О внесении изменений в решение Зерендинского районного маслихата от 15 апреля 2015 года № 36-301 «О повышении ставок земельного и единого земельного налогов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Зерендинского районного маслихата от 15 апреля 2015 года № 36-301 «О повышении ставок земельного и единого земельного налогов»
- Атауы (қаз.)
- Зеренді аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 36-301 «Жер және бірыңғай жер салықтарының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 8-66
- Қабылданған күні
- 23.12.2016
- Көрсетілген редакция
- 16.02.2018 109383_296810.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.02.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16BN005727
- ЭКБ идентификаторы
- 109383
- Редакция идентификаторы
- 109383_296810
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:42
0 Зеренді аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 36-301 «Жер және бірыңғай жер салықтарының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 386, 444 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Зеренді аудандық мәслихаттың «Жер және бірыңғай жер салықтарының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 36-301 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4797 тіркелген, 2015 жылғы 22 мамырда «Зерделі–Зеренді», «Зерен» аудандық газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырып келесі редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Зеренді ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы»;
1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. Зеренді ауданының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.».
2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Зеренді ауданының әкімі
А. Мұратұлы
2016 жылғы «23» желтоқсан