О внесении изменений в постановление акимата города Жанаозен от 15 декабря 2015 года № 912 «Об организации и финансировании общественных работ на 2016 год»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата города Жанаозен от 15 декабря 2015 года № 912 «Об организации и финансировании общественных работ на 2016 год»
- Атауы (қаз.)
- Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 912 «2016 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 352
- Қабылданған күні
- 15.07.2016
- Көрсетілген редакция
- 26.09.2016 105365_162100.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.09.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16MB003118
- ЭКБ идентификаторы
- 105365
- Редакция идентификаторы
- 105365_162100
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:22
0 Жаңаөзен қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 912
«2016 жылға қоғамдық жұмыстарды
ұйымдастыру мен қаржыландыру
туралы» қаулысына өзгерістер
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Жаңаөзен қалалық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2015 жылдың 15 желтоқсандағы № 912 «2016 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылы 08 қаңтарда № 2931 тіркелген, 2016 жылы 14 қаңтардағы № 2 «Жаңаөзен» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының кіріспесі келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына сәйкес, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».
2 2. «Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы (Б. Маркашова):
осы қаулының Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н. Худибаевқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛГЕН:
«Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Б.Э.Маркашова
«15» шілде 2016 жыл