О внесении изменения в постановление акимата города Уральска от 15 апреля 2016 года № 1024 «Об утверждении схем и Правил перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах города Уральска»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата города Уральска от 15 апреля 2016 года № 1024 «Об утверждении схем и Правил перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах города Уральска»
- Атауы (қаз.)
- Орал қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 1024 «Орал қаласының шалғайдағы елді екендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 3055
- Қабылданған күні
- 13.12.2018
- Көрсетілген редакция
- 30.07.2024 127127_713595.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.07.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18ZA005439
- ЭКБ идентификаторы
- 127127
- Редакция идентификаторы
- 127127_713595
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:04
0 Орал қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 1024 «Орал қаласының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын
балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың
схемалары мен қағидаларын бекіту туралы» қаулысына
өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңдарына
сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Орал қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 1024 «Орал қаласының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен қағидаларын бекіту
туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 4406 тіркелген, 2016 жылғы 2 маусымда "Жайық үні - Жизнь города"
газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Орал қаласының шалғайдағы елдi мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретін мектептерге тасымалдаудың қағидаларында:
«2. Балаларды тасымалдау тәртiбi» деген бөлімде:
2-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Балаларды тасымалдау үшін бөлінген автокөліктердің техникалық
жай-күйі, жабдықтары Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 547 «Автомобиль көлігі құралдарын техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының талаптарына жауап беруі тиіс.».