О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 15 апреля 2015 года № 285 «Об утверждении Правил учета потребления озоноразрушающих веществ»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 15 апреля 2015 года № 285 «Об утверждении Правил учета потребления озоноразрушающих веществ»
- Атауы (қаз.)
- "Озонды бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 285 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 491
- Қабылданған күні
- 15.11.2016
- Көрсетілген редакция
- 04.08.2021 108107_534009.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.08.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1600014516
- ЭКБ идентификаторы
- 108107
- Редакция идентификаторы
- 108107_534009
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:17
0 «Озонды бұзатын заттарды
тұтынуды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 285 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Озонды бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 285 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11067 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 маусымда «Әділет» ақпараттық–құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Озонды бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Қағидалар құрамында ОБЗ бар өнім, жабдық және қалдықтар меншігінде немесе өзге де заңды пайдалануында бар, сондай-ақ ОБЗ өндірумен, ОБЗ әкелумен және әкетумен, ОБЗ пайдалана отырып жұмыстарды жүргізумен, құрамында ОБЗ бар жабдықты жөндеумен, монтаждаумен, қызмет көрсетумен айналысатын заңды тұлғаларға және дара кәсіпкерлерге қолданылады.
Есепке алуға жататын ОБЗ тізбесі осы Қағидаларға қосымшада келтірілген.»
10-тармақ алып тасталсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Климаттың өзгеруі жөніндегі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.