Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в нормативное постановление Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета от 15 декабря 2015 года № 22-НҚ «Об утверждении Правил сертификации лиц, претендующих на присвоение квалификации государственного аудитора»

Қаулы · № 7-НҚ · қабылданған 31.07.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-2015-no-22-ekb-114346/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в нормативное постановление Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета от 15 декабря 2015 года № 22-НҚ «Об утверждении Правил сертификации лиц, претендующих на присвоение квалификации государственного аудитора» Қолданыста Қаулы ·№ 7-НҚ ·31.07.2017
31.07.2017 редакциясы
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.07.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в нормативное постановление Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета от 15 декабря 2015 года № 22-НҚ «Об утверждении Правил сертификации лиц, претендующих на присвоение квалификации государственного аудитора»

Қолданыста Қаулы ·№ 7-НҚ · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в нормативное постановление Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета от 15 декабря 2015 года № 22-НҚ «Об утверждении Правил сертификации лиц, претендующих на присвоение квалификации государственного аудитора»
Атауы (қаз.)
«Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 22-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
7-НҚ
Қабылданған күні
31.07.2017
Көрсетілген редакция
31.07.2017 114346_222249.kaz
Соңғы өзгеріс
31.07.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700015582
ЭКБ идентификаторы
114346
Редакция идентификаторы
114346_222249
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 04:16

0 «Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 22-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңының 39-бабының 5-тармағына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 22-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12720 болып тіркелген, 2016 жылғы 13 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларында:
45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«45. Кандидаттар әңгімелесуден өту үшін Ұлттық комиссияның жұмыс органына қолма-қол немесе пошта арқылы мына құжаттарды ұсынады:
1) кандидат үміт білдірген санатты (саланы) көрсете отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке куәліктің көшірмесі;
3) жоғары білімінің бар екенін растайтын құжаттың көшірмесі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (еңбек өтілі бар адамдар үшін), ал мемлекеттік қызметшілер үшін – «Мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 14 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14436 болып тіркелген) сәйкес ресімделген қызметтік тізім;
5) бухгалтерлік есеп, аудит және қаржы саласында ұлттық немесе халықаралық кәсіби біліктіліктің берілгені туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);
6) саяси мемлекеттік қызметшілерді және Мемлекеттік аудитор біліктілігін беруге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелерін қоспағанда, білімін растау жөніндегі құжаттың көшірмесі;
7) жеке деректерінің өзгергенін растайтын құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);
8) 3х4 сантиметр мөлшеріндегі фотосурет.
Осы тармақтың 2) - 6) тармақшаларында көзделген құжаттар персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) мөрімен (мөртабанымен) куәландырылған немесе нотариалды куәландырылған нысанда ұсынылады.»;
мынадай мазмұндағы 57-1 тармақпен толықтырылсын:
«57-1. Мемлекеттік аудитор біліктілігін беруден бас тартылған кандидат Ұлттық комиссия отырысының хаттамасына қол қойылған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін Ұлттық комиссияда қайтадан әңгімелесуден өтуге құқылы.»;
мынадай мазмұндағы 5-параграфпен толықтырылсын:
«5-параграф. Мемлекеттік аудитор сертификатының телнұсқаларын қайта ресімдеу және беру
60. Мемлекеттік аудитор сертификатын жоғалтқан, бүлдіріп алған кезде мемлекеттік аудитор оның телнұсқасын алуға құқығы бар.
Жоғалған, бүлінген мемлекеттік аудитор сертификаттары мемлекеттік аудитордың Ұлттық комиссияның жұмыс органына тиісті жазбаша өтінішін берген күннен бастап жарамсыз деп саналады.
61. Мемлекеттік аудитор сертификаты мемлекеттік аудитордың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгерген жағдайларда қайта ресімдеуге жатады. Қайта ресімдеу туралы өтінішті мемлекеттік аудитор тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда) ауыстырудың мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттармен қоса береді.»;
Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларына 1-қосымша осы нормативтік қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Заң бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы нормативтік қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) осы нормативтік қаулының Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына жүктелсін.

4 4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі _______________ Б. Сұлтанов
2017 жылғы «___ » __________

0 Республикалық бюджеттің

атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің
2017 жылғы 31 шілдедегі № 7-НҚ
нормативтік қаулысына қосымша
Мемлекеттік аудитор біліктілігін
иеленуге үміткер адамдарды
сертификаттау қағидаларына
1-қосымша
нысан
Мемлекеттік аудитор біліктілігін
беруге үміткер адамдарды
сертификаттау жөніндегі ұлттық
комиссия _____________________
__________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты,
әкесінің аты (болған жағдайда))
ӨТІНІШ
«________________________________» біліктілігін иеленуге әңгімелесуге рұқсат
беруіңізді сұраймын.
Үйінің мекенжайы, үйінің және ұялы телефондарының № ________________________
____________________________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы: _______________________________________________
Осы өтінішке мыналарды қоса беріп отырмын:
☑ («белгімен» көрсету)
☐ жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
☐ жоғары білімінің бар екенін растайтын құжаттың көшірмесі;
☐ еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (еңбек өтілі бар адамдар үшін),
ал мемлекеттік қызметшілер үшін – «Мемлекеттік қызметшінің қызметтік
тізімінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет
істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының
2016 жылғы 21 қазандағы № 14 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді
мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14436 болып тіркелген) сәйкес ресімделген
қызметтік тізім;
☐ бухгалтерлік есеп, аудит және қаржы саласында ұлттық немесе халықаралық
кәсіби біліктіліктің берілгені туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);
☐ саяси мемлекеттік қызметшілерді және Мемлекеттік аудитор біліктілігін
беруге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелерін
қоспағанда, білімін растау жөніндегі құжаттың көшірмесі;
☐ жеке деректерінің өзгергенін растайтын құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);
☐ 3х4 мөлшеріндегі фотосурет (жеке іске).
Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды
сертификаттау қағидаларымен таныстым және олармен келісемін.
Ұсынылған құжаттардың түпнұсқалылығына және олардағы
мәліметтердің анықтығына жауап беремін.
Толтырылған күні: 20___ж. «_____» ___________ ________________
(қолы)

Қолданыстағы