Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление акимата города Усть-Каменогорска от 15 сентября 2016 года № 2188 «Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности»

Қаулы · № 4402 · қабылданған 19.10.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-2016-no-2188-ekb-126068/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление акимата города Усть-Каменогорска от 15 сентября 2016 года № 2188 «Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности» Қолданыста Қаулы ·№ 4402 ·19.10.2018
19.10.2018 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.10.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление акимата города Усть-Каменогорска от 15 сентября 2016 года № 2188 «Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности»

Қолданыста Қаулы ·№ 4402 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление акимата города Усть-Каменогорска от 15 сентября 2016 года № 2188 «Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности»
Атауы (қаз.)
«Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Өскемен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 15 қыркүйектегі № 2188 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
4402
Қабылданған күні
19.10.2018
Көрсетілген редакция
19.10.2018 126068_372412.kaz
Соңғы өзгеріс
19.10.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18VA000204
ЭКБ идентификаторы
126068
Редакция идентификаторы
126068_372412
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:52

0 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Өскемен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 15 қыркүйектегі

№ 2188 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» 2016 жылғы 15 қыркүйектегі № 2188 Өскемен қаласы әкімдігінің қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4691 тіркелген, 2016 жылы 25 қазанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде, 2016 жылы 20 қазанда «Алдаспан», «Устинка» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулыға қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. «Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

1 1) аумақтық әділет органында осы қаулыны мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық нұсқада қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін жіберуді;

3 3) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы қаулының көшірмесін ресми жариялауға Өскемен қаласы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына жіберуді;

4 4) осы қаулы ресми жарияланған соң Өскемен қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Өскемен қаласы әкімінің орынбасары О.А. Булавкинаға жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Өскемен қалалық
мәслихатының хатшысы
______________ А.А. Светаш
«__»____________2018 жыл

9 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

Өскемен қаласы әкімдігінің
2018 жылғы 19 қазандағы
№ 4402 қаулысына
қосымша
Өскемен қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 2188 қаулысына
қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

1 1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мамандар лауазымдары:

1 1) басқару персоналы: коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы және басшының орынбасары;

2 2) негізгі персонал: барлық мамандықтағы дәрігерлер, фельдшер, мейірбике (мейіргер), диеталық мейірбике, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы.

2 2. Білім беру саласындағы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның мамандар лауазымдары:

1 1) басқару персоналы: басшы, басшының оқу бөлімі бойынша орынбасары, басшының тәрбие бөлімі бойынша орынбасары;

2

2) негізгі персонал: біліктілігі жоғары, орта деңгейдегі, жоғары, бірінші, екінші санатты, санатсыз мамандар: мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының барлық мамандық мұғалімдері, логопед-мұғалім, алғашқы әскери дайындықты ұйымдастырушы-оқытушысы, жетекші, тәрбиеші, әдістемелік нұсқаушысы, дене тәрбиесі нұсқаушысы, музыкалық жетекші, ұйымдастырушы педагог, педагог-психолог, әлеуметтік педагог, лаборант, логопед, хореограф, мейірбике (мейіргер).

3 3) әкімшілік персонал: кітапхана меңгерушісі, кітапханашы.

4 4) қосалқы персонал: тәрбиешінің көмекшісі.

3 3. Мәдениет саласындағы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның мамандар лауазымдары:

1 1) негізгі персонал: кітапханашы, режиссер, музыкалық жетекші, мәдени ұйымдастырушы, аккомпаниатор, хормейстер, хореограф, дыбыс операторы.

2 2) әкімшілік персонал: кітапхана меңгерушісі.

Қолданыстағы