О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 15 марта 2016 года № 134 «Об утверждении Правил ценообразования на товары, работы, услуги, производимые и реализуемые субъектом государственной монополии»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 15 марта 2016 года № 134 «Об утверждении Правил ценообразования на товары, работы, услуги, производимые и реализуемые субъектом государственной монополии»
- Атауы (қаз.)
- «Мемлекеттiк монополия субъектiсi өндiретiн және өткiзетiн тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға белгiлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 15 наурыздағы № 134 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 96
- Қабылданған күні
- 10.12.2018
- Көрсетілген редакция
- 10.12.2018 127208_379380.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.12.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1800017924
- ЭКБ идентификаторы
- 127208
- Редакция идентификаторы
- 127208_379380
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:08
0 «Мемлекеттiк монополия субъектiсi өндiретiн және өткiзетiн тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға белгiлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 15 наурыздағы № 134 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Мемлекеттiк монополия субъектiсi өндiретiн және өткiзетiн тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға белгiлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы
15 наурыздағы № 134 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13588 болып тіркелген, 2016 жылғы 19 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк монополия субъектiсi өндiретiн және өткiзетiн тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға белгiлеу қағидалары қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2 2. Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
0 Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 96 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 15 наурыздағы
№ 134 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға,
жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға белгiлеу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (бұдан әрi – Кодекс) және «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес әзiрлендi.
2 2. Осы Қағидаларды қолдану мақсатында мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1 1) баға белгiлеу – мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағаларды қалыптастыру және қарау процесi;
2
2) жария тыңдаулар – мемлекеттік монополияға жатқызылған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің баға жобасын тұтынушылардың, монополияға қарсы органның, мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктерінің, тәуелсіз сарапшылардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерін және мемлекеттік монополия субъектілерін шақыра отырып, мемлекеттік уәкілетті орган өткізетін талқылау рәсімі;
3
3) мемлекеттік монополия субъектісі (бұдан әрі – субъект) – Қазақстан Республикасының Үкiметi не Қазақстан Республикасы Үкiметiнің шешімі бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары құрған, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясын және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын қоспағанда, мемлекеттік кәсіпорын;
4 4) уәкілетті мемлекеттік орган – мемлекеттік монополияның тиісті саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган және (немесе) оның ведомствосы;
5 5) негiзделген баға – субъектiнiң негiзделген шығындарының және пайдасының негiзiнде айқындалған баға;
6 6) қайта құрылған субъект – бір қаржы жылы ішінде нақты шығындары қалыптаспаған, құрылған сәтінен бастап күнтізбелік бір жылдан кем уақытта тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндіретін және өткізетін мемлекеттік монополия субъектісі;
7 7) өзiндiк құн – субъект өндіретін және өткізетін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағасында уәкiлеттi орган ескеретiн шығындар жиынтығы.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
2 2-тарау. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу
3 3. Тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға қалыптастыру тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң әрбiр түрi бойынша шығындарды бөлек есепке алу негiзiнде жүзеге асырылады.
Субъектiде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң түрлерi бойынша шығындарды бөлек есепке алу болмаған жағдайда, субъектiнiң шығындары субъектiнiң жалпы шығындарындағы кірістердің үлес салмағы (көлемi, өндiрiстiк персоналға еңбекақы төлеуге арналған шығындар) бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi өткiзетiн субъектiнiң белгiлi бiр қызмет түрiне жататын шығындарды айқындауды көздейтiн жанама әдiстердiң негiзiнде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң түрлерi бойынша бөлiнедi.
4 4. Қайта құрылған субъектінің өндіретін және өткізетін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағаларды қалыптастыруы пайда болған нақты шығындар бойынша күнтізбелік жыл өткен соң баға сараптамасынан қайта өткен кезде жоспарланатын шығындардың негізінде жүзеге асырылады.
5
5. Субъектiнiң тауарларына, жұмыстарына, көрсетілетін қызметтерiне негiзделген баға қалыптастыру кезiнде өзіндік құнда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi өндiруге (көрсетуге) тiкелей жататын шығыстар және негiздеушi құжаттармен (шарттармен, шот-фактуралармен, қаржылық құжаттармен) расталған:
1
1) растайтын құжаттарда (шарттар, шот-фактуралар) көзделген бағаларға және материалдық ресурстардың нақты көлеміне сүйене отырып, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң бiрлiгiн шығаруға арналған шикiзат, материалдар, отын, энергия, материалдық ресурстар шығысының қолданылатын нормаларына және (немесе) материалдық ресурстардың жылдық нормаларына сүйене отырып, айқындалатын материалдық шығыстар;
2
2) оларды жүргiзу қажеттігiн құжаттамалық техникалық растау және жиынтық сметалық есептемелер, объектiлiк, жергiлiктi және ресурстық сметалар (әрбiр объект бойынша жеке) болған жағдайда, субъектiнiң негiзгi құралдар құнының өсуiне әкелмейтiн ағымдағы және күрделi жөндеуге және басқа да жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарына жiберетiн қаражаты;
3 3) шығыстарға бағытталған, бағаның шығын бөлiгiнде ескерiлмеген субсидияларды қоспағанда, бағаның шығын бөлiгiн азайтуда ескерiлетiн субъектiге мемлекеттiк бюджет қаражатынан бөлiнетiн субсидиялар;
4
4) еңбек жағдайлары үшiн еңбек заңнамасына сәйкес қосымша ақылар мен үстемеақылар төлеудi қоса алғанда, персоналға еңбекақы төлеуге жұмсалатын шығыстар бағаларды қалыптастыру кезiнде ескерiледi, бұл ретте еңбекақы төлеуге жұмсалатын шығыстарды айқындау кезiнде персоналдың (әкiмшiлiк-басқару және өндiрiстiк) нақты саны және инфляция деңгейiнiң болжамды өзгерiсiн ескере отырып, қолданыстағы бағалармен қабылданған орташа айлық жалақы есепке алынады;
5 5) субъектiнiң есепке алу саясатында көзделген әдiстi пайдалана отырып айқындалатын және негiзгi құралдар құнының ұлғаюына алып келетiн күрделi жөндеу жұмыстарын жүргiзуге жіберілетін, инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) iске асыруға арналған амортизациялық аударымдарға;
6
6) оларды тарту қажеттiгiн құжаттамалық растау, әлеуеттi өнiм берушiлердi, қызметтердi қаржыландыру және қарыз ресурстарын қайтару шарттары болған жағдайда инвестициялық жобаны iске асыруға немесе тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер өндiрiсiнде қолданылған негiзгi құралдарды сатып алуға (инвестициялық бағдарлама (жоба) болмаған жағдайда) қарыз қаражаты үшiн сыйақы төлеуге арналған шығыстар;
7 7) аудиторлық, консалтингтiк, маркетингтiк қызметтерге;
8 8) қоршаған ортаға эмиссия үшiн ақы төлеуге;
9 9) кезең шығыстарында ескерiлетiн мiндеттi сақтандыру түрлерiне, салықтарға, алымдарға және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерге арналған шығыстар ескеріледі.
6 6. Cубъектiнiң бағаларын қалыптастыру кезiнде өзiндiк құнда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi өндiруге (көрсетуге) тiкелей жатпайтын, сондай-ақ негiздеушi материалдармен (шарттар, шот-фактуралар, қаржылық құжаттар) расталмаған шығыстар, оның iшiнде:
1 1) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi өндiру (көрсету) кезiнде пайдаланылмайтын негiзгi құралдардың амортизациялық аударымдары;
2 2) ластаушы заттардың нормативтен тыс шығарындылары (тастандылары) үшiн төлемдер;
3 3) үмiтсiз борыштар;
4 4) шаруашылық шарттардың талаптарын бұзғаны үшiн айыппұлдар, өсiмпұлдар, тұрақсыздық айыбы және санкциялардың басқа да түрлерi, сот шығындары;
5 5) кірісті жасырғаны (кемiткенi) үшiн айыппұлдар мен өсiмпұлдар;
6 6) ұрлықтан келген залалдар;
7 7) қызмет көрсетушi шаруашылықтар мен учаскелер өндiрiсiне тартылмаған активтердi ұстауға арналған;
8 8) техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда, денсаулық сақтау, мектепке дейiнгi балалар ұйымдары, оқу орындары объектiлерiн ұстауға арналған;
9 9) сауықтыру лагерьлерiн, мәдениет және спорт объектiлерiн, тұрғын үй қорын ұстауға арналған;
10 10) пайызсыз несиелерді қоса алғанда, ұйым жұмыскерлерiнiң тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, бау-бақша үйлерiн сатып алуға және үй шаруашылығымен айналысуға алған несиелерiн өтеуге арналған;
11 11) мәдени-ағарту, сауықтыру және спорттық iс-шараларды өткiзуге арналған;
12 12) бау-бақша серiктестiктерiн абаттандыруға (жолдар салу, энергиямен және сумен жабдықтау, жалпы сипаттағы басқа да шығыстарды жүзеге асыру) арналған;
13 13) демеушiлiк көмек көрсетуге арналған;
14 14) ақаудан болған шығындарға арналған;
15 15) өндiрiстi вахталық ұйымдастыруды қоспағанда, субъектiлердiң персоналы үшiн пәтерлердi, тұрғын ғимараттарды және құрылыстарды, жатақханалар мен қонақ үйлердегi орындарды сатып алуға, жалдауға және ұстауға арналған;
16 16) мерейтойлар күнiне немесе жұмыскерлерге ынталандыру түрiнде берiлетiн сыйлықтарды сатып алуға арналған;
17 17) нормативтен тыс техникалық және коммерциялық шығындарға, тауар-материалдық құндылықтардың, қоймадағы қорлардың бұзылуына және жетiспеушiлiгiне, басқа өндiрiлмейтiн шығыстарға;
18 18) жұмыс қорытындылары бойынша сыйлықақы беруге және ынталандырудың басқа да нысандарына арналған;
19 19) өндiрiстiк қажеттiлiкке байланысты iс-шараларды қоспағанда, оқытатын курстарды, семинарларды, тренингтердi, лекцияларды, көрмелердi, пiкiрталастарды, ғылым мен өнер қайраткерлерiмен кездесулердi, ғылыми-техникалық конференцияларды өткiзуге және ұйымдастыруға арналған;
20 20) қоғамдық ұйымдар мен қауымдастықтарға мүшелiк жарналарға арналған;
21 21) бiлiм беру ұйымдарында оқитын жұмыскерлердiң оқу демалыстарына ақы төлеуге арналған;
22 22) кәсiби ауруларды оңалтып емдеуге байланысты шығындардан басқа, субъектiнiң қаражаты есебiнен жұмыскерлердiң және олардың балаларының емделуiне, демалуына, экскурсияларына арналған жолдамаларға ақы төлеуге арналған;
23 23) «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 2-тарауында белгіленген шегерімдерді қоспағанда, сақтандыру төлемдері (субъект өз жұмыскерлерiнiң пайдасына жасаған жеке және мүлiктi сақтандыру шарттары бойынша субъект төлеп отыратын жарналар);
24 24) жұмыскерлерге қосымша берiлген демалыстарға (2015 жылғы
23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 87-бабында көзделгеннен тыс), оның iшiнде бала тәрбиелеп отырған әйелдерге ақы төлеуге, жұмыскердiң отбасы мүшелерiне демалысты пайдаланатын жерге бару және қайту жолына ақы төлеуге арналған шығыстар;
25 25) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделгеннен басқа, субъектiнiң жұмыскерлерiне берілген жеңiлдiктер;
26 26) мектепке дейiнгi мекемелердегi, санаторийлердегi және сауықтыру лагерьлерiндегi балалардың тамақтану құнын өтеуге жұмсалатын шығыстар;
27 27) ұжымдық шартта айқындалған мақсаттар үшін кәсiптiк одақтарға аударымдар ескерiлмейдi.
7 7. Негiзделген бағаға енгiзiлетiн пайданың деңгейiн айқындау кезiнде субъектiлердiң тиiмдi жұмыс iстеуiн және дамуын қамтамасыз ететiн қаражат ескерiледi.
8 8. Кодекстің 90-6-бабының 29) тармақшасына сәйкес монополияға қарсы орган осы Қағидаларға сәйкес субъект өндіретін және өткізетін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағасына сараптама жүргiзедi.
Бағаларға сараптама жүргiзу үшiн субъектiлер мыналарды:
1 1) тауарларға, жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге мемлекеттiк монополия енгiзiлген күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрмей, баға деңгейiн растайтын негiздемелiк материалдарды қоса бере отырып, босату бағалары туралы жазбаша нысандағы ақпаратты;
2
2) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бағаларының алдағы уақытта өзгеретіні (өсетiнi және (немесе) төмендейтіні) және өзгеру (өсу және (немесе) төмендеу) себептерін растайтын, негiздейтін материалдарды қоса бере отырып, олардың өзгеруінің (өсудің және (немесе) төмендеудің) себептерi туралы жазбаша нысандағы хабарламаны кемiнде күнтiзбелiк отыз күн бұрын бередi.
Бағалардың алдағы уақытта өзгеруі (өсуі және (немесе) төмендеуі) туралы хабарламаға мыналар қоса берiледi:
1 1) өзгеру (өсу және (немесе) төмендеу) себептерiн растайтын құжаттар (шикiзат, материалдар, көрсетілетін қызметтер құнының өзгеруін (өсуін және (немесе) төмендеуін) растайтын тиiстi шарттардың көшiрмелерi);
2 2) қызметтiң әрбiр түрi бойынша бағалар жобасы;
3 3) бухгалтерлiк баланс;
4 4) пайдалар мен залалдар туралы есеп;
5 5) еңбек және жалақы жөнiндегi есеп;
6 6) өндiрiстiк-қаржы қызметi туралы есеп;
7 7) негiзгi құралдар мен материалдық емес активтердiң болуы және олардың қозғалысы;
8 8) тұтастай кәсiпорын және қызметтің әрбiр түрi бойынша жеке шығындар баптары бойынша таратып жаза отырып, бағалардың жобасын есептеу үшiн қолданылатын кірістер мен шығыстар туралы жиынтықты деректер;
9 9) еңбекақы төлеудiң қолданылып отырған жүйесi туралы мәлiметтер;
10 10) шикiзат және материалдар шығысының қолданылып отырған нормалары, жұмыскерлердiң нормативтiк саны туралы мәліметтер;
11 11) бар болған жағдайда, есепке алу саясаты;
12 12) бар болған жағдайда, инвестициялық бағдарламалар (жобалар);
13 13) ағымдағы және күрделi жөндеуге және негiзгi құралдар құнының өсуiне алып келмейтiн басқа да жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарына бағытталған шығындардың жылдық сметасы;
14 14) негiзгi құралдар құнының ұлғаюына алып келетiн күрделi жөндеу жұмыстарын жүргiзуге бағытталған шығындардың жылдық сметасы;
15 15) негiзгi құралдарды пайдалану мерзiмiн көрсете отырып, амортизациялық аударымдардың есептемелері;
16 16) өткiзудiң жоспарланған көлемiн растайтын құжаттар – ниет білдіру хаттамалары, шарттар, өндiру (жеткiзу) көлемдерiнiң есептемелерi, жобалық қуаты және оны iс жүзiнде пайдалану туралы деректер, сондай-ақ өндiрiс (жеткiзу) көлемi төмендеген жағдайда субъектiлер негiздеме ұсынады;
17 17) дебиторлық және кредиторлық берешектiң таратылып жазылуы;
18 18) жария тыңдауларды өткізу туралы хаттама.
9 9. Сараптама жүргізу мерзімі хабарлама немесе ақпарат қарауға келіп түскен сәттен бастап күнтізбелік тоқсан күннен аспайды. Сараптама жүргізудің жалпы мерзімі күнтізбелік бір жүз жиырма күннен аспайды.
10 10. Монополияға қарсы орган хабарламаны немесе ақпаратты қарау барысында монополияға қарсы орган белгілеген, бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімде мемлекеттік монополия субъектісінен шешім қабылдау үшін қажетті қосымша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды сұратады.
11 11. Қосымша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсыну кезеңінде мемлекеттік монополия субъектісі тиісті қосымша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсынғанға дейін қарау мерзімі тоқтатыла тұрады.
12 12. Монополияға қарсы орган мемлекеттік монополия субъектісі қосымша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсынғаннан кейін хабарламаны немесе ақпаратты қарауды қайта бастайды.
13 13. Сараптама жүргізу мерзімін есептеу ол қайта басталған күннен бастап жалғасады.
3 3-тарау. Мемлекеттік монополиялар субъектілерінің мемлекеттік монополияға жатқызылған тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге жария тыңдауларды өткізу тәртібі
14 14. Жария тыңдауларды өткізу қағидаттары:
1 1) жариялылық;
2 2) тұтынушылар мен мемлекеттік монополиялар субъектілері мүдделерінің теңгерімін сақтау;
3 3) мемлекеттік монополияға жатқызылған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағаларын қалыптастырудың ашықтығы.
15 15. Уәкілетті мемлекеттік орган жария тыңдауларды өткізетін күнге дейін күнтізбелік жиырма күн бұрын жария тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарландыруды өзінің интернет-ресурсында орналастырады және республикалық баспасөз басылымдарында жариялайды.
Жария тыңдаулар монополияға қарсы органға бағалардың сараптамасын жүргізу үшін хабарламаны және ақпаратты ұсынғанға дейін өткізіледі.
16 16. Алдағы болатын жария тыңдаулар туралы хабарландыру мынадай мәліметтерді:
1 1) тыңдауларды ұйымдастырушының атауы мен орналасқан орнын;
2 2) тыңдаулардың өткізілетін күні, орны мен уақытын;
3 3) мемлекеттік монополия субъектісінің атауын және олардың бағаларын бекітуге хабарлама немесе ақпарат берілген мемлекеттік монополияға жатқызылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түрлерін;
4 4) уәкілетті мемлекеттік органның және мемлекеттік монополия субъектісінің ақпарат алу мүмкін болатын байланыс телефондарын;
5 5) уәкілетті мемлекеттік органның және мемлекеттік монополия субъектісінің интернет-ресурсының мекенжайын (болған жағдайда) қамтиды.
17 17. Мемлекеттік монополия субъектісі жария тыңдауларды өткізу күні туралы ақпарат жарияланғаннан кейін жария тыңдауларға қатысушылардың талабы бойынша жазбаша түрде үш жұмыс күн ішінде:
мемлекеттік монополияға жатқызылған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің баға жобаларын;
мемлекеттік монополияға жатқызылған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағаларын көтеру себептері туралы экономикалық негізделген есептеулері бар ақпаратты береді.
18 18. Тыңдаулар алдағы болатын жария тыңдаулар туралы хабарландыруда көрсетілген үй-жайда кедергісіз кіруді қамтамасыз ету арқылы өткізіледі.
19 19. Жария тыңдаулар өткізу үшін мемлекеттік уәкілетті орган қызметкерлерінің қатарынан жария тыңдаулардың төрағасы (бұдан әрі – төраға) тағайындалады. Төраға мемлекеттік уәкілетті орган қызметкерлерінің қатарынан жария тыңдаулардың хаттамасын жүргізетін хатшыны тағайындайды.
20 20. Жария тыңдауларды өткізу процесінде жазбаша нысанда хаттама жүргізіледі.
21 21. Төраға әрбір жария тыңдауға регламент белгілейді.
22 22. Төраға белгіленген уақытта тыңдауларды ашады, олардың мақсатын және күн тәртібін жариялайды. Төраға қатысушыларды тыңдауларды өткізу регламентімен таныстырады.
23 23. Өз сөзінде мемлекеттік монополия субъектісі мемлекеттік монополияға жатқызылған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің ұсынылып отырған баға деңгейіне растаушы фото, бейне материалдарды қоса бере отырып, толық түсіндіру және негіздеме береді (болған кезде).
24 24. Төраға жария тыңдауларда сөз сөйлейтіндерге сұрақтар қояды, қаралып отырған мәселелер бойынша өз ұстанымын білдіреді, тыңдауларға қатысушының тыңдау регламентін бұзатын, сондай-ақ жария тыңдаулардың тақырыбына қатысы жоқ сөзін тоқтатады.
Жария тыңдауларды өткізу кезінде тәртіпті бұзатын адамға төраға ескерту жасайды. Тәртіпті қайта бұзған жағдайда тыңдауларға қатысып отырған адам үй-жайдан шығарылады.