Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление акимата Кызылординской области от 15 июня 2016 года № 489 "Об определении перечня должностей специалистов в области культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности"

Қаулы · № 587 · қабылданған 22.09.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-2016-no-489-ekb-106610/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление акимата Кызылординской области от 15 июня 2016 года № 489 "Об определении перечня должностей специалистов в области культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности" Қолданыста Қаулы ·№ 587 ·22.09.2016
22.09.2016 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.09.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление акимата Кызылординской области от 15 июня 2016 года № 489 "Об определении перечня должностей специалистов в области культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности"

Қолданыста Қаулы ·№ 587 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление акимата Кызылординской области от 15 июня 2016 года № 489 "Об определении перечня должностей специалистов в области культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности"
Атауы (қаз.)
"Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 маусымдағы № 489 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
587
Қабылданған күні
22.09.2016
Көрсетілген редакция
22.09.2016 106610_113729.kaz
Соңғы өзгеріс
22.09.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16L0005609
ЭКБ идентификаторы
106610
Редакция идентификаторы
106610_113729
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:43

0 «Азаматтық қызметшілер болып

табылатын және ауылдық жерде
жұмыс істейтін мәдениет
саласындағы мамандар
лауазымдарының тізбесін
айқындау туралы» Қызылорда
облысы әкімдігінің 2016 жылғы
15 маусымдағы № 489 қаулысына
өзгеріс енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 cәуірдегі Заңының 26-бабына және «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Қызылорда облысы әкімдігі қаулысының жобасына келісім беру туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 1 маусымдағы № 35 шешіміне сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 маусымдағы № 489 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5557 нөмірімен тіркелген, облыстық «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінде 2016 жылғы 16 шілдеде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р.Р. Рүстемовке жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Қызылорда облысы әкімдігінің

2016 жылғы «22» қыркүйек №587
қаулысына қосымша
Қызылорда облысы әкімдігінің
2016 жылғы 15 маусымдағы № 489
қаулысына қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын, ауылдық жерде тұратын және
жұмыс істейтін арнайы білімі бар мәдениет және өнер, архив ісі және құжаттама саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

1 1. Мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы және басшысының орынбасары (экономика, қаржы және әкімші-шаруашылық жөніндегі басшысының орынбасарларынан басқа).

2 2. Көркемдік жетекшісі; бас: қор сақтаушы, редактор, режиссер, балетмейстер, дирижер, хормейстер, суретші.

3 3. Әдеби-драмалық, режиссерлық, музыкалық, көркемдік қойылым, педагогикалық бөлімдерінің; өндірістік шеберхана, әдістемелік кабинет, қалпына келтіру шеберханасы, кітапхана, зертхана, архив қоймасының; кітапхана, музей филиалдарының меңгерушісі (басшысы); сектор басшысы.

4 4. Ғылыми қызметкерлер (бас, жетекші, аға, кіші).

5

5. Мамандар (жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ): аккомпаниатор, аккомпаниатор-концертмейстр; барлық атаудағы әртістері; музейлер қорын есепке алу архивисті; археограф (негізгі қызметтер); балетмейстер; библиограф; кітапханашы; дирижер; дыбыс режиссері; барлық атаудағы инженер (негізгі қызметтер); кинорежиссер; мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер); барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер); музыкалық жетекші; палеограф; режиссер; қоюшы-режиссер; хормейстер; қор сақтаушы; барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер); экскурсовод; археолог; режиссер ассистенті; арт-менеджер; тарихшы (негізгі қызметтер); өнертанушы; продюсер; редактор (негізгі қызметтер); хореограф; архивист; суретші-реставратор.

Қолданыстағы