О внесении изменения в решение Глубоковского районного маслихата от 15 марта 2016 года № 45/4-V «О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Глубоковского районного маслихата от 15 марта 2016 года № 45/4-V «О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций»
- Атауы (қаз.)
- Глубокое аудандық мәслихатының 2016 жылғы 15 наурыздағы № 45/4-V «Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 37/7-VI
- Қабылданған күні
- 23.12.2019
- Көрсетілген редакция
- 12.06.2020 138127_467964.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.06.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19VI006478
- ЭКБ идентификаторы
- 138127
- Редакция идентификаторы
- 138127_467964
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:12
0 Глубокое аудандық мәслихатының 2016 жылғы 15 наурыздағы № 45/4-V «Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасындағы бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 10-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Глубокое аудандық мәслихатының 2016 жылғы 15 наурыздағы № 45/4-V «Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4450 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған шешімге қосымшаның 2 - тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«2. Митингілер мен жиналыстар өткізу орындары:
Глубокое ауданы, Глубокое кенті, Пирогов көшесі, № 22 үй ауданы мекенжайында орналасқан Даңқ обелискі;
Глубокое ауданы, Глубокое кенті, Попович көшесі № 4 мекенжайында орналасқан саябақ.».