О внесении изменений в решение маслихата города Алматы от 15 сентября 2015 года № 367 «О предоставлении льготного проезда на городском общественном транспорте (кроме такси) отдельным категориям нуждающихся граждан города Алматы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата города Алматы от 15 сентября 2015 года № 367 «О предоставлении льготного проезда на городском общественном транспорте (кроме такси) отдельным категориям нуждающихся граждан города Алматы»
- Атауы (қаз.)
- «Алматы қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жолақы жеңілдігін беру туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № 367 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 67
- Қабылданған күні
- 01.12.2023
- Көрсетілген редакция
- 01.12.2023 189589_668796.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.12.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23R0001748
- ЭКБ идентификаторы
- 189589
- Редакция идентификаторы
- 189589_668796
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 15:14
0 «Алматы қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жолақы жеңілдігін беру туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № 367 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. «Алматы қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жолақы жеңілдігін беру туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № 367 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1206 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға және он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға;»;
1-тармақтың 6) тармақшасы алып тасталсын;
2-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) 2023 жылғы 20 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексінің 207-бабы 1-тармағына сәйкес зейнет жасына толған зейнеткерлерге;»;
2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды алып жүретін адамдарға.».