О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 15 июня 2016 года № 165 «Об утверждении Требований безопасности и охраны труда в государственных архивах»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 15 июня 2016 года № 165 «Об утверждении Требований безопасности и охраны труда в государственных архивах»
- Атауы (қаз.)
- «Мемлекеттік архивтердегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 15 маусымдағы № 165 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 405
- Қабылданған күні
- 28.12.2021
- Көрсетілген редакция
- 28.12.2021 162821_556800.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.12.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100026348
- ЭКБ идентификаторы
- 162821
- Редакция идентификаторы
- 162821_556800
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 04:25
0 «Мемлекеттік архивтердегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 15 маусымдағы № 165 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Мемлекеттік архивтердегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 15 маусымдағы № 165 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14042 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік архивтердегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарында:
3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21443 болып тіркелген «Міндетті медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібі мен мерзімділігін, зертханалық және функционалдық зерттеулердің көлемін, медициналық қарсы көрсетілімдерді, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың, жұмысқа орналасқан кезде орындау кезінде міндетті алдын ала медициналық қарап-тексерулер және мерзімдік міндетті медициналық қарап-тексерулер жүргізілетін кәсіптер мен жұмыстардың тізбесін және «Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығына сәйкес жұмыскерлерді міндетті алдын ала (жұмысқа қабылдану кезінде) және мерзімдік (еңбек қызметі барысында) медициналық тексеруден өткізу және кәсіптік ауруға шалдығу белгілері танылған кезінде іс-шаралар қабылдау;»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Архивте еңбек тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) сәйкес сақталады.»;
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Жұмыскер, өндірістік құрал-жабдықпен жұмысқа кіріскенде, құрал-жабдық пен жұмыс орнын қарап шығады, құрал-жабдықтың, қосылатын құралдардың дұрыстығын, қоршаулардың бекітілуінің болуы мен беріктігін, сақтандырғыш құрылғылардың, бұғаттағыштардың жұмысын, қорғағыш жерлендірудің болуын тексереді. Құрал-жабдықтарда ақаулар анықталған жағдайда жұмыскер жұмысқа оларды реттеуші немесе электрик түзеткеннен кейін кіріседі. Ақаулар түзетілгеннен кейін құрал-жабдықтардың техникалық жағдайының журналына реттеуші немесе электрик оларды түзету туралы жазба енгізеді.»;
32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«32. Құжаттарды кез келген жеткізгіштерде ұзақ уақыт сақтау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 қыркүйектегі № 576 қаулысымен бекітілген Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архив құжаттарын мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтердің толықтыруы, сақтауы, есепке алуы мен пайдалануы қағидаларының 109-тармағына сәйкес ауаның температуралық-ылғалдылық параметрлері қолданылады.»;
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«39. Күнделікті жұмыстың басталу және аяқталу уақыты, жұмыстағы үзілістер уақыты Еңбек кодексімен, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен белгіленген тәртіпте жасалатын еңбек және ұжымдық шарттармен анықталады.».
2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3 3) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі