О внесении изменений в решение Мартукского районного маслихата от 15 июля 2016 года № 30 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Мартукском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Мартукского районного маслихата от 15 июля 2016 года № 30 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Мартукском районе»
- Атауы (қаз.)
- Мәртөк аудандық мәслихатының 2016 жылғы 15 шілдедегі № 30 «Мәртөк ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 24
- Қабылданған күні
- 07.06.2021
- Көрсетілген редакция
- 02.11.2023 156566_669941.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.11.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21CH023149
- ЭКБ идентификаторы
- 156566
- Редакция идентификаторы
- 156566_669941
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 07:57
0 Мәртөк аудандық мәслихатының 2016 жылғы 15 шілдедегі № 30 «Мәртөк ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәртөк аудандық мәслихатының «Мәртөк ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 15 шілдедегі № 30 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5022 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Мәртөк ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:
2 тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«4) ең төмен күнкөрiс деңгейi – мөлшері бойынша «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық
статистика бюросының Ақтөбе облысы бойынша департаменті» республикалық
мемлекеттік мекемесі есептейтін облыстардағы мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;»;
10 тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«1) 9 мамыр - Жеңіс күніне орай:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 2 000 000 (екі миллион) теңге мөлшерiнде;
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерiнде;
Заңның күші қолданылатын басқа да адамдарға 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерiнде;
еңбек ардагерлеріне 50 000 (елу мың) теңге мөлшерiнде;»;
10 тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;
16 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«16. Атаулы күндері мен мерекелік күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей, уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша, ЖАО бекіткен тізімдері бойынша көрсетіледі.».