О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 15 апреля 2015 года № 205 "Об утверждении стандарта государственной услуги "Проведение государственной научно-технической экспертизы"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 15 апреля 2015 года № 205 "Об утверждении стандарта государственной услуги "Проведение государственной научно-технической экспертизы"
- Атауы (қаз.)
- "Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 205 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 620
- Қабылданған күні
- 02.11.2015
- Көрсетілген редакция
- 04.06.2020 98386_467639.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.06.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500012810
- ЭКБ идентификаторы
- 98386
- Редакция идентификаторы
- 98386_467639
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:47
0 «Мемлекеттік ғылыми-техникалық
сараптама өткізу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартын
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым Министрінің
2015 жылғы 15 сәуірдегі № 205 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 205 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11077 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 12 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қызметті «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Конкурстық құжаттама мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен гранттық қаржыландыру конкурсының талаптарына сәйкес келген жағдайда мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамаға өтініштер қабылдауды көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Жұмыс кестесі:
көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбімен жұма аралығында, сағат 13:00-де 14:30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.»;
12-тармақтың 2)-тармақшасы алынып тасталсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (С.Н. Нүсіпов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарымда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы С.Н. Нүсіповке жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика Министрі
Досаев Е.А. __________________
07 желтоқсанда 2015 жылғы