О внесении изменений в нормативное постановление Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета от 15 декабря 2015 года № 22-НҚ «Об утверждении Правил сертификации лиц, претендующих на присвоение квалификации государственного аудитора»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в нормативное постановление Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета от 15 декабря 2015 года № 22-НҚ «Об утверждении Правил сертификации лиц, претендующих на присвоение квалификации государственного аудитора»
- Атауы (қаз.)
- «Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 22-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 3-НҚ
- Қабылданған күні
- 24.03.2022
- Көрсетілген редакция
- 24.03.2022 165694_565756.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.03.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200027257
- ЭКБ идентификаторы
- 165694
- Редакция идентификаторы
- 165694_565756
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 02:58
0 «Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 22-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 22-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12720 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларында:
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«28. Кандидаттың мемлекеттік аудитор біліктілігіне алған білімін растау туралы құжаты оның білімін растау туралы құжат берілген күннен бастап әңгімелесуге жіберу туралы өтініш берген күнге дейін екі жыл ішінде Ұлттық комиссияда одан әрі әңгімелесуден өтуі үшін негіз болып табылады.»;
60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«60. Әңгімелесу нәтижелері бойынша тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор біліктілігін беруден бас тартылған кандидат Ұлттық комиссияның шешімі қабылданған күннен бастап үш айдан кейін Ұлттық комиссияда қайтадан әңгімелесуге құжаттарын (бірақ жылына екі реттен көп емес) тапсырады.».
2 2. Есеп комитетінің Сертификаттау және ұйымдастыру жұмысы бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы нормативтік қаулының Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына жүктелсін.
4 4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі