О внесении изменений в постановление акимата Акмолинской области от 15 июня 2015 года № А-6/274 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере предпринимательства
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Акмолинской области от 15 июня 2015 года № А-6/274 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере предпринимательства
- Атауы (қаз.)
- «Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 маусымдағы № А-6/274 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- А-10/413
- Қабылданған күні
- 20.09.2017
- Көрсетілген редакция
- 29.08.2019 115373_420411.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.08.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17B0006119
- ЭКБ идентификаторы
- 115373
- Редакция идентификаторы
- 115373_420411
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:51
0 «Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік
көрсетілетін қызметтер регламенттерін
бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 15 маусымдағы № А-6/274
қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1.«Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 маусымдағы № А-6/274 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4883 болып тіркелген, 2015 жылғы 29 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі бөлігінде субсидия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының хаттамасынан үзінді көшірме (бұдан әрі – Хаттама) не Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11181 болып тіркелген) бекітілген «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігіне субсидия беру туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.»;
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдіктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
1
«1. «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдіктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамымен (бұдан әрі – қаржы агенттігі, көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет:
180 миллион теңгеге (бұдан әрі – млн. теңге) дейінгі кредиттер бойынша - қаржы агенттігімен, көрсетілетін қызметті берушімен;
180 млн. теңгеден астам кредиттер бойынша – көрсетілетін қызметті берушімен көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
180 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша - қаржы агенттігінің кеңсесі, www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы;
180 млн. теңгеден астам кредиттер бойынша:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың аудандардың жергілікті атқарушы органдарының кеңсесі (бұдан әрі – бөлім) арқылы жүзеге асырылады.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
3 «3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
180 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша - қаржы агенттігінің алдын ала кепілдік хаты не Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11181 болып тіркелген) бекітілген «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігіне субсидия беру туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;
180 млн. теңгеден астам кредиттер бойынша - Өңірлік үйлестіру кенесі отырысының хаттамасынан үзіндісі (бұдан әрі – Хаттама) немесе Стандарттың 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық және қағаз түрінде.»;
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.».