луы (қа­жет­ті­сін таң­дау)
Ор­на­лас­қан ме­кен­жайы
Мен­шік құқы­ғын­да неме­се шарт негі­зін­де
Ес­керт­пе (ба­за­ның қыз­ме­ті ту­ра­лы қы­сқа­ша ақ­па­рат)
1
2
3
4
Білім беру ұйымының басшысы _________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Ескертпе* ақпарат сұратылып отырған кадрларды даярлау бағытының бөлінісінде беріледі

Қолданыстағы