О внесении изменения и дополнения в решение маслихата города Алматы от 15 сентября 2015 года № 367 «О предоставлении льготного проезда на городском общественном транспорте (кроме такси) отдельным категориям нуждающихся граждан города Алматы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в решение маслихата города Алматы от 15 сентября 2015 года № 367 «О предоставлении льготного проезда на городском общественном транспорте (кроме такси) отдельным категориям нуждающихся граждан города Алматы»
- Атауы (қаз.)
- Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № 367 «Алматы қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жолақы жеңілдігін беру туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 11
- Қабылданған күні
- 29.01.2021
- Көрсетілген редакция
- 29.01.2021 152712_507943.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.01.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21R0001684
- ЭКБ идентификаторы
- 152712
- Редакция идентификаторы
- 152712_507943
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 09:42
0 Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № 367 «Алматы қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жолақы жеңілдігін беру туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 55-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Заңының 13-бабына сәйкес, Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № 367 «Алматы қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жолақы жеңілдігін беру туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1206 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 қазанда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған шешімнің кіріспесі келесі редакцияда мазмұндалсын:
«Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 55-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Заңының 13-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес және халықтың едәуір осал топтарын қорғау мақсатында, Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
1-тармақта:
келесі мазмұнда 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
«5) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
6) «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқасымен марапатталған көпбалалы аналар.»;
2-тармақта:
3) тармақша жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«3) Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 11-бабы 1-тармағына сәйкес зейнет жасына толған зейнеткерлерге;»;
келесі мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларды алып жүретін адамдарға.».