О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 апреля 2015 года № 241 "О распределении и Правилах использования средств целевого трансферта из Национального фонда Республики Казахстан на реализацию проектов по содействию устойчивому развитию и росту Республики Казахстан, осуществляемых совместно с международными финансовыми организациями в рамках рамочных соглашений о партнерстве"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 апреля 2015 года № 241 "О распределении и Правилах использования средств целевого трансферта из Национального фонда Республики Казахстан на реализацию проектов по содействию устойчивому развитию и росту Республики Казахстан, осуществляемых совместно с международными финансовыми организациями в рамках рамочных соглашений о партнерстве"
- Атауы (қаз.)
- "Әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферт қаражатын бөлу және пайдалану қағидалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 241 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1005
- Қабылданған күні
- 11.12.2015
- Көрсетілген редакция
- 11.12.2015 96281_81693.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1500001005
- ЭКБ идентификаторы
- 96281
- Редакция идентификаторы
- 96281_81693
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:05
0
«Әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферт қаражатын бөлу және пайдалану қағидалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 241 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферт қаражатын бөлу және пайдалану қағидалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 241 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015 жылға нысаналы трансферт қаражатын бөлу осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.
3 Әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015 жылға нысаналы трансферт қаражатын бөлу
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1005 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 15 сәуірдегі
№ 241 қаулысымен
бекітілген
Әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015 жылға нысаналы трансферт қаражатын бөлу
Р/с
№
Жобаның атауы
Қаржыландыру көлемі,
мың теңге
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі
Халықаралық қаржы
ұйымы
1
2
3
4
5
1. ХҚҰ-дан үкіметтік қарыз тарту арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуге
1.
Орталық – Оңтүстік «Астана – Қарағанды – Балқаш – Күрті – Қапшағай – Алматы» дәлізін реконструкциялау, «Қарағанды –
Бурылбайтал» учаскесі
169 633
ИДМ
ДБ
2.
«Орталық – Батыс» дәлізін реконструкциялау
134 589
ИДМ
ДБ
3.
«Ресей Федерациясының шекарасы (Орскіге) – Ақтөбе – Атырау – Ресей Федерациясының шекарасы (Астраханьға)» автомобиль жолын реконструкциялау, «Атырау –
Астрахань» учаскесі
56 087
ИДМ
ИДБ
2. ХҚҰ-мен ынтымақтастық бағдарламалары шеңберінде үкіметтік қарыз жобаларын және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобаларды дайындауға және сүйемелдеуге
1.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ЕҚДБ арасындағы техникалық ынтымақтастық бағдарламасы шеңберінде квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қарыз беру жөніндегі жобаларды дайындауға және сүйемелдеуге
3 173 455
ҰЭМ
ЕҚДБ
1
2
3
4
5
2.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен АДБ арасындағы техникалық ынтымақтастық бағдарламасы шеңберіндегі үкіметтік қарыз жобаларын дайындауға және сүйемелдеуге
375 000
ҰЭМ
АДБ
3. ХҚҰ-дан сыртқы үкіметтік қарыз тарту арқылы іске асырылатын бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға
1.
Өскемен қаласының қоршаған ортасын қалпына келтіру
267 623
АШМ
ДБ
2.
«Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру» жобасының 2-фазасы
692 126
АШМ
ДБ
4. ХҚҰ-дан байланысты гранттар тарту арқылы жүзеге асырылатын техникалық көмек іс-шараларын іске асыруға
1.
ЕҚДБ-ның Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі бағдарламасын іске асыру
1 063 986
ҰЭМ
ЕҚДБ
2.
Шағын бизнесті қолдау бағдарламасының шеңберінде «Бизнестегі әйелдер» кіші бағдарламасын іске асыру
1 525 672
ҰЭМ
ЕҚДБ
3.
«Қазақстан Республикасында құрамында тұтқыр органикалық ластағыштар бар қалдықтарды жою» жобасы
5 705
ЭМ
ДБ
5. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталын ұлғайтуға берілетін нысаналы даму трансферттері
Қызылорда облысы
472 035
ҰЭМ
ЕҚДБ
1.
Қызылорда қаласын сумен жабдықтау және су бұру жүйесін салу мен реконструкциялау
315 039
ҰЭМ
ЕҚДБ
2.
Қызылорда қаласын жылумен жабдықтау жүйесін салу және реконструкциялау
156 996
ҰЭМ
ЕҚДБ
6. ХҚҰ тарту арқылы концессиялық жобаларды дайындауға
1.
«Үлкен Алматы айналма автомобиль жолын (ҮАААЖ) салу және пайдалануға беру» концессиялық жобасын консалтингтік сүйемелдеу
64 089
ИДМ
ДБ
Барлығы
8 000 000